26
Герман филологиясына кіріспе
№9 СОӨЖ
Позициялық фонетикалық үдерістер (ағылшын, неміс тілдері
материалдары бойынша).
№10 СОӨЖ
Комбинаторлы фонетикалық үдерістер (ағылшын, неміс тілдері
материалдары бойынша).
17-18 ДӘрІС
Тақырыптары: Африкаанс тілі. Барлық деңгей
ая сын дағы осы тілдердің жалпы және
жеке белгілері. Ба тыс герман тілдері:
неміс тілі мен басқа батыс герман тіл дері
не салғастырмалы талдау жасау
Африкаанс тілі 1925 жылдан бастап Оңтүстік Африка Республи-
касының зулу, коса және ағылшын тілдерімен қатар ресми тілі
ретінде қызмет жасайды. Шамамен африкаанс тілі 6 млн. адам
үшін ана тілі ретінде қызмет жасайды. Ол көбінесе Трансваал және
Оранжевая провинциясына таралған.
Африкаанс тілі герман
тілдерінің ішінде ғана емес, сонымен
қатар үндіеуропа тілдерінің ішіндегі ең жас тіл болып табылады.
Ең алғаш 1652 жылы Нидерландының «Добрая Надежда» колония-
сында пайда болды. Ол колонияға
жан жақтан голландықтар,
немістер, француздар және тағы да басқа германдықтар әкелінген
еді. Сондықтан олар африкаанс тілін бір-бірімен қарым-қатынас
жасаудың тіліне айналдырды.
Ең алғаш осы тілде сөйлегендерді
бурлар деп атаған, ол сөз
нидерланд тілінен аударғанда
boer [bu:r] «шаруа» деген мағынаны
білдірген. Бұл тіл нидерланд тілінің оңтүстік диалектілі говорынан
негіз алған.
Неміс тілі Алманияның, Австрияның, Лихтенштейннің, Швей-
ца рия ның, Люксембургтің мемлекеттік тілі 100 млн. халықтық ана
тілі ретінде қызмет жасайды.
Неміс тілінің тарихи кезеңі көне
герман тайпаларының диа-
лек тілерінен (франк, алеман, бавар) жасалған. Көне жазба ескерт-
кіштер VII ғасырдан басталды.
27
Герман филологиясына кіріспе
Неміс тілінің тарихи кезеңдері мынадай кезеңдерден тұрады:
1) жоғарғы көне неміс тілі (VIII-XI ғғ.); 2) жоғарғы орта неміс тілі
(XI-XIV ғғ.); 3) жоғарғы жаңа неміс тілі (XIV-XVII ғғ.).
Фонетика. Дыбыстық ерекшеліктері: 1) қатты қарқын; 2) мор-
фе малардың
сөздің соңындағы қатаңдануы; 3) аффрикаттардың
болуы; 4) екпінсіз дауыстылардың жартылай ұзақтылығы.
Достарыңызбен бөлісу: