Мадина Бұршақтар түқымдасы- ньщ 120 мындай түрі бар 490 туысы бар, олардың


Гүл формуласы: Ca(5)Co1,2, (2)A(9),1G (1)



бет3/5
Дата04.11.2022
өлшемі21,37 Kb.
#47584
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сөзі

Гүл формуласы: Ca(5)Co1,2, (2)A(9),1G (1).
Жоңышқа (лат. Medicago) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа (M. falcata), көк жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 – 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп гүлді шашақ. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа – республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі және 13,7 кг қорытылатын протеин бар. Қазақстанда аудандастырылған Жоңышқа сорттары: Ертіс жоңышқасы, Қарабалық жоңышқасы, “Дархан 90”, т.б. Жоңышқа – ылғал және жылу сүйгіш дақыл. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады. Жоңышқа зиянкестері – жоңышқа сұр көбелегі, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы, жоңышқа қандаласы, т.б.; аурулары – ақұнтақ, тат кеселі. ЖОҢЫШҚА (TRIFOLIUM КЛЕВЕР) – бір және көпжылдық шөптесін өсімдік. Латынша атауы Trifolium, “үшжапырақ“ дегенді білдіреді. 300-ге жуық түрі белгілі. Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жоғарғы жапырақтарын қолданады. Жаз бойы гүлдейді. Жоңышқаның емдік қасиеті өте жоғары, оны суық тигенде, өкпе ауруына, қан тазалауға, қан аздыққа, безгек ауруларына қарсы қолданады.
Құлмақ жоңышқа (лат. Medicago lupulina) - бұршақ тұқымдасы, жоңышқа туысына жататын бір жылдық (сирек жағдайда көп жылдық) өсімдік. Биіктігі 10-60 см.
Сабағы тарамдалған, жіңішке әрі нәзік, түксіз, сыртында бездері бар.
Жапырақ серігі қандауыр жұмыртқа тәрізді, ұшына қарай сүйір, 1-3 жалпақ ұшбұрышты тісшесі болады, жоғарғы жағындағы жапырақтарының жиегі тегіс. Қысқа сағақты жапырақтары жалпақ, ұзындығы 7-15 мм, ені 3-9 мм, жұмыртқа немес ромб тәрізді, сабаққа сына тәрізді бекіген, жоғарғы жағында ойық жиекті.
Гүлшоғыры тығыз, 10-30 гүл шоғырланған, ұзындығы 2-3 см-дей болатын жіңішке сағағы бар. Гүл жапырағы баспа-біз тәрізді, гүл сағағынан қысқалау. Тостағаншасы жалпақ, қоңырау тәрізді, таспа-қандауыр тәрізді үшкір тісшелері бар. Күлтесі сары, ұзындығы 1-3 мм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет