1.2
Ұлттық классикалық пьесаларды интерпретациялаудағы
дәстүр мен жаңашылдық
Қазақ ұлттық драматургиясының қайнар көзі – Ж.Аймауытов, М.Әуезов,
Ғ.Мүсіреповтер есімімен тығыз байланысты. Қазақ театр өнерінің болмыс-
бітімінің кәсіби тұрғыда дамуына, тіпті көркемдік бейнесін былай қойғанда,
ғылыми-әдістемелік тұрғыда келбетінің қалыптасуына аталмыш жазушы-
драматургтердің сіңірген еңбегі өлшеусіз.
Еліміздегі кез-келген театрдың репертуарынан авторлық тілі мен стилі
айқын, кейіпкерлерінің мінезіндегі характерлік бояулары қанық, әлеуметтік
шындығы басым Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов шығармалары
құрайтыны белгілі. Бұл орайда өнертану докторы, профессор М.Кнебельдің:
«Для того чтобы проникнуться стилем автора, почувствовать прелесть его
индивидуального облика, нужно театру в выборе репертуара ориентироваться
на драматургов с ярко выраженным своим лицом, со своим неповторимым
почерком, со своим собственным видением жизни; чтобы за репликами
драматургического текста проглядывал целый большой мир», - деген ойы осы
пікіріміздің айғағы [13, с. 167].
Сондықтан Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов қаламынан туған қай
туынды болмасын, барлығына биіктік пен тереңдік тән. Өмір-өнерге келген
жүздеген кейіпкерлер, алуан бейнелер - бұл күнде ұлтымыздың асыл
қазынасына айналды.
Егер өнер әлемі - дәстүрлі-нормативті тұрғыда және тәжірибелік-ізденіс
бағытында жұмыс жасайтынын ескерсек, режиссерлер талай кезеңдер
көрерменнің санасының сүзгісінен өткен туыныларды, жаңашылдық тұрғыда
пайымдап, заманауи формалармен өзгеше сөйлете бастады.
Сонымен бірге, режиссерлердің бірнеше жылдар бойы көрермен
санасының сүзгісінен өткен классикалық шығармаларды жаңа қырынан көрсете
бастауын ерекше атап өтуге болады. М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Абай»,
«Қарагөз», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан
сері - Ақтоқты» сынды классикалық қойылымдар әр кезеңдегі өзекті
мәселелермен біте қайнасып, заман үнінен сыр шертіп, театр тарихынан белгілі
болғандай көптеген сахна шеберлерінің жолын ашып, өнердегі өз
орындарының бекуіне ықпалдасты.
Бұл хақында көрнекті актер, КСРО Халық артисі, профессор А.Әшімов:
«Әуезов, Мүсірепов пьесалары талай буынды тәрбиеледі. Бұлардың пьесасы
ешқашан ортаймайтын қазына. Ондағы айтылған ой қай кезеңде де, қай
ұрпаққа, қай буынға болмасын ортақ» деп, ұлы драматургтер туындыларының
өміршеңдігін дәлелдейді [14, б. 111].
Жалпы, қазақ сахнасындағы классикалық драматургияның қойылу тарихы
туралы ұлттық театртану саласында біршама зерттеулер жүргізілді. Әсіресе,
28
Б.К.Нұрпейістің 2010 жылы «Қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен
даму кезеңдері» (1915-2005) атты докторлық диссертациясы қорғалып, ал 2014
жылы монографиясының жарық көріп, мұндағы тәуелсіздік жылдарындағы
қазақ
режиссурасы
мен
классикалық
қойылымдардың
бүгінгі
интерпретациясына қатысты байыпты байлам, ғылыми жаңаша тұжырымдама
қалыптастырғаны бәрімізге аян.
Яғни, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың бастапқы жылдары ұлттық
және әлемдік классикалық мұраның Қазақстан режиссерлерінің жаңаша шешім
табуы жөніндегі зерттеу мәселесі қалыпты жолға түсе бастады. Өзінің алтын
бастауын халық ауыз әдебиетінен алатын, жазушы Ғ.Мүсірепов драматургияға
айналдырған лиро-эпостық мұраларымыз «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш -
Баян сұлу» сынды махаббат дастандарының сахнада жаңашыл шешімдермен
көрініс табуы секілді мәселені ғылыми тұрғыдан зерделеу - диссертациялық
жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі.
Тамырын халық поэзиясынан алатын аталмыш халық дастандарының
өміршеңдегі, жалпы қазақ фольклорының табиғаты мен сипаты туралы
ағылшын тілінде Эстониядағы ғылыми басылымда жарық көрген импакт-
факторлық мақаламызда: «Kazakh folklore, deeply rooted in antiquity and ethnic
history, is represented by heroic tales, lyrical and epic poems, tales, and legends,
created mainly on the basis of historical events witnessed by people. Their primary
sources could be short stories about the heroism of people, distinguished by military
prowess, stories about the tragic love of unhappy young people who challenged
injustice, active and proactive people’s imagination that revealed itself in the struggle
against natural forces. They are deeply patriotic by content, poetic in presentation,
imbued with a call for unity, fortitude, perseverance, and tenacity in pursuit of the
goal. These stories like a drop of water reflect the fate of these people, their wisdom,
and attitude toward the world. Kazakh folklore is unique; it includes more than forty
genre varieties, many of which are typical only for Kazakh folklore», - деп, лиро-
эпостық шығармалардағы ұлттық болмыс, рухани құндылықтардың қайнар
көздері мен өзегіне тоқталуымыз да тегіннен-тегін емес [15, р. 79.].
Авторлық стилі мен әдеби тілі, суреткерлік эстетикасы ерекше М.Әуезов
пен Ғ.Мүсіреповтер тамырын ауаз әдебиетінен алатын лиро-эпостық
шығармаларды қазақ ұлттық драматургиясына айналдыру жолында орасан зор
еңбек етіп, театр өнерінің қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық мұрасының ішіндегі шоқтығы биік
дүниелердің бірі - «Қыз Жібек» сазды драмасы. Әрине, жанры - сазды драма
аталғанымен, либреттосын - Ғ.Мүсірепов, ал музыкасын Е.Брусиловский
жазған бұл дүние - қазақ ұлттық операсының алғашқы інжу-маржаны болып
есептеледі. Себебі, Е. Брусиловский опералық туындыда халқымыздың 30-дан
астам әнi мен күйiн пайдаланған. Шығарма партитураларының барлығы
В.Затаевичтiң қазақ халық әндерінің жинағынан алынған.
29
1934 жылы 7 қарашада жаңадан ашылған мемлекеттік музыкалық
театрында (қазіргі Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет
театры) тұңғыш рет «Қыз Жібек» операсының тұсаукесері өтті.
Театр тарихына қатысты деректерде, опера сахнасында қойылған
спектакльде халық музыкасы мен халық поэзиясының ең үздік үлгілері кеңінен
қолданылғаны
жазылған.
Опера
театрында
лиро-эпостық
жырдың
кейіпкерлерінің жаңаша болмыста сахнаға шығуы, сол 1930-шы жылдардың
ортасындағы кеңестік кезеңдегі еліміздің мәдени өмірінде айтарлықтай
жаңашылдық болды. Тек жаңалық қана емес, авторлар тарапынан батыл шешім
де еді. Міне, осы жаңашылдық бағыты - «Қыз Жібек» қай кезеңде қойылса да,
қойылымды тек сахна өнерінде жетістіктерге жеткізіп бірге жетелеп келеді.
Туындының негізгі өзегі - Қыз Жібек пен Төлегеннің адал махаббаты,
қазіргі жастар үшін де рухани тағылым мен құндылық болып отыр.
Бұл туралы академик С.Қасқабасов: «Қыз Жібек» эпосын махаббаттың
өміршең гимні деудің әбден жөні бар. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық
жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың
ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел
арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек. Төлеген - қазақ
эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Жібектің бейнесі
эпоста идеалды болып суреттеледі, оның бойында қазақ әйелінің ең асыл
қасиеттері жинақталған. Жырда ол екі бейнеде көрінеді: сұлу қыз және адал
әйел», - деп талдау жасап, бес жүз жылдан астам бұрын пайда болған «Қыз
Жібек» жырының бүгінге дейін өзінің тарихи мәні мен мазмұнын, халықтық
рухын жоғалтпағанын дәлелдейді [16].
1999 жылы белгілі режиссер Ж.Хаджиевтің режиссурасымен Ғ.Мүсірепов
атындағы қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының
сахнасында қойылған Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» спектаклі қазақ ұлтына
ғана тән философиялық тағылым мен психологиялық ерекшеліктерді дәріптеуге
негізделген. Халықтық лиро-эпостық дастанда көркем тілде суреттелген
Төлеген мен Жібектің махаббаты осылайша сахна өнеріне де жол тартып,
мәңгілік тақырыпты арқау еткен сазды драма - Жанат Хаджиевтің суреткерлік
болмысын айқындайтын режиссерлік төлқұжатына да айналды. Аталмыш
классикалық шығарма қаншама жылдар бойы кәсіби режиссерлеріміздің ой
елегінен өтіп, санамызда өз ізін қалдырғаны жасырын емес. Ал Жанат
Хаджиевтің шығармашылығында классикалық туындылар жаңаша түрге ие
болып, басқа да режиссерлерге ой салды.
«Режиссуре Ж.Хаджиева присуще огромный интерес к внутреннему миру
человека на грани духовного потрясения, всплеска. Он умеет взметнуть героев
(Кодар - Бегайдаров в спектакле «Абай»), утвердить красоту человеческой
природы, как главное нравственное достояние (Енлик - Омарова в спектакле
«Енлик - Кебек»), показать многогранно человеческие метания (Нарша -
Булгакбаев в спектакле «Карагоз»). Его спектакли - это выражение
человеческих позиций, режиссерской и художественной воли», - деп
30
театртанушы А.Н.Қадыров айтқандай режиссер Ж.Хаджиев бұған дейінгі
қойылымдардағы жағымсыз бейнедегі кейіпкерлерді енді мүлдем жаңа
қырынан, ел-жұрты мен махаббаты үшін қан төккен батыр кейіпінде бейнелеуі,
олардың ішкі психологиясын зерттеп, көрерменге жан-сырын ақтаруы үлкен
жаңалық болды [17, с. 355].
Қойылымдағы режиссер еңбегі жөнінде «Қазақ театр режисурасының
қалыптасуы мен даму кезеңдері» атты еңбегінде өнертану докторы Б.Нұрпейіс:
«Қойылымның режиссерлік шешімі өзгеше, бүгінгі күн талабына сай және
ұлттық колоритте көрініс тапқан. Режиссер пьесаның идеясын тереңнен және
де басқа қырынан ашады. Көбінесе әрекет арқылы уақыт пен кеңістікті
пайдалануымен актер үшін ғана емес көрермендерге де ой тастауды көздейді.
Оның спектакльдері психологиялық және психофизикалық күшке толы болып
келеді. Қойылымның бойынан режиссерлік ой-тұжырым анық байқалып,
кейіпкердің эмоцияларымен қатар сөз астарына үңіле отырып түпкі ойын
айшықтап беруде алдына жан салмайды», - деп ғылыми сараптама жасайды [2,
б. 465].
1986 жылы Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы қазақ
музыкалық драма театрының сахнасында алғаш қойылған кезінде,
Ж.Хаджиевтің адам мен әлеумет арасындағы тылсым байланыстарды таба
білгендігімен ерекшеленген бұл спектакльді сыншылар қауымы қазақ театры
тарихындағы жаңалық ретінде бағалаған еді.
Аталмыш қойылым туралы шет елдік «Folklore» ғылыми басылымына
енген мақаламызда: «First of all, the performance is filled with deeply personal,
philosophical, and psychological understanding of the national heritage to which Kyz-
Zhibek belongs. In this regard it should be stressed that the staging methodology is
truly innovative, modern, and authentically national. Owing to the creativity of
Zhanat Khadzhiev, the Kazakh stage management as a whole was raised on a new
level of achievement in classical stage productions. The talented stage director
always raises many moral and psychological problems and reveals new problematic
issues. In his interpretations, Zh. Khadzhiev effectively uses such categories as time
and space, which requires deep understanding of the actors and the spectators. His
performances are usually full of powerful psychological and psychophysical energy.
All the components of performances are filled with his willpower, which makes
visible not only the characters’ emotions, but also their secret thoughts and views», -
деп, режиссердің қойылымды сахналау барысында кейіпкерлердің болмысы
мен
уақыт,
кеңістік
қарым-қатынастары
-
ұлттық
философиялық
құндылықтарға негізделгеніне ерекше тоқталумыз негізсіз емес [15,с. 80].
Өз кезегінде Ж.Хаджиевтің «Қыз Жібек» спектаклі - Қазақстандағы театр
режиссурасындағы жаңашылдықтың көшін бастады. Қойылымға қазіргі
уақыттың көзқарасымен қарап қана қоймай, заманға сай түрлендіре білді.
Режиссер қиялынан туған ең басты тапқырлық, ол - Бекежан бейнесін мүлдем
өзгеше трактовкамен беруінде жатыр. Жасыратын несі бар, бұл спектакльге
дейінгі сахналанған опералар мен сазды драмаларда Бекежан бейнесі біржақты
31
жасалып, қатыгез адам бейнесінде ғана көрініп келді. Менің зерделеуімде:
«Режиссура арқылы сазды драмаға жаңалықтар әкеліп, туындыны басқаша
сипатта шешкен Ж.Хаджиевтің алдына қойған мақсаты - Бекежанды жау,
қарақшы ретінде көрсету емес, оның жұмыр басты пенде, ойы, түйсігі бар адам
екенін жұртшылыққа паш ету еді. Сол мақсат-мұратын осы қойылымда
ойдағыдай орындап шықты.
Нәтижесінде социалистік реализм қалыптастырған «жағымсыз кейіпкер»
стереотипінен арылтып, бейне жасауда басқаша жол іздеп, сан жылдар қатып
қалған қасаң қағидаларға қарсы шығып, Бекежанның бейнесіне басқаша реңк
берген. Нәтижесінде, спектакль ешкімді де немқұрайлы қалдырмады. Бүгінгі
күннің өзекті мәселелерімен астасқан шығармаға жаңа үн біткенін» ерекше атап
өткім келеді [18, б. 467].
Бекежан бейнесін сомдаған театр артисі А.Бектеміров спектакльдегі
режиссер шешімінен туған трактовканы кеңейтіп, актерлік ойынын ой мен
физикалық әрекет тұтастығына, шынайылыққа, сахналық үйлесімділікке құра
білген. Қыз Жібек пен Төлеген бейнелерінің қалыптасқан дәстүрлі болмыс-
бітімі сақталып, Бекежанның басқа кейіпкерлерден оқ бойы озып тұруын
сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниесінің үндестік табуымен, рольдің бүгінгі
күнмен рухтас қырларын ашуға үлкен мән бергендігімен байланыстыруға
болады.
«Режиссер ойындағыдай Бекежан – А.Бектеміровтің ойынында ақылдың
да, ерліктің де бұл қоғамға керегі жоқтығын оны түпсіз терең шыңырауға қарай
итеріп, қылмыс жасауына әкеліп соқтырады. Бұл шешім қазіргі біздің
ахуалымызға да дөп келеді, өйткені әлеуметтік мәселелер уақытында
шешілмейтіндіктен де адамдар шарасыздықтан қылмыскерлердің қатарын
толтыруда» [2, б. 467], - деген Б.Нұрпейістің пікірін жалғастырсақ, режиссерлік
шешім бойынша Бекежанның психофизикалық әрекетінің мәні тым тереңде. Ол
– қара халықтың өкілі, ол Төлегенге Жібек үшін ғана емес, байдың баласы
болғандығы үшін де, әлеуметтік әділетсіздік үшін де кектенеді. Ұланғайыр
далаға сыймаған жүрек сезімінің арқасында өз жанын құрбан еткен
Бекежанның трагедиясын А.Бектеміров шеберлікпен жоғары дәрежеде жеткізе
білді.
Көрнекті театр сыншысы Ә.Сығай режиссердің ой-тұжырымы мен
көркемдік ұстанымын талдай келіп: «Қыз Жібек» операсында Төлеген өлген
соң айдалада жалғыз қалатын-ды. Ол тіпті қазақ дәстүріне жат нәрсе. Мұнда
Төлегеннің денесін Бекежан тобының жігіттері алып кетеді. «Адамға айтарын
алты қазға айтты. Бізді адам құрлы көрмейді ғой» дейді олардың бірі. Дәстүр
жалғастығы, классиканы бүгінмен үндестіру, қазіргі заманға бұру дегеннің бір
жолы осы. Бүгінгі күн деген не? Сахнадағы ойынды, психологияны бүкіл
болмысымен бүгінгі күнге құру. Қойылымда, ең бастысы, осы бар», - дейді [19].
Тартымды қимыл-әрекеттерден құралған ерлер биінің сыртқы пішіні мен
ішкі мазмұны думанды ортаны бейнелеуде айқындылығын арттырып тұр.
Спектакльден ұтымды таңдалған актерлік ансамбль мен соған ыңғайланған
32
динамиканы, қазіргі өлшем-ырғақтарға сай элеметтердің барлығын кездестіруге
болады. Сондықтан да, «Қыз Жібекті» өзіне тән суреткерлік дүниетанымымен
оқыған режиссер Ж.Хаджиевтің, көрерменге Бекежан бейнесі арқылы ұсынған
трактовкасы – ұлттық классиканы сахналаудың заманауи озық үлгілерінің бірі
болды.
«Қыз Жібек» спектаклі Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық
академиялық музыкалық драма театрының репертуарынан да елеулі
орындардың бірін иемдене білді. ЮНЕСКО көлемінде «Қыз Жібек» жырын
2004 жылдың мерекелік күнтізбесіне енгізіп, оның 500 жылдығын атау туралы
шешім қабылдады. Оны астаналық режиссер Нұрлан Жұманиязов - Ж.Шанин
атындағы театр сахнасында «Қыз Жібек» дастанының 500 жылдығына арнап
сахналады. Жібек пен Төлеген өмірде болған тарихи кейіпкерлер, бірін-бірі
шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен
Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірітпей қоймайды.
Режиссер Жібек бейнесін - сұлулық пен әсемдіктің символына айналдыра
біліп, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіші екендігін тағы бір
дәлелдеді.
Режиссер өзінің ізденістерінің нәтижесінде пьесамен қатар дастанның
бірнеше нұсқасын жаңа пьесасына арқау ете білді.
Мысалы, бізге мәлім нұсқалар бойынша Қыз Жібекке деген Төлеген мен
Бекежанның ғана махаббаты көрсетіліп жүрсе, ал мұнда Жібекке ғашық басқа
да жігіттердің ерліктері мен махаббаты паш етіледі. Қойылымда Бекежанның да
жауы, көре алмайтын дұшпаны, ғашығына көз тігіп жүрген бірнеше бақталасы
бар. Тіпті, сол жігіттердің Төлегенді өлтіріп өкініп тұрған Бекежанды найзаман
түйреп өлтіруі – көрермен үшін күтпеген жайт болды. Осылайша, ең басты
бақталасынан құтылған жігіттер Сырлыбайдың сұлу қызына қарай құрақ
ұшады. Өзіне ғашық жігіттердің көрсетер азабынан қашқан, бақталастықты
мәңгілікке жою ниетімен Жібек өзін құрбандыққа шалып, жартастың басынан
құлап, көз жұмады.
Сұлулығы бір өзінен асып жығылатын, пәк махаббат жолында жас өмірін
қыршынынан қия білген Жібек ролі А.Маханованың ойынында көркемдік
биіктен көрінді. Актриса арудың Төлегенге ғана арналған алаулаған
махаббатын, бақытты тірлікке құштарлығын шынайы жеткізді. Өмірдің
қуанышты сәттерін бар болмысымен қабылдаған Жібектің басына түскен
қайғы-қасіретті шынайы трагедиялық жинаққа көтерген А.Маханованың
ойынында нақты көрінді. Сондай-ақ, актрисаның әдемі қойылған даусы мен
жарасымды қозғалысы Жібектің жан дүниесін тереңнен қозғап ашуға өзіндік
ықпалын тигізіп отырды.
Театрдың дарынды актері Е.Шымырқұлов сомдаған Төлеген халық
тыныштығы мен салтанат құрған достықты армандайды. Актер Төлегенді
арманына сай әрекет жасап, махаббатын қорғай алатын, әділет пен бостандық
туын жоғары ұстайтын қажырлы батырды суреттеген. Актердің сол кездегі
жасы 50-ге таяғанына қарамастан, Төлеген бойындағы жастыққа тән
33
қызуқандылық пен махаббатты, жігері жалын атқан албырттықты сай келтіріп,
жас актерлерге бергісіз ойын үлгісін көрсетті.
«Режиссер музыкалық спектакльде сөз бен әннің, би мен музыканың бір
арнадан өріліп шығуын назарда ұстады. Трагедияның мазмұнын тереңдетіп,
көркемдік жағынан тұтас шығуына спектакльдегі халық сахналары елеулі роль
атқарды. Спектакль декорациясы режиссер мен суретші Қ.Жұмағұловтың
шығармашылық ізденістерін танытады. Шымылдық ашылған кезде жағаға
ұрып жатқан Жайықтың көк бұйра толқындары айрықша әсер тудырады.
Сонымен қоса ерте кезде болған осынау бір оқиғаның тірі куәсіндей сезімге
бөлейді» [2, б. 471], - деген Б.Нұрпейістің пікірі режиссер мен суретшінің ортақ
тандемінен туғандығын дәлелдейді.
Сахнаның пластикалық шешімі қойылымға тұтас поэтикалық саз беріп,
оның көркемдік мазмұнын тереңдете түскен. Астаналық режиссер
Н.Жұманиязов Шымкент театрының шығармашылық мүмкіндігін шеберлікпен
толық пайдаланып, «Қыз Жібек» спектаклін жоғары көркем дәрежеде қоя білді.
Сонымен қоса, бағзы замандағы болған оқиғаларды қайта өңдеп халық
назарына ұсынылған спектакль театр актерлерінің кәсібилігін арттырып,
репертуарында ұзақ уақыт сақталды.
Классикалық шығармаға заманауи үн берудің тағы бір үлгісі режиссер
Б.Атабевтың «Ақсарай» театрында қойған «Қыз Жібек» мюзиклі деп айтуға
болады. Мюзикл - театр өнеріндегі жаңа жанрдың бірі. Негізгі тамырын
шығыс халықтарынан алатын мюзикл - көптеген өнердің басын қосқан синтезді
жанр. Мюзикл заңдылығы сахналық өнердің акробатика, цирк, балет, опера,
эстрада, драма секілді кез-келген жанрларының басын бір арнада тоғыстыра
алады. Оған мюзиклдің табиғаты қарсы емес.
Өнердің бұл түрі 2005 жылы режиссер Болат Атабаевтың «Ақсарай»
мюзикл театрын ашуға бірден-бір мұрындық болды. Аталмыш театр
ұжымының өнерпаздары - вокал, драма, хореография, акробатика элементтері
біртұтас болатын мюзикл өнері арқылы қазақ көрерменіне өзгеше әсер ету
жолында еңбек етіп бастады. Театрдың алғашқы сахналық қойылымы да
«Қыз Жібек» мюзиклі болды.
«Қыз Жібек» туындысының кейіпкерлері
мүлдем басқа трактовкада, Жібек пен Төлеген арасындағы асқақ сезімге толы
махаббаттан бастап Төлеген мен Бекежан арасындағы драмалық тартысқа дейін
көрерменнің көз алдына бүгінгі күннің шынайы келбетін алып келді.
Режиссер Б.Атабаев театр өнерінің бес функциясы бар деп есептейді.
«Бірінші функция - эстетикалық, екіншісі - коммуникативтік, үшіншісі -
тәрбиелік, төртіншісі - эврестикалық, бесіншісі - танымдық» - деп, бұл
қағидаларды өз қойылымдарының өн бойына енгізіп отырады [20, б. 35].
Режиссер жайқалған дала мен биік тауларды, толассыз толқынды көлді
ұзын матаның көмегімен беріп, сахнаның пластикалық шешімін тапқан. Ал,
жігіттердің жекпе-жегін рэп биі арқылы көрсетуі – заманауи, әрі мюзикл
жанрына сай келетін шешім болды. Сондай-ақ, қойылымда сахналық көріністер
қисынды, әрі жылдам темппен ауысып отырады. Көпшілік сахна мен
34
кейіпкерлердің арасында, тіпті костюмдерінде өзгешілік байқай алмайсың.
Суретшілердің бұрынғы қойылған шешімдерінде Қыз Жібек байдың қызы
деген түсінікпен, үлбіреген қымбат киімге оранып, елден ерекшеленетін.
Режиссер, Төлегенге көп қыздың арасынан «өз сұлуын» таңдатады. Жібекке
деген адал сезім Төлегенді әкесінің бата бермегеніне қарамастан алыс жолға
жалғыз аттандырады. Төлеген үшін өмірдің мәні де, сәні де - махаббат,
махаббат үшін күресіп, өмір сүру. Режиссер Б.Атабаев осы көрініс арқылы
түркі халықтарындағы «бата» ұғымының қасиетінің тереңіне бойлатады.
Көрермен, бір жағынан Төлегеннің Бекежан қолынан мерт болуын, әкенің ақ
батасын алмағандығынан деген шешім ретінде қабылдап, режиссердің
көркемдік тұжырымына иланады.
Жалпы қойылым барысында Төлеген мен Шеге, Бекежан мен оның
жанында жүрген қарақшы-жолдастары арасында да елеулі айырмашылық
байқалмайды. «Мұнда азуын ақситып кіжіну немесе қатты қайғыру секілді аса
терең психологизмге ұрыну да жоқ. Бекежанның Төлеген жігіттерімен заманауи
жастардың «тілінде» сайысатыны, Төлегенді өлтіретін жерде ешқандай суық
қару жұмсамай, ширатылған қызыл түсті лентамен көрермен көз алдында
Төлегеннің кеудедегі «жанын суырып алуы» сәтті табылған ұтымды көріністер.
Театрдың берер эстетикалық күш-қуаты да осындай сәтті табылған
мизансценаны иінін қандыра орындай алған актерлар ойынында болса керек», -
деп театртанушы А.Мұқан қойылымдағы режиссерлік тапқыр шешімдерге баға
береді [21 б. 84].
Жоғарыда атап өткеніміздей, «Ақсарай» театры «Қыз Жібек» мюзиклінде
бұрыннан келе жатқан Е. Брусиловский операға негіздеп жазған халық
музыкасына ешқандай өзгеріс немесе қисынсыз өңдеулер мен түзетулер
жасамады. Сол себептен де болар «Қыз Жібек» мюзиклі өзінің түпкі сарынын,
тамырын сақтап қалды. Спектакльдегі танымал әндердің бәрін жас актерлар
нақышына келтіре орындап, қазіргі заманның ырғағымен би биледі. Музыка,
драма, хореография мен артистік өнері үйлескен спектакльде экрандық
бейнекөрініс тәрізді жаңа әдісте қолданылды. Жазық дала, аспан, өзен тәрізді
табиғат көріністері арнайы LED-экран арқылы көрсетілді. Сахнадағы
декорация мен реквизиттердің орнына басты деталь болып – сұр түсті матадан
тігілген үлкен материал қолданылды. Бұл шығарма өз уақытында көрермендер
мен өнертанушылар тарапынан жартылай қолдауға ие болса, екінші жағынан
айтарлықтай үлкен сынға ұшырады. Сынға ұшыраудағы басты себебі –
классикалық шығарманың заманауи үлгіге бұрмалануы болды.
«Қыз Жібек» мюзиклінің жаңашылдығы мен театр өнеріндегі орны жайлы
өнертану кандидаты Т. Жаманқұлов төмендегідей пікірін білдірген:
«Б.Атабаевтың «Қыз Жібек» мюзиклін классикаға басқаша көзбен қарау,
классикаға еркін келу деп түсінемін. Баяғы канондарға табынып қалмай, ескі
рамкалардан шыға отырып, суреткерлік қиялды шарықтатып көрсеткен.
Қабылдауға болады. Консерваторлар қабылдамауы да мүмкін. Классикалық
тұрғыдағы опера театрындағы «Қыз Жібекті» де қабылдаймын. Екеуі екі бөлек
35
талғамның, екі бөлек режиссерлік шешімнің ісі. Б.Атабаев ұлттық салт-дәстүрді
сақтай отырып, Қыз-Жібекке қарапайым бүрмелі көйлек, камзол кигізіп
қойған, Қыз-Жібектің психологиясын бүгінгі жастардың психологиясына
жақындатуға тырысқан. Тек жарқ-жұрқ еткен музейлік нәрселер мүлде жоқ.
Себебі, ол - Жібектің ішкі жан дүниесін көрсетуді мақсат тұтқан. Ол мақсатына
жетті. Біз осылай қазақ екенімізді сырға, алқа, киіммен емес, ішкі тәрбие, жан
дүниемізбен көрсетуіміз керек» [22 б. 5].
Қойылымның басты ерекшілігі мен жетістігі - мюзиклді алғаш рет
кейіпкерлер жасымен шамалас келген жас әртістердің орындауы еді. Осыдан
келіп, орындаушылық таптаурындылыққа әлі енбеген, дауыстарының табиғи
өзегін әлі жоғалтпаған, психо-физикалық, пластикалық мүмкіндіктері зор жас
актерлердің эмоциялық қуаты да қойылымның табысты болуына себебін
тигізді. Санадағы дәстүрлі ойлардан аулақтанғаны сонша режиссер, оюлы киім
үлгілерінен бас тартқан. Б.Атабаев жас актерлерге өз кейіпкерлерін бүгінгі
түсінікпен, психологиялық қабылдау арқылы орындауды міндеттеген.
Е.Ілиясов бейнелеген Бекежан – Б.Атабаев қойылымының протогонисті.
«Режиссер қазір Бекежандардың заманы екенін тура ұқтыра алды. Спектакльде
Төлегенге қарағанда Бекежан алдыңғы кезекке көтерілген. Сахнадағы оқиғалар
легі тек Бекежан мінезін терең ашуға бағытталған. Жібек пен Төлеген осы
бейнені күшейту үшін әрекет жасап жүргендей әсер қалдырады» [2, б. 471], -
деген пікірді қолдаймыз.
Қойылымдағы Бекежан бейнесінің арқалаған жүгі мен мәні туралы
театртанушы А.Мұқанның да көзқарасы осыған саяды: «Бүгінгі қойылымдарды
өскелең ұрпақтың сана-сезіміне, түсінік-деңгейіне сай етіп, заманауи етіп
көрсету басты міндетіміз. Мысалы, «Қыз Жібектегі» Бекежан – жақын
жолдасына зұлымдық істеген, сатқын адам. Ондай екіжүзділер қазірде жоқ емес
– бар. Мысалы, қоюшы-режиссер дәл осы жағын айшықтап, насихаттауы
мүмкін. «Абайла, сақтан!» деген ниетпен. [23, б. 6].
Ал, қойылымдағы Қ.Қожабаев пен Л.Асановалар сомдаған Төлеген мен
Жібек көне заманның өкілдері емес, бүгінгі күннің жастары секілді кейіпте
өнер көрсетеді. Бір-біріне деген ыстық ықыластары мен жалын атқан махаббат
сезімдері, күйініші мен сүйініші мейілінше нанымды шыққан. Әсіресе,
Қ.Қожабаевтың сезімге толы тенор дауысы, Жібек алдындағы ізеттілігі,
сүйкімді көркі – Төлеген бейнесіне лирикалық сипат берген.
Жалпы Б.Атабаевтың «Қыз Жібек» қойылымын жаңаша оқуын театр
мамандары мен көрермен жылы қабылдады. «Болату Атабаеву удалось создать
спектакль, современный по форме, но вневременной по содержанию. И это –
большая удача для художника, каковым, несомненно, является большой
режиссёр Болат Атабаев» деп қаламгер А.Омарова да көпшіліктің ойын
білдіреді [24].
Режиссер Қуандық Қасымов «Қыз Жібектің» жанрлық сипатын саун-драма
бағытында тың режиссерлік шешімдермен тұжырымдап, Жамбыл облыстық
қазақ драма театрында сахналады. Нәтижесінде, Қыз Жібек пен Төлеген
36
тағдырының арқау етіп, сазды драмадағы ең негізгі сюжеттік желісін ғана сүзіп
алған режиссер жұмысы, Қазақстандағы бірден-бір камералық қойылым
саналды. Төлеген мен Жібектің алғашқы кездесуі, Бекежанның қызғаныштан
жасаған іс-әрекеттері, Төлегеннің өлімі - осының бәрін режиссер тоғыз
орындаушыны қатыстыра отырып, небәрі қырық бес минутқа сыйғызған.
Спектакльдің көркемдік шешіміндегі негізгі ойды бимен, пластикамен,
музыка ырғағымен беруге күш салған. Тамырын өте ерте замандардан алып
бүгінге жеткен «Қара жорға» халық биін пайдалануы арқылы, ұлттық мәдени
құндылықтардың келбетін паш етеді. Этномузыканың кәсіби хас шебері,
композитор Е.Құсайынов қойылымды әуенмен әрлей отырып, сахна төрінде
көне заманнан келе жатқан жетіген, сыбызғы, сырнай, шаңқобыз аспаптарының
ойналуы да, ұлттық музыкалық жәдігерлерімізге деген көрермендер
қызығушылығы мен эстетикалық танымын оятады. Ал кейіпкерлер киінген
сахналық
костюмдерде
элементтер
сақталған.
Ұлттық
киімдерде
этнографиялық ерекшеліктер толығымен қамтылмаса да, үлгілері бар.
Қойылымның сценографиялық шешімін талдар болсақ: «Қыз Жібекте»
шымылдыққа айналып тұрған сәукеленің етегі Жібек кигенде желпілдеген
желекке айналады. Бірыңғай көгілдір түсті, биге де, актерлердің
қимыл-қозғалысына икемді, ұлттық нақышты да, еуропалық үлгіні де еске
түсіретін киімдер бірден өзіне тартады. Реквизиттердің басты бөлігін құрайтын
қолшатырлар көпшілік сахнасының көмегімен бірде көшіп бара жатқан
керуенді кейіптесе, енді бірде бүкіл бір ауылды суреттейтін киіз үй қалпында
тұрады. Ал, Төлеген қаза тапқаннан кейін, әлгі қолшатырлар жабылып, олар да
аза тұтады. Көпшілік сахнасының орындауындағы өсек-аяң да өзгеше сахналық
формада баяндалады» [18].
Нәтижесінде жаңашыл қойылым тәжірибелік-ізденістен туған өзгеше
қойылым ретінде заманауи өнер үдерісінде өмір сүруге құқылы екендігін
дәлелдеді.
С.Қамиевтің режиссурасымен «Қыз Жібек» қойылымы сазды трагедия
жанрында Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық қазақ
драма театрында сахналанды. Бұл - оның жаңа мамандығын бекітетін
дипломдық жұмысы, әрі жаңа мамандыққа бет бұрудағы алғашқы қадамынан
туған дебюттік қойылымы.
Қойылым режиссері С.Қамиевпен спектакль хақында ой бөліскенімізде,
ол: «Қыз Жібек» туындысын сахналаудағы басты ұстанған мақсатым –
Жібектің бейнесі арқылы қазақ қызына тән әдемілікті, көркемділікті ашу.
Қазіргі кезде қазақ қызының кескіні бұлыңғырланып, өзінің түп-тамырынан
алшақтап, ата-бабамыздың дәстүрлі дініне, отбасылық тәрбиесіне әсер етіп
жатқан әртүрлі күштердің жетегінде кетпей, салт-дәстүр мен тәрбиеге бай
ұлтымыздың болмысын көрсетуді мұрат тұттым. Бүгінгі біздің қоғамда да
әрбір қыз өзінің ата-тегіне, өзіне дейін өмір кешкен апаларын үлгі тұта отырып,
болашақ қазақ ұлтының анасына, әжесіне, үлгі тұтар бейнеге айналса деген
тілек, мақсат болды. Өткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
37
- деп, халық даналығында айтылғандай «Қыз Жібек» - кешегі, бүгінгі, ертеңгі
қазақ қызының түп – тамыры, алтын қазығы. Қыз Жібектің бойында қазақ
аруының, анасының, асыл әжесінің ұлттық болмысы, шоқ жиынтығы
сақталған», – деді.
Төлеген бейнесін сомдаған Ж.Ербота мен О.Жақыпбековтің ойындарында
жас жігітке тән албырттық бар. Ал, Бекежанды ойнаған актер Е.Нұрымбеттің
жылпостығы мен қорқаулығы, А.Қапаевтың өзіне деген шектен тыс сенімі
білініп тұрды. Жоғарыда аталған кейіпкерлердің ойыны туралы өнертанушы
Ө.Ахмет: «...Төлеген әдет-ғұрып ережелерінен шыға алмай, қол аяғы жіпсіз
байланып, қарадан қарап қысылып жүретін адам сияқты да, Бекежан ойына не
алса, көңілі не қаласа, соның жолында әдет-ғұрып, инабат деген
шарттылықтарды аттап өте беретін жан, дамуға, жаңаруға бейім іс-әрекеттің
адамы ма деген ойға жетелейді. Кинода да, спектакльде де Бекежан бейнесінің
тартымды да бедерлі сомдалатыны содан болар. Әлде бабаларымыздың шешуін
кейінгі ұрпағына қалдырған бұл бір күрделі жұмбағы ма екен?» [25], – деп өз
ойын сұрақпен аяқтайды.
Жаңашылдыққа жақын жас режиссердің, қойылымды сахналау кезінде
ұлттық құндылықтар негізінен ауытқымауға деген шығармашылық талабы
сүйсіндіреді.
Қыз Жібек - қазақ қызының эталоны. Осы орайда режиссурадағы аға буын,
орта буын, жас буын өкілдерінің қойылымдағы сахналаудағы ең негізгі
мақсаттары – ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау, махаббат пен
адалдықты дәріптеу, «ұлылық», «мәңгілік» секілді ұғымдардың тереңіне
бойлату екендігіне көз жеткіздік.
Әрине, формалық жағынан, режиссерлік шешімдер жағынан, тамырын
халық эпосынан алатын «Қыз Жібек» сазды драмасына жаңашылдық сипат
берген. Әйтсе де, қазіргі клиптік ойлау санасы билеген заманындағы жас
ұрпаққа, Қыз Жібек пен Төлегеннің жасампаз бейнесін жан-жақты ашып,
көрсетіп және жиырма бірінші ғасырдағы өміршең бейнелер ретінде
насихаттауы – режиссурадағы басты жетістік болып есептеледі. Достарыңызбен бөлісу: |