22
Герман филологиясына кіріспе
6-семинар
Тақырып: Герман тілдеріндегі кірме сөздер
Қарастырылатын мәселелер:
1. Герман тілдеріне француз тілінен енген кірме сөздер.
2. Герман тілдеріне латын тілінен енген кірме сөздер.
3. Герман тілдеріне итальян тілінен енген кірме сөздер.
4. Герман тілдерінің негізгі даму кезеңдері.
5. Герман тілдеріндегі сөз таптары.
6. Гераман тілдерінің грамматикасы.
7. Дәрісте берілген терминдерге лингвистикалық сөздіктер
бойынша салғастырмалы талдау жасау.
№6 СОӨЖ
Бірінші герман мемлекеттерінің тарихы және тілдерінің тарихы
(Реферат).
13-14 ДӘрІС
Тақырыптары: Батыс герман тілдерінің ерекшеліктері.
Дауыстылардың ығысуы. Септеудің
жоғалуы
Батыс герман тілдері батыс германдықтардың тайпа тілдері нен
өрбіген, яғни ингевондар (немесе ингвеондар) (сакстар, англдар,
фриздер), иствеондар (франктар), эрмиондар (шваб-алемандар
және баварлар). Кейіннен осы
тайпалардан бірнеше ұлыстар,
содан соң ұлттар пайда болған. Б.д.д. V-VI ғғ. англдар, сакстар
және юттар Британ түбегіне қоныстанып ағылшын ұлысының
кейіннен ағылшын ұлтының қалыптасуына негіз салған. Фриздар
өздерінің жеке мемлекетін құрмаған, бірақ тілдерін сақтап қалған,
қазіргі кезде Голланд провинциясы
Фрисландияның ұлты болып
табылады, сонымен қатар Солтүстік теңізді Батыс Алманияның
кейбір Фриз түбектерін мекендейді. Ал сакстар болса, Алманияның
бір неміс ұлысын, кейіннен ұлттарының
бір құрамдас бөлігі
болып, Алманияның жоғарғы кезеңдегі неміс диалектісінің негізін
құраушы болды.
23
Герман филологиясына кіріспе
Франк, иствеондар (немесе искевондар), эрмиондар, шваб-
алемандар және баварлар неміс ұлысының, кейіннен неміс ұлтының
бір құрамдас бөлігін құрады. Солтүстік
франктар нидерланд
ұлтының дамуына негіз болды, осы тайпалардан Бельгияны
мекендейтін фламандықтар да осы тайпалардан бастамасын алған.
Сонымен Батыс герман тобы мынадай жіктемеден тұрады:
1) көне ағылшын, 2) көне фриз; 3) көне саксон, 4) төменгі кезеңнің
көне
франк тілі; 5) жоғарғы кезеңнің көне неміс тілі.
Ағылшын тілі тарихының даму кезеңдері дәстүрлі түрде
мынадай: 1) көне ағылшын кезеңі көне ескерткіштердің кезеңінен
басталған VII ғ. XI ғасырдың соңына дейінгі кезең; 2) орта ағылшын
кезеңі ХII ғ. басынан XV ғ. дейін; 3) жаңа ағылшын кезеңі XVI
ғасырдан қазіргі кезге дейінгі аралық және ерте жаңа ағылшын
кезеңі XVI ғасырдан XVII ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.
Бұл кезеңдену себебі экстралингвистикалық факторларға
(Англияның
сыртқы саясаты, экономикалық, саяси өзгерістер)
тәуелді деген болжамдар бар. Ағылшын тілінің бірінші тарихи
фонетикасы мен грамматикасының авторы Г. Суит.
Бұл кезеңге
бөлушілік морфологиялық құрылымның өзгерісімен сәйкес келеді
деген екен. Ол көне ағылшын кезеңін «толық жалғаулардың кезеңі»
десе, орта кезеңдегі ағылшын тілін «редукцияланған жалғаулардың
кезеңі» болса, ал жаңа кезеңдегі ағылшын тілі «жоғалған жалғаулар
кезеңі» деп атаған.
Достарыңызбен бөлісу: