Мадиева Г. indd


Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата23.11.2022
өлшемі1,26 Mb.
#52113
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
Герман филологиясына кіріспе

Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар 
тізімі:

руна

рунология

негіз тіл

сурет жазу

латын жазуы

готикалық хат

хронология

изоглостар
3-семинар
Тақырып: Германдықтар тарихы
Қарастырылатын мәселелер:
1. «Герман» этнонимінің этимологиясы.
2. Германдықтардың шығу тегі.
3. Герман тайпаларының жіктелімі.
4. Германдықтардың тарихи қалыптасу кезеңдері.
5. Латын әліпбиінің герман тілдеріндегі рөлі.
6. Көне германдықтардың діні, мәдениеті және наным-сенім-
дері. 
7. Дәрісте берілген терминдерге лингвистикалық сөздіктер 
бойынша салғастырмалы талдау жасау.
№1 СОӨЖ
Үндіеуропа тілдер тобының генеалогиялық топтамасының 
сызбасын сызу.


16
Герман филологиясына кіріспе
№2 СОӨЖ
Белгілі германистердің лингвистикалық концепциялары:
Я. Гримм, Ф. Бопп, Р. Раск, В. Вартбург (презентация).
IІ тақырыптық блок «Үндіеуропа және герман тілдерінің 
фонетикалық, морфологиялық, лексикалық белгілері»
7-8 ДӘрІС
Тақырыптары:  Халықтардың Ұлы жер аударуы. Герман
 
 
тілдерінің жалпы фонетикалық белгілері:
 
 
умлаут, аблаут
IV-VII ғасырлар аралығында герман тайпаларының мигра-
циясы басталды. Олар Рим империясының жеріне баса көктеп 
кіруімен байланысты болды. Бұл миграция шығыстан ғұндар-
дың, яғни түрік-монғол тайпаларының ығыстыруынан басталған 
еді. Осы кезеңде гот тайпаларының рөлі басым болды. Тациттің 
деректері бойынша, алдымен олар скандинав тайпаларының құ-
рамында болған екен. Б.з.д. III-I ғасырда Скандинав түбегінен 
Балтық теңізінің жағасына Одер мен Висла өзендерінің ортасына 
қоныстанған. Ал II ғасырда Балтық теңізінен оңтүстікке жылжып, 
III ғасырда Рим империясының шығыс шекарасына барып 
Днепрден Дунайға дейін тарайды. Осында гот тайпалары екі 
тайпаға бөлініп кетеді: висиготтар немесе вестготтар (Wisigothi
және шығыс – остготтар (Ostogothi). 
Үндіеуропа кезеңінде соңғы жылдарында дауысты дыбыстар 
фонемаларының құрамы мынандай болды: бес қысқа фонема (ĕ, ă, 
ŏ, ĭ, ŭ) және бес ұзақ дауысты фонема (ē, ā, ō, ī, ū). 
Жалпы герман тілдеріндегі фонема құрылымы мынандай 
болды: ă, ĕ, ĭ, ŭ, ал ұзақ фонемалар мыналар: ē, ō, ī, ū. 
Сапалық аблаут дегеніміз әртүрлі дауысты дыбыстардың 
алмасуы, негізінен мына дауысты дыбыстардың алмасуы ĕ, ē 
және ŏ, ō. Мысалы, ең жиі кездесетіні ĕ және ŏ алмасуы: гр. lego – 
сөйлеймін, logos – сөз, tego – жабамын, toga – киім. 
Сандық аблаут бір сапалы бірақ ұзақтылығы жағынан әр түрлі 
дауыстылардың алмасуын айтады. Бұл аблаут түрлері: қалыпты 


17
Герман филологиясына кіріспе
деңгей, ұзақтылық деңгейі, нөлдік деңгей. Мысалы, лат. sedeō – 
отырмын, sēdi – отырдым, гр. pōs – аяқ, podŏs – ілік септік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет