Маемиров асхат максимович



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,12 Mb.
#6130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3
 
 ҚАЗАҚСТАН ТЕАТР РЕЖИССУРАСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ  
 
3.1 Әлемдік және орыс классикасын меңгерудегі замануи шешімдер   
 
Еуразия  кеңістігінің  бел  ортасында  орналасып  әлем  театрларында  болып 
үрдістермен үндес еліміздегі қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, кәріс, өзбек театрлары 
мемлекеттік  қолдауға  ие  болумен  қатар,  әлемдік  мәдениете  алты  тілде 
сөйлейтін  шығармашылық  келбетімен  де  ерекшеленеді.  Бұл  біздің  еліміздің 
тарихи-әлеуметтік  даму  жолындағы  ұстанған  көп  векторлы  саясатымызбен 
тікелей  байланысты.  Сонымен  бірге  Қазақстан  халқының  ішкі  және  сыртқы 
саясатындағы  толеранттылықты  ту  етіп  көтерген  ұстанымдары  да  маңызды 
роль атқарады. 
 
 
Үлкен  құрлықтың  қақ  ортасынан  өзінің  шекарасын  бекітіп  ұланғайыр 
жерге иелік етіп 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар өкілдерін бауырына басып, 
тату-тәтті  өмір  сүріп  келеді.  Елбасымыздың  сарабдал  саясаты  арқасында 
Қазақстан  халықтары  мәдениеті  мен  өнерін  дамыту  кең  өріс  алды. 
Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің ішкі саяси өмірін реттейтін қоғамда бейбітшілік 
пен келісімді тепе-теңдікте ұстауға бағытталған жалпыұлттық идеялары өзінің 
оң нәтижелері мен жемісін беріп келеді. 
 
 
Елбасы  өзінің  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XХІ  сессиясындағы 
сөзінде  еліміздегі  рухани  келісімнің  жоғары  қағидаттары  жайлы  айта  келе: 
«Қазақстандық  мәдениет  елдегі  бүкіл  этностардың  мәдени  қатпарларының 
тығыз  қарым-қатынасы  арқасында  қалыптасады.  Бізде  қазақ  өнері  мен 
дәстүрлері  дамуда,  сонымен  бірге,  бүкіл  этностардың  мәдени  мұраларының 
дамуы  да  қамтамасыз  етілген.  Біз  өз  еліміздің,  кез  келген  этносқа  жататын 
біздің  отандастарымыздың  әлемдік  өнерге,  әдебиет  пен  спортқа  қосқан 
үлестерінің артып келе жатқанын мақтан тұтамыз», - деген еді [82].
 
  
Осындай  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыруда  республиканың  барлық 
облыстары  мен ірі мегаполистерінде орналасқан  мәдениет  пен өнердің  қайнар 
көзі  –  театрлардың  маңызы  зор.  Толеранттылықты  ту  етіп  көтерген  тәуелсіз 
елімізде  өмір  сүретін  барлық  халықтардың  өніп-өсуіне,  тең  құқылы  дамуына 
толық  жағдайлар  жасалды.  Солардың  ішінде  қоғамдық  ой-сананы 
қалыптастыруда,  тәрбиелеуде  маңызды  рөл  атқаратын  ұлттық  театр 
ошақтарының жұмысына ерекше мән беріліп, айрықша қолдау көрсетілді.  
 
Қазақстандағы диаспоралардың өз ұлттық тілінде сөйлейтін театрларының 
тарихы  мен  шығармашылық  тынысы,  көркемдік  келбеті  мен  кемшін  түсіп 
жатқан  өзекті  мәселелері  бүгінгі  күн  тұрғысынан  қарастыру,  бағамдауымыз 
қажет. Қазақстанда толыққанды жұмыс істейтін орыс, ұйғыр, кәріс, неміс, өзбек 
этностарының  кәсіби  театрлары  жұмыс  істейді.  Олардың  шығармашылық 
жолы,  белестері,  бүгінгі  хал-күйі  арнайы  сараптама  жасауды  қажет  етеді. 
Еліміздегі  тек  орыс  тілінде  сөйлейтін  драма  театрлардың  саны  он  алтыны 
құрайды екен.   
 
Қазақстан  театр  өнері  тек  елордамыз  Астана  мен  Алматы  секілді  бас 
қалаларда  ғана  емес,  республиканың  барлық  облыстарында  жақсы  дамыған. 

100 
 
Өздерінің  ана  тілінде  өнері  мен  мәдениетін  дамытуға  мол  мүмкіндіктер  алған 
мемлекет  қарамағындағы  ұлт  өкілдерінің  бұл  театрлары  республиканың, 
облыстың  бюджетінен  қаржыландырылады.  Дүниенің  түкпір-түкпірінде 
ұлтаралық  араздықтар  өршіп  тұрған  кезде  еліміздің  басты  байлығына,  баға 
жетпес  құндылығына  бағаланған  этно-конфессиялық  бейбітшілікті  берік 
ұстаған  бағытымыз  алыс-жақын  шетелдердің,  жалпыәлемдік  қауымдастықтың 
назарын аударып келеді.  
Мұндай  мәдени  құбылысты  көпшілікке  таныту,  кеңінен  насихаттау  –  күн 
тәртібінен  түспей  келеді.  Сондықтан,    елімізде  тең  құқылы  қатар  өмір  сүрген 
өзге ұлт өкілдері мәдениетін түсінуге, еліміз халқы арасындағы өзара түсіністік 
пен  төзімділікті  бекіте  түсуге  ықпалы  зор.  Қазақстанда  қайталанбас  көп  үнге, 
сырлы  бояуға  малынған  көпұлтты  театр  режиссурасының  бүгінгі  тынысы, 
шығармашылық келбеті арнайы тоқталуды қажет етеді.  
Ұлттық  нақышымен  өрнектелетін  Қазақстан  халқы  театрларының 
шығармашылығы, 
жүргізіп 
отырған 
репертуарлық 
саясаты 
мен 
қойылымдардың  көркемдік  сапасы,  эстетикалық  деңгейі  бұған  дейін 
жекеленген  авторлар  тарапынан  қарастырылған.  Еліміздегі  50-ден  аса  кәсіби 
театрларының  жалпы  панорамасынан  мемлекетімізді  мекен  еткен  ұлыстардың 
өнер  ұжымдарының  режиссурасы  арнайы  қарастыру  барысында  Қазақстан 
халқының  қайталанбас  келбеті  мен  өзгелерге  ұқсамайтын  өзіндік 
ерекшеліктерінің  мол  екендігіне  көз  жеткіземіз.  Зерттеу  нысанымыз  осы 
театрлар  шығармашылығы,  режиссурадағы  соны  идеялар    арқылы 
айқындалады.  
Жаһандану  үрдісінің  күшейген  тұсында  әрбір  елдің,  ұлт  пен  ұлыстың 
әдеби-рухани құндылығы өзіне тән бояуын сақтап, бағыт-бағдарынан адаспай, 
өзіне  тиесілі  орнын  табуы  күн  тәртібінде  тұр.  Көрші  Ресей  Федерациясы, 
Өзбекстан,  алыс  шетелдегі  Германия,  Корея  секілді  тарихи  отанымен  тығыз 
қарым-қатынас  орнатқан  Қазақстанның  орыс,  ұйғыр,  кәріс,  неміс,  өзбек 
диаспоралары 
театрларларының 
шығармашылығы 
ұлттық 
дәстүрінің 
тамырынан ажырамай көркейіп келеді.  
Қазақcтан  театрлары  өздерінің  шығармашылық  жолының  алғашқы 
жылдарынан 
бастап-ақ 
репертуарына 
ұлттық 
драматургиялық 
шығармаларымен  қоса  әлемдік  классиканың  шоқтығы  биік  туындыларын 
жоғары деңгейде қойып келеді.  
Еліміздің  картасындағы  өзге  диаспоралар  тілінде  өнер  көрсететін 
театрларды  түгел  қамтып  шығу  мүмкін  емес.  Сондықтан  біз  негізгі  ұлттық 
тілдерде  сөйлейтін  театрларды  ала  отырып  көп  санды  орыс  тілді  театрлар 
ішінен  М.Ю.Лермонтов  атындағы  мемлекеттік  академиялық  драма  театрының 
шығармашылығы  мысалында  қарастырсақ,  өнер  ұжымында  1990-шы 
жылдардың  ортасынан  аса  өзінің  репертуарлық  саясатын  өзгертіп,  ұжымның 
шығармашылық  қарымын  көрсететін  әлемді  классикалық  драматургияның 
шыңы  іспеттес  У.Шекспирдің  «Макбет»,  А.Н.Островскийдің  «Таланты  и 

101 
 
поклонники»    және    Б.Брехттің  «Трехгрошовая  операсы»  секілді  туындылар 
сахналана бастады.  
Орыс  драматургі  А.Н.Островскийдің  «Таланты  и  поклонники»  пьесасы 
театрдың  танымал  актері  Ю.Померанцевтің  режиссерлік  жұмысы  болатын. 
Автор  ойын  ашу  барысында  кейіпкерлердің  трагедиялық  жан-дүниесіне 
тереңдеп  енген  театрдың  бұл  жұмысы  көрермендер  тарапынан  жылы 
қабылданды.  Уақыт  алып  келген  қоғам  өміріндегі  өзгерістердің  А.Островский 
кейіпкерлері,  провинцияда  тұратын  талантты  актриса  Александра  Негинаның 
трагедиялық  тағдыры  арқылы  көрсетіледі.  Қойылымға  арқау  болған  талантты 
тұлға мен оның қоршаған ортасы, байлар мен кедейлердің арасындағы қарым-
қатынастар,  моральдық,  этикалық  қалыптардың  сақталмауы    -  бүгінгі  күннің 
өзекті мәселелерімен үндесіп жатты.  
Бұл  театрдың  «Эзоп»  спектаклі  тәуелсіз  еліміздегі  орыс  театрларының 
шығармашылық  бет-бейнесін  көрсететін  айтулы  жұмыстардың  бірі  болды.  
Бразилиялық  драматург  Г.Фигейредоның  «Түлкі  мен  жүзім»  атты  пьесасы 
бойынша  2000  жылы  қойылған  қойылымның    режиссері  Р.Андриасян  мен 
қоюшы-суретшілері  Владимир  және  Людмила  Кужельдердің  шығармашылық 
тандемі - тың жаңашылдыққа толы болды.  
Пьесаның желісі көне грек елінің белгілі суырып салма сөз шебері, тілі мен 
жағына  сүйенген  Эзоп  есімді  құлдың  төңірегінде  өрбиді.  Адам  баласының 
ғасырлар  бойы  айтып,  жырлап,  қажет  болса  өмірін  қиюдан  да  тайынбаған 
еркіндік үшін күресі бұл шығармада ерекше үнге ие болды.   
Өзінің  бұл  қойылымдағы  айтпақ  болған  ой-идеясын  театр  жетекшісі  әрі 
қоюшы  режиссері  Р.Андриасян:  «Мы  ставили  спектакль  о  человеческом 
достоинстве,  которое  не  может  убить  ни  рабство,  ни  нищета,  которое  не 
продается  и  не  покупается,  потому  что  оно  имеет  цену,  равную  жизни.  Это 
спектакль  о  главной  человеческой, общественной ценности  -  свободе»  -  деген 
болатын [83].   
Көне дәуірдің өмір салты мен тұрмыс тіршілігі молынан көрініс берген бұл 
қойылымда  комедиялық  сәттердің  өзі  мұңға  толы  мелодрамалық  бояумен 
үндесіп жатты. Режиссер құлдық өмір кешкен басты кейіпкердің аянышты халі 
мен еркіндікті аңсаған еркін рухын анық ашып көрсете алды.  
Байлығына  мастанған,  ақымақтау  философ  Ксанф  пен  оның  сүйкімді  де 
ақылды әйелі Клея, сыртқы тұрпаты келіспегенімен, бірақ тілге шешен, ақылды 
Эзоп құлдың арасындағы өмір мен оның мәні-жайы хақындағы көріністер және 
одан туындайтын мораль - көрерменге терең ойлануға, бас қатыруға жетелейтін 
ой  тастайды.  Әдемі  әйелдің  махаббатына  бөленіп,  онымен  бірге  тыныш  өмір 
сүруді  жаны  қаламайтын  Эзоптың  басты  арманы  –  еркіндік  пен  бас 
бостандығы.  Спектакль  осы  мәселені  көременге  көрсете  отырып,  құлдық 
санадан тазару жолындағаы тақырыпты қаузайды.  
Қойылымдағы алты кейіпкердің ішінде, құлдық өмір сүрсе де санасы еркін 
болған  жан  -  Эзоптың  өзі  болып  шығады.  Режиссер  осы  мәселені  көтеру 
арқылы еркін елдің «еркінбіз» деп ойлайтын адамдарының бойындағы құлдық 

102 
 
психология іштен туа қалыптасқандай шырмап тастағанын анық көрсетеді. Ал, 
маңдайына құл болып, басқа ерікті азаматтарға қызмет етуге жазылған Эзоптың 
тағдыры, оның ішкі еркіндігінің арқасында биік белестерге көтереді.  
Белгілі  театр  реформаторы  М.Чехов:  «Работая  над  ролью,  вы  совершаете 
два  процесса:  с  одной  стороны,  вы  приспосабливаете  образ  роли  к  себе,  с 
другой - себя к образ роли. Так вы сближаетесь с ним. И хотя есть предел, за 
который вы не можете перейти (ваши внутренние и внешние актерские данные 
определяют  этот  предел),  вы  все  же  можете  достичь  многого,  если  будете 
применять  правильные  средства»,  -  деген  өзінің  шығармашылық  тәжірибесін 
алға тартады [84, с. 248-249].  
Бұл  орайда  Эзоп  сынды  мінезі  сан  қырлы  кейіпкердің  психофизикалық 
болмысын  терең  зерделеген  театр  артисі  С.Погасян  -  ішкі-дүниесі  еркіндікке 
құштар,  санасы  сәулеге  толы,  биікке  ұшқан  қыран  құстың  қасиеттерін  бойын 
жинаған  ерекше  бейнені  сомдай  білді.  Материалдық  құндылықтарға 
сатылмайтын оның кейіпкері,  адами  қасиеттерімен  басқалардан оқ бойы   биік 
тұрды.   
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Критическое десятилетие» кітабында: «Когда 
Эзопа  попросили  назвать  самое  худшее  блюдо,  он  назвал  «язык»,  а  когда  его 
спросили  почему,  зоп  ответствовал:  «Потому,  что  с  помощью  языка  предают, 
казнят,  убивают  и  возводят  хулу  на  человека!  На  вопрос  же,  какое  же  блюдо 
является лучшим, Эзоп ответил: «Язык» и пояснил: «С помощью языка говорят 
о  любви,  превозносят  дружбу,  выражают  благодарность  и  заставляют  людей 
быть лучше, чем они были и есть!», - деген пікірі - Эзоптың сан қырлы құпияға 
толы болмысының кілтін ашып береді [85, с. 234]. 
Мемлекеттік сыйлыққа ие болған бұл қойылымның өзге де орындаушылық 
құрамының  жұмыстары  айтуға  тұрарлықтай.  Клеи  мен  Ксанф  роліндегі 
артистер  И.Лебсак  пен  Ю.Капустин,  өз  кейіпкерлерінің  бойындағы 
психологиялық өзгерістерді ойлы да еркін ойын өрнегімен сипаттап бере алды. 
Біздің  дәуірімізге  дейінгі  кезеңнің  оқиғасына  бүгінгілік  сипат  берген 
режиссер  Р.Андриасянның  «Эзоп»  спектаклі  –  көрермендердің  танымы  мен 
тағылымын биіктеткен ойлы қойылымдар қатарынан орын алды.  
1991-2015 
жылдар  аралығында  қазақ  театр  ұжымдары  әлемдік 
драматургияның  өшпес  мұраларынан  талай  дүниелерді  сахнаға  шығарды. 
Олардың  ішінде  бұрын-сонды  қойылып  жүрген  У.Шекспир,  Ж.-Б.Мольер, 
А.П.Чехов,  Н.В.Гогольдің    пьесаларымен  қатар,  ұлттық  сахна  төріне  алғаш 
шыққан  П.Мериме,  Г.Ибсен,  Ф.Кафка,  Г.Гауптман,  Ж.Ануй,  Ю.О’Нил, 
Т.Уильямс, Э.Олби шығармалары барлық жағдайда ойдағыдай шыға бермесе де 
қазақ көрерменін әлемдік классикамен таныстырды. 
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры аударма 
шығармаларды сахналауда үлкен мектептен өтті. Осы аударма шығармалардың 
ішінде 
К.Гоццийдің 
«Турандот 
ханшайым» 
пьесасы 
режиссер 
Т.Жаманқұловтың  режиссерлігімен  репертуарда  біраз  уақыт  сақталды. 
«Турандот  ханшайымның»  орыс  сахнасына  1922  жылдың  27  ақпанында 

103 
 
шыққан  премьерасы  бүкіл  Еуропа  театры  өнеріндегі  үлкен  оқиғаға  айналды. 
Мәскеу  Көркем  театрының  Үшінші  студиясында  Е.Б.Вахтангов  қойған  бұл 
спектакль  режиссер  есімін  мәңгілік  етіп,  театр  өнері  тарихына  жазып  кетті. 
Қазақ  сахнасында  тұңғыш  рет  қойылған  «Турандот  ханшайым»  қойылымы  да 
театр мамандары мен қалың жұртшылықты бірден елең еткізді.  
Себебі,  режиссер  қойылымға  дайындық  кезінде  шығарманың  табиғатын 
ұғынып,  актерлерлік  өнердің  жаңаша  бір  қырынан  көрсетуге  саналы  түрде 
барған  еді.  Т.Жүргенов  атындағы  Қазақ  ұлттық  өнер  академиясында 
Т.Жаманқұлов  шеберханасынан  бітірген  1993  жылы  түлектер  ат  салысқан 
қойылымның сәтті қадамы алғашқы премьерадан кейін-ақ белгілі болды.  
Қоюшы-режиссер актерлерге барыншы еркіндік беріп, кеше ғана академия 
қабырғасынан  шыққан  студент-актерлердің  актерлік  тапқырлықтарына 
сенімділік танытқан. Режиссер сенімі ақталғандай. 
Себебі,  шешендік  өнер  мен  нағыз  қазақы  мінез-құлықты  бойына  сіңдіре 
білген  жас  актерлер  өз  мақсаттарына  жету  жолында  бөгеліп  қалған  жоқ. 
Әсіресе,  «...Турандот  пен  Калафтың  қызықты  оқиғалары  қоюланған  сайын, 
олардың кейіпкерге берген маазмұнды трактовкасы,  шығарма идеясына лайық 
көркем мизансценалар арқылы өзінің шарықтау нүктесіне жетеді. Спектакльде 
кекесін  мен  күлкінің,  келеке  мен  қалжыңның  өзара  астасуына  режиссердің 
мағыналы  интерпретациясы  негіз  болды»,  -  деп  театртанушы  Б.Нұрпейіс 
сахнадағы әрекеттерді орынды байқаған [2. 484 б.].  
Т.Жаманқұлов  спектакльдің  өзіне  ғана  тән  даму  қарқынын,  ырғағын 
тапқан.  Сахнадағы  барлық    қозғалыс,  мизансценалар,  жарық  пен  музыка 
режиссерлік шешімге бағындырылған. «Режиссер Т.Жаманқұлов ...қазіргі қазақ 
тұрмысы  мен  жай-күйіне,  еліміз  басынан  кешіріп  отырған  саяси, 
қоғамдық-әлеуметтік, 
экономикалық-материалдық, 
рухани-моральдық 
ауыртпалықтарына қатысты ащы, өткір шындықтарды актерлер аузымен кейде 
жай хабар-ошар, енді бірде әзіл-оспақ, сайқымазақ, усойқы ащы сатира түрінде 
қойылым  арнасына  араластырып  жіберген.  Осы  арада  өзгеше  бөліп  айтатын 
нәрсе  –  Тұңғышбай  заман  талабымен  сабақтас  келетін  интермедия,  экспромт, 
импровизацияға  баса  мән  беремін  деп  жүріп,  пьеса-ертегіде  айтылатын 
сюжеттік желіні бір сәтке де естен шығарып алмауға ерекше назар салған» [86] 
– деп театранушы Қ.Уәлиевтің пікірі де оңды. 
Одан  бөлек,  режиссер  кейіпкер  мінездерінің  актерлердің  табиғи  бітім-
болмысына  жақын  таңдап  алғандықтан  қойылымның  ұтымды  тұстарын 
арттырып  тұр.    Басты  рөлдегі  Д.Жүсіптің  рөл  алдындағы  ізденісі  мен 
дайындығын  анық  аңғаруға  болады.  Бұл  актриса  әдемі  пластикалық 
қозғалыстың  иесі  болғандықтан  ерке  қылығымен,  соған  сай  өжеттілігі 
қосарланып  келісті  үйлесім  тапқан.  Ол  Турандоттың  тәкаппарлығын,  өз 
сұлулығымен  өзі  тамсанатын,  ақылымен  мақтанатын  бойжеткен  аруды 
нанымды  шығарды.  Тек  Калафты  көрген  сәттен  бастап  жас  ханшайымның 
бойын  махаббат  сезімі  билегенін  актриса  бет-әлпетінің  өзгеруімен, 
болар-болмас  қимылдарымен  көрсете  бастады.  Ал  оның  бір  жағынан 

104 
 
қарсыласы,  екінші  жағынан  сүйіктісіне  айналған  Калаф  жас  бола  тұра  өз 
дегеніне қолын жеткізе алатын, қайсарлықтың үлгісін көрсетті.  
Калаф  роліндегі  Е.Біләл  алғыр  да  өжет,  қиыншылықтан  қорықпайтын, 
махаббаты  үшін  өлімге  де  бас  тігетін  жігітті  бейнеледі.  Спектакль  мазмұнын 
ашуға  көмектесіп  тұрған  рөлдердің  тағы  бір  парасы  А.Омар  -  Альтоум, 
Б.Әлпейісов  -  Тарталья,  Д.Ақмолда  -  Бригелла,  А.Боранбаев  -  Панталоне, 
Ж.Маханов  -  Труфальдино,  Ш.Асқарова  -  Адельма  сынды  артистерге  де  тән. 
Режиссер  мен  орындаушылар  ойы  тұтастық  тауып,  импровизацияны  орынды 
қолданған.  
Актерлар  сөз  бен  қимыл-қозғалыстың  бірлігін  сақтап,  кейіпкердің 
психологиялық  көңіл-күйін  дәл  тауып,  бір-бірін  толықтырып,  еліктіріп  әкетіп 
отырды. Олар туралы Б.Құндақбайұлы: «Бұлардың орындауындағы әзіл, юмор, 
пародия  элементтері  сахналық  көріністерге  көркемдік  көрік  беріп,  көрерменді 
күлкімен  көмкеріп  отырды.  Жалпы,  мұндағы  кейіпкерлердің  барлығы  да 
сахналық  баламаларын  толық  тапқан.  Халық  өнерінің  бай  мұрасына  дарын 
мүмкіншіліктеріне  сүйеніп,  сахнада  шығармалық  суырып  салма  еркіндігіне 
барудың,    күлдіргі  әрекеттерге  көшудің  қисынын  табу,  сөзді  ойната  білу,  би 
мен  өлеңге  де  шеберлікпен  бару  осы  орындаушылардың  өнеріне  тән»,  -  деп 
жазады [31, 48 б.].   
Сондықтан  да  болар,  ұтымды  таңдалған  актерлік  ансамбль  мен  жұмыр 
жазылған  драматургияның,  терең  ойластырылған  режиссураның  арқасында 
театр сахнасында ұзақ уақыт бойы жүрген қойылымдардың қатарынан табыла 
білді.  
2010-шы  жылдары  қазақ  режиссерлерін  дүние  жүзіне  әйгілі  махаббат 
жөніндегі  Проспер  Мерименің  атақты  «Кармен»  новелласы  қызықтырып,  осы 
шығарманың  желісімен  қойылған  бірнеше  спектакль  дүниеге  келді.  Бүгінде 
Мерименің бұл туындысы тек кітап күйінде ғана емес, сахна арқылы опера мен 
балетке,  драмалық  спектакльдер  мен  мюзиклдерге  айналған  нұсқада  да 
өнерсүйер  жұртшылық  жүрегін  әлдеқашан  жаулап  үлгеріп,  әлемді  дүр 
сілкіндіріп келеді. Елімізде Ж.Бизенің арқасында ел танитын «Кармен» операсы 
мен  «Кармен-Сюита»  балеті  Абай  атындағы  мемлекеттік  опера  және  балет 
театрының сахнасында аса сәтті көрсетіліп жатыр. 
Ал  драмалық  қойылымы  тұңғыш  рет  Ғ.Мүсірепов  атындағы  Қазақтың 
мемлекеттік  академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер  театрының  сахнасында 
Т.Теменовтің режисерлігімен «Карменсита» болып жүзеге асса, Астана Жастар 
театрында  режиссер  Н.Жақыпбайдың  шеберлігі  арқылы  қарапайым  «Кармен» 
болып сахналанды.  
«Кармен»  шығармасының  бас  кейіпкері  –  испандық  жас  сыған  қызы. 
Кармен өзінің сымбатты келбеті, бойдағы жалын атқан жастық қуаты, жасампаз 
сұлулығы және тартымды тәкаппарлығы арқылы, елдің бәрін өзіне ынтық етеді.  
«Карменсита»  –  махаббат  пен  ғашықтық,  сұлулық  пен  іңкәрлік  сезімдері 
жайында  сыр  шертер,  сүйгеніне  жету  жолында  күресу,  өшпенділік  пен 
озбырлық  жайында  сөз  етер,  тартысқа  толы  туынды.  Сымбатты  да  сұрқия 

105 
 
келбеті,  бойдағы  жалын  атқан  жастық  қуаты,  асқан  сұлулығы  мен  тартымды 
тәкаппарлығы  арқылы  жігіт  біткенді  өзіне  ынтық  еткен  испандық  сыған 
қызының тағдырын әр режиссер өз пайымдауы бойынша шығарды.  
Драмалық қойылымды екі режиссер де кәсіби пластика мен хореографияға 
негіздеген.  Қойылымдардың  сыртқы  формасы  мен  сценографиядағы  қара  мен 
қызыл  түстерді  ортақ  пайдалануына  қарай  отырып  аздаған  ұқсастықтарды 
байқауға болады.  
Ал,  режиссерлардың  екеуі  де  музыканы  қойылымның  компоненті  ғана 
емес,  сахналық  бейнелеу  құралдарының  бірі  іспеттес  қолданған.  Ол  тартыс 
желісін  шиеленістіріп,  сахнада  өтіп  жатқан  өмір  құбылысын  қоюлатып, 
кейіпкерлердің ішкі дүниесін аралап, толық ашылуына септігін тигізіп жүр. Екі 
Кармен  де  туынды  желісінде  асқан  сұлулығымен  қатар,  тағылымсыз,  екіұдай 
жасампаз  қылықтарымен  бейнеленеді.  Әйтсе  де,  оның  ерекше  болмысы  – 
айналасына  махаббат  сыйлаған  ару  кейпінде  көрініс  табады.  Басты  ролді 
сомдаушы  Жанар  Мақашева  (Ғ.Мүсірепов  атындағы  Қазақтың  мемлекеттік 
академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер  театры)  мен  Айым  Жүсіпбекова 
(Астана  Жастар  театры)  қазақ  театрларының  ішіндегі  пластикасы  мықты 
актрисалар  екендігіне  дау  жоқ.  Актрисалардың  мұндай  қабілетін  бағалаған 
режиссерлер  де  драмалық  ішкі  күйзеліс  пен  хореграфияны  қатар  алып  жүре 
алатындықтан  ғана  бұл  рөлге  бекіткендігі  белгілі.  Актрисалар  қолдан  келген 
қабілеттерін аяп қалған жоқ. Ролге барынша еніп, классикалық шығармалардың 
ішіндегі  Карменге  ғана  тән  албырттық  пен  ішкі  «Менінің»  мықтылығын 
көрсетуге тырысты.  
Ғ.Мүсірепов  атындағы  Қазақтың  мемлекеттік  академиялық  балалар  мен 
жасөспірімдер  театрындағы  хореографтың  режиссерлік  шешімі  негізінен 
көпшілік сахнасының синхронды биімен байланысты болса, жастар театрында 
ауыртпашылықтың  басым  бөлігі  басты  рөлдегі  Кармен  мен  Хосеге,  олардың 
тікелей 
пластикалық 
мүмкіндіктеріне 
түскен. 
А.Жүсіпбекова 
мен 
Б.Керімбаевтардың  бұл  жердегі  актерлік  концепциясында  диалог  аз.  Олардың 
бір-біріне деген махаббаты мен сыртқы ортаға деген екіұдай сезімдері күрделі 
би  қозғалыстары  арқылы  беріледі.  Ал,  көпшілік  сахнасы  қалыптасқан  ұғым 
бойынша рөлді ашудағы қосалқы күш көзі ретінде ғана қарастырылған.   
Екі театрдың да актерлік ойынында кейіпкерлер бейнесін ұтымды бере алу 
мен  артистизм  басым  болды.  Басты  рөлдегі  актерлердің  пластикасы  мен 
темпераменттілігі  жоғары  деңгейде  көрсетілді.  Актерлер  би  арқылы 
кейіпкердің  бүкіл  болмысын  бере  алды,  себебі  драма  театрлары  сахнасынан 
мұндай  хореографиялық  шеберлікті  сирек  көріп  жататынымыз  белгілі.  Ғ
 
Ғ.Мүсірепов  театрының  сахнасындағы  қойылымдағы  актерлер  аздаған 
жылғы  тәжірибесіне  қарамастан  өз  мүмкіндіктері  мен  шеберліктерін  сабырлы 
әрі  ирониялық  түрде  жеткізсе,  Жастар  театры  өз  әлеуеттерін  жарқын 
энергияларға  толы,  кинетикалық  тұрғыда  көрсетті.  Т.Теменовтың  Кармені  – 
Жанар Мақашева мейілінше өмірден алған сабағы көп, басты  мақсатына жету 
жолында  ештеңеден  тайынбайтын  өзіндік  харизмасымен  ерекшеленеді.  Ал, 

106 
 
Жастар  театрындағы  Кармен-Айым  Жүсіпованың  рөлінде  әлі  де  болса  жүрегі 
жаманшылықтардан ада, пәк екендігінен хабар беріп тұрады. 
Астана  Жастар  театрында  режиссер  Н.Жақыпбай  ұсынған  идеяларды 
хореограф  жаңа  ойлармен  толықтырып,  әйел  бақытының  табиғатын  зерттей 
отырып,  көптеген  сезімдер  үйлесімділігін    жасады.  Қатыгездік  пен 
сүйіспеншілік, бақыт пен ауыртпашылық, нәзіктік пен қаталдық, қызғаныш пен 
кеңпейілділік  сезімдері  қатар  салтанат  құрды.  Спектакльдің  басты  мақсаты  – 
қараңғылықтар бір бірін жеңе алмайды, тек жарық қана олардың ортасына түсе 
алады. Сондай-ақ, жеккөрушілік сезімдердің арасындағы махаббат қана әлемді 
сақтап қала алады.  
Н.Жақыпбайдың  режиссерлік  шешіміндегі  басты  реквизиттердің  бірі  – 
саты  тиімді  көмекші  рөл  атқарып  тұр.  Көпшілік  сахнасының  ат  салысуымен 
саты  басты  кейіпкерлерді  ойнату  мен  олардың  бейнесін  ашуда  түрлі  формаға 
еніп жәрдемдесуде.  
«Кармен» қойылымы арқылы екі театр да өзінің шығармашылық қабілетін, 
күрделі шығармаларды меңгере алатын мүмкіншілігін көрсетті. 
М.Әуезов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық  драма  театрының 
репертуарында 
ұзақ 
жылдарға 
тұрақтаған 
әлемдік 
классикалық 
қойылымдардың  бірі  неміс  драматургі  Герхардт  Гаупманның  «Ымырттағы 
махаббат»  драмасын  айтуға  болады.  Пьеса  Германияға  фашизмнің  келе 
бастаған тұсында жазылғандықтан, шығарманың желісі қарапайым тұрмыстық 
сюжетке құрылғанымен, елде болып жатқан саяси өзгерістер астарлы ойлармен 
керемет жеткізілген.  
«Семейная  история  читается  как  смена  эпох.  Семья  Клаузенов  – 
своеобразная  модель  современной  Гауптману  Германии,  в  которой 
филистерская  среда  уже  в  1920-е  годы  обнаруживала  явную  склонность  к 
грубой силе, а в начале 1930-х позволила ей прийти к власти», [87, 95 б.] - деп 
ресейлік  театр  зерттеушісі  И.Холмогорова  айтқандай  қарт  Маттиас  Клаузен 
ескі Германияны бейнелесе, оның балалары жаңа фашистік саясатты ұстанған, 
ескі тәртіпке қарсы шыққандар жағын көрсетті. Пьеса 1932 жылы жазылса да, 
құндылығы  мен  тақырыптық  өзектілігіне  байланысты  Р.Андриасянның 
режиссерлігімен  қазақ  сахнасынан  бүгінге  дейін  түспей  келе  жатыр.  Бас 
кейіпкер Маттиас Клаузеннің жан дүниесі жас Инкенге деген махаббатқа толы. 
Бұл сезімнің жетегінде жүрген Клаузен оқиға барысында балаларының бұрын-
соңды білмеген мінез-құлқын байқайды.  
Спектакльдегі  табыс  –  актерлік  өнердің  биігінен  көрінген  Клаузен 
роліндегі  КСРО  халық  артисі  Асанәлі  Әшімов.  Актер  Клаузен  бойындағы 
байсалдылық,  парасаттылық,  сонымен  бірге,  оның  тұрпатына  тән 
қарапайымдылық, 
мейірбандық, 
әділет, 
табиғатынан 
адамға 
деген 
сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді дұрыс аша білген. Спектакльдің екінші 
жартысында  А.Әшімов  ойынында  трагизм  басым.  Мұнда  ол  сүйген  жарына 
қосыла алмауының бірден-бір себебі – өзі мәпелеп өсірген ұл-қыздарына деген 
өкініш-ренішін  биік  трагедияға  көтерген.  Қойылымның  ұтымды  шыққан 

107 
 
тұстарының  бірі  ретінде  ашуы  әбден  шегіне  жетіп  жынданған  Клаузеннің 
сахнасын  айтуға  болады.  «Асанәлі  жасаған  бейне  психологиялық  һәм 
философиялық  мән-мазмұндылығымен,  сахналық  ауқымының  кеңдігімен 
дараланған.  Ол  жасаған  Маттиас  Клаузен  зұлымдық  пен  әділетсіздікке, 
жамандыққа қарсы күрескер болып көрінеді. Мұнда кейіпкердің ішкі әлемі мен 
сыртқы пластикалық үлгісі сай шыққан. 
Сахналық  әрекеттің  негізі  сөз  десек,  Асанәлі  мұны  толық  меңгерген. 
Дауыс,  үн,  ырғақ  бәрі  де  сахнадан  айтылатын  сөздің  астарын  ашуға, 
кейіпкердің  өзіне  ғана  тән  мінезін  ашып  сипаттауға  бағындырылған»,  –  деп 
Б.Құндақбайұлы орынды атап өткен [88, 303 б.].  
Ал қойылымның жалпы болмысына келер болсақ, нақты бір жаңа көзқарас 
көрсетілмегендіктен,  махаббат  тақырыбы  да  көмескіленіп  көрінбей  қалған. 
Инкен  рөліндегі  актриса  Н.Қарабалина  кейіпкер  әлеміне  толық  ене 
алмағандықтан,  еркін  қимылдай  алмай,  қысылып  жүрді.  Мұндай  тақырыптар 
режиссерлік  шешім  тұрғысында  жинақылық  пен  нақтылықты  талап  ететіні 
белгілі.  Ал,  режиссер  Р.С.Андриасян  автор  көрсетіп  кеткендей  шығарманың 
терең, саяси астарына бармай, қойылымды қарапайым отбасылық конфликтке, 
егде жастағы адамның жас қызға деген бақытсыз махаббатын ғана суреттеген.   
Қазақ  театры  сонау  1928  жылы  Жұмат  Шаниннің  сахнаға  шығарған 
«Гамлетінен»  бастап,  Шекспир  шығармашылығынан  бүгінгі  күнге  дейін  қол 
үзбей  келуде.  Тәуелсіздік  жылдары  ағылшынның  ұлы  драматургінің 
пьесаларын  еліміздің  барлық  режиссерлары  жаңа  интерпретацияда  қоюға 
тырысып,  заманауи  тыныста  өмір  сүруге  мүмкіндік  берді.  Жиырма  жылдан 
астам уақыт ішінде қазақ көрермендерінің алдында Гамлеттің, Лир патшаның, 
Ромео  мен  Джульеттаның,  Отеллоның  бейнелері  жаңа  қырынан  ашыла  түсті. 
Енді  олар  бұрыннан  таныс  классикалық  кейіпкерлер  емес,  қасымызда  жүрген 
замандас бейнесінде көрінді. 
Шекспир  трагедияларының  көшбасын  құрайтын  «Ромео  мен  Джульетта» 
пьесасы  тәуелсіздік  жылдары  қазақ  сахнасында  бірнеше  рет  қойылған 
дүниелердің  бірі  болды.  Пьеса  тақырыбының  өзектілігіне  назар  аударатын 
болсақ,  болашақта  да  сахналануын  тоқтатпайтын  ұлы  шығармалардың  бірі 
болып қала бермек.  Нәтижесінде бір-біріне өлердей  ғашық  екі жас  Ромео  мен 
Джульеттаның  сезімі  ежелден  жау  екі  әулет  Монтекки  мен  Капулеттилердің 
қарсылығына  ұшырап,  қалайда  үйленбек  талпыныстары  ақыры  қайғы-
қасіретпен аяқталатынын білмейтін көрермен кем де кем.  
«Ромео  мен  Джульетта»  трагедиясы  Батыс  Қазақстан  облыстық  қазақ 
драма  театрының  сахнасында  режиссер  Қуандық  Қасымовтың,  М.Әуезов 
атындағы  театрда  өзбек  режиссері  Олимжан  Салимовтың  бір-біріне  мүлдем 
ұқсамайтын шешімдерімен өз көрерменін тапты. 
2007 жылы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының сахнасында 
режиссер  Қ.Қасымов  қойған  «Ромео  мен  Джульетта»  трагедиясында  екі 
ғашықтың бір-бірімен қосыла алмауының басты себебі – дін мәселесінің болуы 
спектакльдің көтерген идеясының ауқымын кеңейтіп, жаңа мазмұнға ие болды. 

108 
 
Бұл  жөнінде  театртанушы  А.Еркебай:  «Шымылдық  ашылғанда  сахнаның  екі 
жағында  бір-біріне  қас  Монтекки  мен  Капулеттидің  отбасылары.  Жай  тұрған 
жоқ,  режиссерлік  шешім  бойынша  Капулетти  жанұясы  креске  табынып 
шоқынып  тұрса,  Монтеккилер  мұсылман  киімін  киіп  намаз  оқып  тұр.  Осы 
бірінші  мизансцена  арқылы  режиссер  бірден  екі  жанұяның  бір-біріне  деген 
қастығының  төркіні  –  дін  екенін  анық  көрсетеді.  Және  бүкіл  қойылымды  осы 
идеяға бағындыруға тырысқан. Режиссердің бұл ойынан пьесаның трагедиялық 
бояуын қалыңдатып, әлеуметтік тартысты күшейтіп көрсету мақсаты танылды» 
[89, 411 б.] және «...Қойылымдағы Қ.Қасымовтың шығармашылық ізденісі сәтті 
нәтижеге  жеткен.  Режиссер  автор  идеясын,  өзінің  ойын  актер  ойыны  арқылы 
жүзеге асырған. Және ең бастысы Қайта өрлеу дәірінің ұлы драматургі Уильям 
Шекспирдің  жазып  кеткен  өлмес  шығармасын  бүгінгі  күннің  мәселелерімен 
үндестіріп  отырып  қоюында.  Режиссердің  тақырып  аясын  қоюлатып, 
шығарманың  трагедиялық  желісін  тереңдеткен.  Осыдан  біз  Қасымовтың 
бұрыңғы  дәстүрлерге  сүйенбей,  тың  ізденіс,  өзіндік  тапқырлық  танытқан 
режиссер  ретінде  қабылдаймыз»,  –  деп  режиссердің  шешімін  құптағанын 
көреміз [89, 415 б.].  
М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының 
сахнасында  О.Салимовтың  режиссерлігімен  жарыққа  шыққан  «Ромео  – 
Джульетта» театрдағы жас актерлерінің жалынды ойынымен көркем қойылым 
деңгейіне жетті. «Бұл пьесаны ұлттық театр өнерінің талантты режиссерлерінің 
бірі  Қайрат  Сүгірбеков  марқұм  қоймақ  еді.  Басын  бастағанымен,  мақсатына 
жете алмай, дүниеден өтіп кетті. Сөйтіп, Қ.Сүгірбеков бастаған бұл қойылымды 
Өзбекстанның  Жастар  театрының  көркемдік  жетекшісі,  танымал  режиссер 
Олимжан  Салимов  мырза  жалғастырып,  сахналап  отыр.  Қойылымда  тың 
трактовкалар бар, оның үстіне, жас артистер жағы көбірек қамтылған», – дейді 
Е.Обаев спектакльдің қойылу тарихы туралы [90].  
Қойылымның негізгі идеясы болған «жаулық пен өшпенділік атадан балаға 
мирас  болмауы  тиіс»  ұраны  ұрпақтың  жадына  барынша  сіңірілгендей  әсер 
берді.  Көрермен  қойылымды  тамашалау  барысында  ұлы  махаббат  деген 
қасиетті ұғымның қанды оқиғаға айналуының тірі куәсі бола алады. Қойылым 
адам  бойындағы  менменшілдік,  пендешілік  сынды  қасиеттерді  жан-жақты 
қырынан ашуға тырысады. Дегенмен спектакльдің идеялық көркемдік жағынан 
кемшіліктері  бар  дейтін  пікірлер  де  бар.  Бірақ,  біз  бұл  пікірмен  келіспейміз, 
өйткені  әлемдік  тәжірибе  бойынша  классикалық  туындылардың  әр  түрлі 
ракурста  сахналанып  жатқандығы  белгілі.  Бұл  спектакльдің  біздің  театрдағы 
формасы  классикалық  үлгіден  аса  алмай  отырғандықтан,  сол  көзқараспен 
қарағанда қазіргі театрдағы мүмкіндіктерді барынша оңтайлы пайдалана білген
идеялық көркемдік деңгейі жоғары қойылымның бірі деп бағалауға болады.  
Спектакльде  әсіресе  актерлік  ансамбльдің  ойынына  баса  назар  аударуға 
болады. Себебі, театр корифейлері мен жас әртістер ойынының өзара үндестік 
таба білуі қойылымның басты жетістіктерінің бірі. Ғазиза Әбдінәбиева, Айдос 
Бектемір, Бақтияр Қожа, Бекжан Тұрыс, Еркебұлан Дайыровтың ойындарымен 

109 
 
қатар,  басты  кейіпкерлерді  сомдаушы  С.  Бақаева  мен  М.Мұхтарұлының 
жарасымды  жұптасып,  сахнада  салтанат  құруы  қойылымның  көркемдік 
деңгейінің көтерілуіне басты себепші болып тұрды.  
С.Бақаева Джульетта бойынан сұлу сымбаттылықты, жұмсақ мінезділікті, 
қыз  бойына  тән  нәзіктілікті  баса  көрсетуге  ұмтылған.  Ал,  М.Мұхтарұлы 
Ромеоның  өмірге  құштарлығын,  сүйген  ғашығы  үшін  түрлі  әрекеттерге 
барудағы жас бозбалаға тән албырттығын да нанымды жеткізген. 
Спектакльде  трагедия  ерекшелігін,  оның  көркемдік-идеялық  мазмұнын, 
автор ойын, замана келбетін, кейіпкерлер мінезін актерлар мен режиссер дұрыс 
түсінген. Режиссерлік жұмысы жұмыр, мизансценалық шешімдері орынды бұл 
қойылымның  репертуарлық  тізімде  әлі  біраз  уақыт  тұратындығына  сеніммен 
қараймыз.  
Польшаның белгілі шекспиртанушысы Ян Котт: «Гамлета» нельзя сыграть 
просто.  Наверное,  поэтому  он  так  манит  режиссера  и  актера.  В  «Гамлете» 
находили  свои  черты  многие  поколения.  Может  быть,  именно  в  том  и 
гениальность  «Гамлета»,  что  можно  смотреться  в  него,  как  в  зеркало. 
Идеальный «Гамлет» был бы одновременно и самым шекспировским, и самым 
современным»  [91,  с.  67]  –  демекші,  Шекспирдің  ең  әйгілі  трагедияларының 
бірі  «Гамлетке»  еліміздің  бірден  екі  жетекші  театрлары  –  Алматыдағы 
М.Әуезов  атындағы  академиялық  драма  театр  мен  Астанадағы  Қ.Қуанышбаев 
атындағы академиялық музыкалы драма театры назарларын аударды. 
Осынау күрделі бейнені жасап шығару әрбір әйгілі театр шеберінің өзінен 
ерен еңбекті талап етері ақиқат. Гамлет ролін мардымды шығару үлкен сын, зор 
мақтан.  Қоюшы-режиссерлар  Юрий  Ханинга-Бекназар  мен  Болат  Ұзақов  бұл 
шығармаға  жаңа  заман  талабынан  келуге  деген  ұмтылушылықтары  бірден 
байқалады.  
Әсіресе,  М.Әуезов  театрының  сахнасында  Ю.Ханинга-Бекназардың 
интерпретациясындағы  «Гамлет»  трагедиясының  уақытпен  үндестігін  табуды, 
спектакльдің  сахналық  үлгісін  де  дәуір  лебінің,  сол  кезеңнің  тұрмыс-
тіршілігінің  бояуын  шартты  түрде  бере  отырып,  Гамлет  өмірі  арқылы  бүкіл 
адамзат тағдырын дәл бүгінгі күн биігінен қарастыруды міндет еткен. Ендеше 
режиссер мен спектакльдің суретшісі Е.Тұяқов Гамлет ғұмыр кешкен ғасырдың 
осы күнмен алшақтығын, жылдар өткен сайынғы адам санасының өзгеруін жіті 
қадағалап,  ескере  өзгеше  бір    қырынан  келуді  діттеген.  Сахнаның  бүкіл 
техникалық  мүмкіндігін  пайдаланған  суретшінің  арқасында  қойылымның 
пластикалық шешімі ұтымды шыққан.  
Әдетте  әлемдік  деңгейдегі  режиссерлер  мен  актерлер  Гамлетті  бірінші 
кезекте  ойшыл  қылып  суреттесе,  А.Сатыбалдының  Гамлеті  бүгінгі  таңда  оны 
зұлымдықпен,  жалғандықпен  арпалысқа  түсе  алар  күрескер  етіп  бейнелеген. 
Актердің  керемет  физикалық  мүмкіндігін  осы  қойылымнан  байқауға  болады. 
Бір  тыным  таппай,  әр  сөзін  әрекетпен  жалғастыруы,  бүгінгі  экшн 
фильдеріндегідей  түрлі  трюктармен  толықтыруы  да  замана  ағымына  сай 
келген. 

110 
 
Ресейдің көрнекті шекспиртанушысы А.В.Бортошевич: «Гамлет» обладает 
необьяснимым  свойством,  подобно  чуткому  сейсмографу,  улавливать  и 
отзываться  на  малейшие  колебания  исторической  почвы,  движения 
социального времени. Эта пьеса, говоря словами Шекспира, призвана «держать 
как  бы  зеркало  перед  природой,  являть...  всякому  веку  и  сословию  –  его 
подобие  и  отпечаток».  У  всякого  времени,  всякого  поколения,  как  известно, 
свой Гамлет» [92, с. 485] – деп айтқандай режиссер Ханинга-Бекназар қойылым 
ырғағы  мен  сахналық  тұтастықты  сақтап,  келісті  актерлық  ансамбль  құрып, 
қазіргі көрерменге жақын өз Гамлетін сахнаға шығарды.  
Ал,  Астанадағы  академиялық  театрдың  сахнасындағы  Гамлет  арқылы 
режиссер  Б.Ұзақов  азып-тозған  орта,  қоғамдағы  жайсыздықты  тереңінен 
философиялық тұрғыда ашқысы келген. «Режиссердің ой-тұжырымы бойынша 
Гамлеттің  ой  арпалысы,  Эльсинордағы  оқиғалар  бір-бірімен  байланыс  тауып, 
бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғамды көрсетеді. Сатқындық пен шарасыздық 
атмосферасы  бүкіл  қойылымды  жаулапалған.  Болат  Ұзақовтың  «Гамлет» 
қойылымында  ағылшын  драматургі  суреттеп  кеткен  өмір  философиясын, 
болмыстың  көлеңкелі  тұстарын  көрсетуі  арқылы  адамзаттың  трагедиясын 
жеткізген» [93, 323 б.] – деп А.Еркебай айтқандай «Гамлет» басты кейіпкердің 
кек  қайтаруы  жайындағы  трагедия  емес,  бұл  әлемдік  өнердегі  аса  ұлы 
философиялық  трагедияның  бірегейі.  Осындай  күрделілікті  барлай  отырып, 
театр  ұжымы  таразылап,  саралап,  елеп-екшеп  барып  асқан  жауапкершілікпен 
қарап, бөлекше шешім табуға күш салған.  
Астаналық  Гамлет  –  Н.Өтеуілов  шиыршық  атқан  шындық  пен  адалдық, 
әділеттік үшін жанын қиюға даяр биік тұлға, жігерлі азамат. «Ол өз уақытына 
тән  алысу-жұлысу,  жұдырықтасу,  қанжар,  қылыш  сияқты  суық  қаруларды 
айқас  үстінде  қалай  пайдалану  жағынан  да  замандастарынан  бір  иық  озық 
тұрған  жасұлан,  бірақ  ұр  да  жық  емес.  Ол  сезімтал,  ойшыл.  Жүзінің 
ашықтығымен сөзді анық жеткізетін дауысының құлаққа жағымды әуездігімен, 
түрмеге ұқсас ғимараттың бұрыш-жақтауларымен нағыз цирк әртістерінше бір 
жоғары шығып, бір төмен түсіп, қиналмай емін-еркін қозғалатын ептілігімен де 
ол көрерменді өзіне бірден баурап алады», [94] – деп өнертанушы Өтен Ахмет 
актердің жұмысына өз бағасын берді.  
Гамлет  заманының  азып-тозғандығын  шартты  түрде  көрсеткісі  келген 
режиссер  мен  суретші  сахнаны  қараңғы  түнекке  ораған.  Режиссерлік  ой-
тұжырым мен тапқыр шешімдер, жас актерлардың жарасымды ансамбль тапқан  
әдемі ойын өрнегі, өзіндік ұстаным, пайымдары – бүкіл адамзатқа ортақ келелі 
мәселелер төңірегіндегі ойға бағындырылған. 
Еліміздің  жас  режиссерлерінің  бірі  –  Дина  Жұмабаеваның  әлемдік 
классикадағы  қадамы  Қарағанды  театрындағы  «Король  Лирмен»  жалғасты.  
Шымылдық  ашылысымен  бірден  көзге  түсіп,  назарды  аудартқан  мизансцена 
бар.  3  билік,  қарапайым  3  үстел  арқылы  көрініс  табады.  Режиссерлік  шешім 
бойынша  ол  үстелдер  ағайынды  қыздардың  қарым-қатынасына  қарай  бөлініп, 
ажыратылып  отырады.  Патша  десе  бірден  ойға  оралатын  сән-салтанаттан  ада, 

111 
 
тіпті  ханның  тәжі  де  жағымсыз  темірлерден  құралған.  Тек  қыздардың  киім 
үлгісінде  ғана  патшалық  сәннің  кейбір  бөліктері  сақталған.  Атап  өтетініміз, 
режиссер  Шекспир  мәтінін  едәуір  қысқартып,  пьесаға  қатысатын  жиырма 
кейіпкердің жетеуін ғана қалдырған. 
Режиссерлік шешім сәтті актерлік ойынмен толықты.  Актер К.Жұмабеков 
кейіпкерінің  мінез  сырын  ашуда  сахналық  бейнелеу  құралдарынан  сөздің 
айтылу  толқындарына,  ырғақ  интонациясына,  керекті  қимыл-қозғалысқа  мән 
беріп,  асқан  дәлдікпен  пайдалана  білген.  К.Жұмабеков  оқиға  барысында  Лир 
мінезінің  ерекшелігін,  көңіл-күйін  бірден  жайып  салмайды,  ол  оның  
бойындағы  өзгерістерді,  сезім  қалтарыстарын,  ішкі  жан  дүниесіндегі 
дүмпулерді  байыппен  бірте-бірте  айқындайды.  Қорытындысы  ретінде  «Әл-
Тарази Таразға шақырады» атты халықаралық  театр фестивальінде Лир патша 
роліндегі  Кеңес  Жұмабеков  сахнадағы  өнімді  еңбегі  үшін  марапатталғанын 
атап өтуге болады. 
Спектакльдің  сыртқы  пластикалық  шешімі  жөнінде  премьерадан  кейін 
газет  бетіне  жарияланған  мақалада  біз  толық  қосылатын  мынадай  пікір  бар: 
«Декорации  завораживают.  По  сути,  их  нет.  Сцена  как  бы  вывернута 
наизнанку.  Зрители  видят  ее  темное  нутро,  черный  квадрат,  который  обычно 
скрывают  за  расписными  задниками.  Нависающие  над  площадкой  ряды 
осветительных  приборов  –  бескомпромиссный  технократический  фон.  Его 
дополняет  лежащее  на  полу  полотно,  напоминающее  шкуру,  содранную  с 
какого-то гигантского хищника. 
По  шкуре  во  все  стороны  ездят  три  струганных  стола  на  колесиках. 
Впереди стоит жестяная емкость с водой. В руках артистов  – ножи, рыбины и 
битый эмалированный таз (найденный на помойке). 
На мужчинах бесформенные балахоны, не фиксирующие принадлежность 
к  определенной  культуре.  Все  обуты  в  солдатские  ботинки  с  металлическими 
набивками  и  шипами.  Две  старшие  безжалостные  дочери  одеты  в  черное  и 
красное платья. И только младшая Корделия  – воплощение чистоты и света – 
носит белое. 
Происходящее  на  сцене  завораживает.  Режиссер  открывает,  как  устроен 
мир, из которого вырезали компонент радости. В атмосферу небытия погружает 
трек  на  итальянском  языке  «Я  улетаю»  из  музыкального  оформления  цирка 
«Дю Солей»: «Ты будешь помнить каждый момент прекрасного безумия… Мы 
будем воспевать с ностальгией всё наше противостояние. Я взлетаю. Я улечу» 
[95].  Жалпы  алғанда,  қойылым  режиссері  мен  бүтіндей  театр  ұжымының 
спектакльді  қоюдағы  мәдениеті,  бүгінгі  күн  сипатын  беруі,  пластикалық 
шешімін  ұтымды  таба  білуі  шығармашылық  ізденістер  аясының  кеңдігін 
танытады. 
Жас режиссер Д.Жұмабаеваның трагедияны өзінше түсініп, сахнаға қоюға 
тың жолмен, өзіндік ой-тұжырыммен келгендігі қуантарлық жайт. 
Ал М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының 
шығармашылық  бет-бейнесін  танытқан  У.Шекспирдің  «Король  Лир» 

112 
 
трагедиясын  сахналауы  –  аталмыш  өнер  ұжымының  классикалық  дәстүрге 
берік  ұстанымдарының  дұрыстығын  ашып  көрсетті.  Өзінің  суреткерлік 
ізденістерін  жүзеге  асыру  үшін  Р.Андриасян  -  театрдың  бұрын  да  сахналық 
жобаларын  бірге  жасаған  досы,  қазіргі  таңда  Германия  елінің  азаматы  Эрнест 
Гейдебрехтпен қоян-қолтық жұмыс жасап, нәтижесінде спектакльдің көркемдік 
шешімі  -  минамилизм  бағытында  шешілген.  Кейіпкерлердің  киіміне  заманауи 
сипат  берген  суретші  Л.Кужель  тарихи  кезеңнен  бөлек,  уақыт  тынысын 
білдіретін детальдарды көп қолданған. 
У.Шекспирдің  драматургиясындағы  «В  наш  век  слепцам  безумцы 
вожаки!»  деген  Лирдің  тілімен  айтылған  негізгі  ой  -  қойылымның  басты 
арқауына  айналған  [96,  с.  30].  Осынау  ой-тұжырым  спектакль  аяғына  дейін 
нақтылы әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады  
Король Лир бейнесін сахнаға алып шыққан актер Ю.Капустин өз қолымен 
билікті  таратып  беруімен  бірге  жанұялық  бақытын,  әкелік  мейірімін  де 
шашыратып  төгіп  алған  бақытсыз  жанның  ішкі  арпалысы  мен  жүрек  қылын 
шертетін  сәттерін  шынайы  сомдаған.  Актер  кейіпкердің  сыртқы  келбетін 
көрсету  үшін,  гримнің  көмегіне  жүгініп,  кәрілік  дендеген  адамның  аяғын 
сылтып  басуы,  ернін  шылпылдататуы,  бір  нәрсені  есіне  түсіре  алмай  қалатын 
ұмытшақтақтығынан  туындыған  іс  әрекеттері  сәтті  табылған  детальдар 
болатын. 
Ал, көрнекті режиссер А.Эфрос: «Шекспир народен. У него земной взгляд. 
Он видит все так, как оно есть. Его высокая и стройная философия опрощена 
житейски  «низким»  взглядом.  Его  удивительный  интеллект  выражается  в 
простой  интонации.  Он  чуток,  точен,  строен,  откровенен,  груб  и  прост.  И 
абсолютно  естествен.  Самое  трудное  в  Шекспире  –  найти  естественное  и 
простое выражение страсти и интелекта. И еще лаконизм. Даже если речь идет 
об  огромном  многостраничном  монологе»,  -  деп  айтқан  пікір  негізінде 
айтарымыз,  режиссер  аталмыш  қойылымды  үлкен  ізденіс  пен  философиялық 
таным  тұрғысында  келіп,  интеллектуалдық  туынды  етіп  сахналаған. 
«режиссерлік монтаж жасау» әдісі тұрғысынан келген [97, с. 238].   
Әлемдік классиканың «алтын тәжі» іспеттес ұлы драматург У.Шекспирдің 
«Асауға  тұсау»  комедиясының  табиғаты  –  қазақтың  болмыс-бітімімен  ерекше 
үндесетін  өміршең  туындылардың  қатарында.  Ұлттық  театр  тарихының 
өткеніне көз жіберсек, осынау ұлы туынды - қазақ сахнасында тұңғыш рет 1943 
жылв  16  қазанда  Мәскеудің  А.Луначарский  атындағы  театр  өнері 
институтының көрнекті ұстаздары О.Пыжова мен Б.Бибиков сахналапты. Бұған 
алғаш  қатысқан  сахна  шебері  Қ.Қуанышбаевтың  сөзімен  айтқанда,  «аударма 
деуге аузың бармайды». 
 Жетпіс  жылдан  астам  қазақ  театр  өнерінің  майталман  артистері  мен 
режиссерлері аталмыш қойылымда өз қолтаңбасын қалдырғаны белгілі. Әрине, 
соның ішінде саңлақ сахнагерлер Шәкен Аймановтың Петручиосы мен Хадиша 
Бөкеева  сомдаған  Катарина  бейнесі  қойылымды  көзімен  көрген  аға  буын 
жадында  әлі  сақтаулы.  Кейін  қос  актердің  орындауындағы  Петручио  мен 

113 
 
Катаринаның атақты сахнасы - Ш.Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» көркем 
фильміне еніп, көрермендер көзайымына айналды. 
Міне, жетпіс жылдан бері еліміздің көптеген режиссерлері қойған «Асауға 
тұсау»  комедиясы  жастар  театрының  төрінде  Нұрқанат  Жақыпбай  көркемдік 
шешімімен  заманауи  үлгі,  жаңашыл  түрде  сахналанды.  Спектакль  хақында  Н. 
Жақыпбай:  «Мен  бұл  қойылыммен  проблема  шешейін  деп  ойлаған  жоқпын. 
Материал  ұнады.  Бұл  Шекспирдің  ұлы  шығармаларының  бірі.  Оның 
шығармалары  ешуақытта  қартаймайды.  «Күлкілі,  жеңіл  спектакль  дүниеге 
келді»  деп  ойлаймын.  Жас  театр.  Бірақ,  соған  қарамай,  басқа  қолтаңбамен, 
толғаныспен  ойнады  деп  ойлаймын»,  -  деп  аталмыш  комедияның  құндылығы 
мен оны таңдап алудағы себебін айтқан болатын [98].  
Қойылымның  басты  ерекшелігі  –  қоюшы-режиссерден  бөлек,  Бекболат 
Құрманғожаев  пен  Дәурен  Серғазиннің  де  ат  салысқандығы.  Бұдан  үш  бірдей 
режиссердің  жұмысын  айқын  көруге  болады.  Нәтижесінде  Жастар  театры 
сахнасына астарлы әзіл мен көтеріңкі көңіл күйдің  атмосферасы пайда болды. 
Спектакльдің  сәтті  шығуына  –  жас  актерлердің  түбегейлі  табыстарымен  бірге 
көпшілік  сахналарындағы  жәрмеңкелік  ойындар  мен  билердің  көркемдік 
шешіміне  тікелей  байланысты.  Режиссерлік  шешімдерден  бөлек,  әуен  мен  би 
үндестігі,  декорация  жанр  ерекшелігіне  сай  ойластырылған.  Қоюшы-суретші 
Ерлан Тұяқов жұмысынан байқағанымыз – сахнада кеңістік пен қажырлы еңбек 
бар.  
Спектакльде  Петручионың  алар  орны  зор.  Шәкен  Айманов  салған  сара 
жолды  Ыдырыс  Ноғайбаев  жалғаса,  Жастар  театрындағы  туындыда 
классикалық  бейнені  сомдаудағы  сабақтастықты  актер  Әділ  Ахметов  алып 
жүрді. Қызылорда қаласында өткен С.Майқанованың 100 жылдығына арналған 
республикалық  театр  фестивалінде  көрнекті  сыншы  Ә.Сығай  актердің 
Петруччио  бейнесін  сомдаудағы  ерекшеліктеріне,  өнер  жалғастығының 
жарасым  тапқанына  кеңінен  тоқталып,  «Әділ  Ахметов  –  ХХІ  ғасырдың 
Шәкені», - деп баға берді.  
Фактура  мен    қимыл-әрекет  тұрғысында  режиссер  таңдауда  шалыс 
баспады. Бұл таңдаудағы ақтаудағы еңбекті актердің сөз саптасы мен сахнадағы 
жүріс-тұрысынан байқауға болады. Актер жұмысының ұтылған, ұтқан тұстары 
жөнінде  жас  театртанушы  Н.Жұмабай:  «Сөзі  анық,  әрекеті  нық.  Кейіпкерін 
барынша жанды етіп шығаруға тырысқан. Солай бола тұрса да, Әділ ойынына 
сәл  зиялылық  жетіспейтіндей  көрінді.  Петручионың  да  тоғышар  топтың 
ортасында  киіп  алар  бетпердесі  бар.  Бірақ  ол  бетперденің  озық  ойлы,  алғыр 
азамат  Петручио  парасатын,  өре  биігін,  оңаша  қалғанда  ой  қорытар  таным 
көкжиегін көлегейлеуге хақысы жоқ. Осыны актер толыққанды түсінгені абзал. 
Асауға  тұсау  саламын  деп  біртоға  дөрекілікке  кетіп  қалу  бас  кейіпкер 
табиғатына апарар жолда жаңылыстырады. Сондықтан да асауды тұсар азамат 
кейпінде  жүрген  актер  мінезінде  адуындылықтан  бөлек,  серіктесінің  мысын 
басар  ақыл-парасат,  ішкі  тереңдік,  тіпті,  серіліктің  ұшқыны  да  сезіліп  жатса, 
ризашылық сезіміз еселене түсер еді», – деп сабақтайды [99].  

114 
 
Театртанушы  ойымен  келісетін  тұстарымыз  да  бар.  Дегенмен,  бірінші 
қателікті  Катаринадан  іздеу  керек  сияқты.  Себебі,  Катарина  тым  асау  болып 
кеткендіктен, Петручио одан асып түсіп бағындыру мақсатында қаталдығы мен 
дөрекілігін арттырған деп ой түйгіміз келеді. Қойылымда эпизодтық рол болса 
да  мазмұнды  ойын  көрсете  білген  Грумио  -  Жандәулет  Батай,  Люченцио  - 
Дәурен  Серғазин,  Гортензио  -  Нұрлыбек  Төлеген,  Гремио  -  Бейбіт  Құсанбаев, 
Баптиста - Азамат Есқұловтың бейнелері өзіндік бояуымен есте қалды.  
Театр тек бір адамның қолынан келмейтін, ұжымдық өнер екенін ескерсек, 
Жастар театрының жас актерлерінің жұмысын тамашалап, сахналық өнерлеріне 
тәнті болып келеміз. Театрдағы еңбек өтілдерінің аздығына қарамастан «Асауға 
тұсау»  сынды  классикалық  туындыларға  үлкен  батылдықпен,  әрі  оны    оны 
абыроймен  алып  шығуға  деген  ұмтылысы  труппа  еңбегінің  үлкен  жемісі. 
Еліміздегі жастарға деген қолдау ары қарай жалғасын таба берсе, театр өнеріміз 
де жаңаша бір лепке ие болып, театр өнерінен де дамыған елдермен тереземіз 
теңесе бермек.  
«Шекспир – XVI ғасырда өмір сүрген адам. Бірақ арада бірнеше ғасыр өтсе 
де оның пьесалары әлі әлем театрларының сахнасынан түспей келеді. Өйткені, 
қаншама  ғасырлар  өтсе  де,  заман  өзгерсе  де,  адам  табиғаты  өзгермейді.  Қай 
заманда  өмір  сүрсе  де  адам  бойындағы  жақсы  көру,  қызғану,  сүйсіну  сияқты 
сезімдер  сол  күйінде  қалады.  Әсіресе,  билікке,  таққа  таласу  -  адамзаттың 
өмірлік  мәселесі  болып  қала  береді»,  -  деп  профессор  С.Д.Қабдиева  Шекспир 
драматургиясының  өміршеңдігіне  баға  беруі  арқылы,  қазақ  сахнасындағы  да 
режиссерлердің қызығушылығының да төркінін түсіндірді [100, 11 б.].  
Заманауи үлгіде қойылған спектакль комедиялық ситуацияларға құрылған. 
Өр мінезді Петручио қиқар Катаринаны баурап, әзіл арқылы тентектігін жеңеді. 
Катарина тұрмысқа шыққан соң сіңілісі Бьянкаға сөз салушылар көбейіп, әкесі 
Баптиста екінші қызын да ұзатады. 
Өнердегі 
дәстүр 
жалғастығын 
жай-жапсарын 
сөз 
еткенде 
И.П.Эккерманның:  «Во  всем  искусстве  существует  преемственность.  Когда 
видишь  большого  мастера,  то  находишь  всегда,  что  он  умел  воспользоваться 
достоинствами  своих  предшественников  и  именно  благодаря  этому  сделался 
великим»  [101,  с.  307],  -  деген  тұжырымын  негізге  алсақ,  «Асауға  тұсау» 
комедиясын  биік  деңгейде  сахналай  білген  Ә.Мәмбетов  пен  оның  шәкірті 
Н.Жақыпбайдың  режиссурасынан  сабақтастық  бағытының  ерекше  жарасым 
тапқанын айтып өтуіміз керек. 
Әлемдік  аренадағы  драматургтердің  ішінде  А.П.Чехов  ең  көп  қойылатын 
драматургтердің  бірі.  Өз  заманының  жаңашыл  драматургі  А.Чехов 
пьесаларының  қай-қайсысы  болмасын    өзінің  дәуір  тынысын,  уақыт  рухын 
шынайы  бейнелеуімен  құнды.  А.Чехов  шығармаларында  басты  қаһармандар 
жоқ, ондағы кейіпкерлер көпшілік, қалың жұртшылық. 
«Каждая страна и каждый художник теперь имеет право на своего Чехова, 
на  свой  путь  к  нему,  и  из  суммы  этих  общих,  разрозненных  в  пространстве 
усилий  складывается  феномен  мирового  чеховского  театра»  -  деп  ресейлік 

115 
 
театртанушы  Т.Шах-Азизова  айтқандай  Чеховтың  шығармашылығына  қазақ 
театры ашылғаннан бері бірнеше рет оралып отырды [102, с. 416].  
Әсіресе,  2000  жылы  Қ.Қуанышбаев  атындағы  мемлекеттік  академиялық 
қазақ  музыкалық  драма  театрының  сахнасында  режиссер  Ә.Мәмбетовтың 
«Ваня  ағай»  қойылымдары  жұртшылықты  елең  еткізді.  Себебі,  көрнекті 
режиссер  осыған  дейін  аталмыш  спектакльді  М.Әуезов  атындағы  Қазақтың 
мемлекеттік  академиялық  драма  театрының  сахнасында  қойған  болатын.  Егер 
біріншісін  театр  мамандары  көркемдік  деңгейі  жоғары  қойылымдардың 
қатарына  қосып,  ұлттық  театр  тарихына  алтын  әріптермен  енгізсе, 
екіншісіндегі  режиссерлік  батыл  шешімдер  негізінде  келген  артистердің 
шеберлігін,  қазақтың  актерлік  өнеріндегі  сабақтастықтың  жарасым  табуына 
жатқызды.  
2013  жылы  «Апалы-сіңілі  үшеу»  де  осы  театрдың  сахнасында  алғаш  рет 
көрерменге  жол  тартты.  Қоюшы-режиссер  Р.Андриасян  өз  спектаклінде 
психологиялық  сарынға басымдық  берген.  Классиканы өз  деңгейінде оқи білу 
мен  оны  сахнада  тірілту  үлкен  режиссура  мен  үлкен  актерлік  талантты  қажет 
ететіні  белгілі.  Бұл қойылымнан ұтымды режиссерлік жұмыспен  қатар,  кәсіби 
актерлер ансамблін де қатар көруге болады.  
Режиссурадағы  нақтылық  пен  айқындық  орындаушылардың  өз  рольдерін 
дұрыс ұғып, жан-жақты меңгеруге жетелеген. 
Ольга  -  Д.Темірсұлтанова,  Маша  -  Н.Қарабалина,  Ирина  -  З.Кәрменова 
сынды  таланты  мен  сұлулығы  қатар  үйлесім  тапқан  актрисалардың  шынайы 
ойындары арқылы небір күрделі әлемдік классикаларды қазақ тілінде тірілтуге 
қабілетті екендігімізге көзіміз жетті. Өмірдің мәнісін жоғалтқан, не өздерін, не 
өзгені түсінуге шамалары таусылған, өмір сүруге деген талпыныстарынан гөрі 
өкініштері  көп  апалы-сіңлілердің  бар  арманы  «Мәскеуге!»  деген  ұранның 
астында  өтуде.  Ал,  қыздардың  қолы  жетпей  тұрған  Мәскеулері  - 
орындалмайтын  армандардың,  алдамшы  үміттерінің  символы  болып  қала 
береді.  
Жалпы  спектакль  барысы  туралы:  «...Бұл  пьесаның  қазақ  театрындағы 
қойылымы  классиканы  игеру  жолындағы  үлкен  ізденіс  деп  айтуға  болады. 
Драмада негізінен өмір мұраттарының орындалмас құр арман, бекер әурешілік 
екені  бейнеленеді.  Чехов  драматургиясының осындай идеялық  ерекшеліктерін 
дұрыс  түсінген  режиссер  көрерменге  айтар  сыры  мол  спектакль  тудырған»,  - 
деп театр сыншысы А.Еркебай орынды бағалап өтеді [103].  
Ал  қойылымды  көркемдеген  суретші  В.И.Кужельдің  жұмысын  ерекше 
атап  кетуіміз  керек.  Ол  пьесаның  әрекет  орнын  анықтап,  киім-кешек 
эскиздерінің  дәуір  келбетіне  сай  келуін  қадағалаумен  бірге,  спектакльдің 
бейнелік пішін-үлгісін шығарманың көркемдік ерекшелігіне қарай тапқан.  
1975  жылы  ашылған  Республикалық  неміс  драма  театрының  тәуелсіздік 
жылдарындағы  қарқынды  жұмысы  мен  саяси  ұстанымы  –  олардың  тарихи 
Отаны  Германияда  қызығушылық  туғызды.  Германияда  аз  ұлттардың  жалғыз 
театры  Баутцен  қаласындағы  неміс-серб  театрында  өткен  «Ұлттық  театрлар 

116 
 
туралы» атты конференцияға шақырудан бастап, театрдың батыстық мәдениет 
өкілдерімен  біріккен  жұмыс  басталды.  Театр  труппасының  интернационалды 
болуы  театрдың  эстетикасы  мен  бағытында  түбегейлі  өзгерістерді  талап  етті. 
Сондықтан ДТК - пікір сайыстар мен эксперименттер орталығына айналды.  
Өнер  академиясының  түлектерінің  дипломдық  жұмысы  негізінде  Н.Дубс 
сахналаған Б.Брехттің «Да. Нет» қойылымы, Дарья Штоккердің «Contact@net»  
пьесасы  желісінде  қойылған  спектакль  –  театрдың  көркемдік-эстетикалық 
келбетін  танытатын  қойылымдар  болды.  Өнер  ұжымына  2014  жылы 
тағайындалған  көркемдік  жетекші,  әрі  бас  режиссер  Н.Дубс  үшін  театрдың 
негізгі  міндеттерінің  бірі  –  неміс  халқының  мәдени  дәстүрлерін  сақтаудың 
инновациялық жаңа жолдарын іздестіру болып табылады.  
Соның 
нақты 
дәлелі 

«Пробуждение 
весны» 
қойылымында 
республикалық неміс драма театрының бас режиссері Наташа Дубс және Бонн 
қаласындағы  «Патология»  камералық  театрының  көркемдік  жетекшісі  Марен 
Пфайфер  бірігіп  жұмыс  жасап,  шығармашылық  тандем  құра  білді.  Аталмыш 
қойылымдардың  негізінде  Гете  Институты  мен  Алматы  қаласындағы 
Германияның  Бас  елшілігінің  қолдауының  арқасында  қазіргі  заманғы  неміс 
драматургиясының ерекше кішігірім фестивалін өткізді.  
«Пробуждение  весны»  спектаклі  белгілі  неміс  ақыны  және  драматургы 
Франк  Ведекиндтің  (1864-1918)  пьесасы  бойынша  қойылды.  «Пробуждение 
весны» пьесасының алғашқы қойылымы 1891 жылы болды және сол заманның 
консервативтік театрлық ортада жарылған бомба әсерінде өтті. «Пробуждение 
весны»  тақырыбы  жастық  адамгершілік  ізденістердің  билік  етіп  отырған 
көлгірсу  моральмен  қақтығысы.  Режиссер  Наташа  Дубс  ойынша  бұл  пьеса 
бүгінгі  күннің  өзінде-ақ  өзектілігін  жоғалтпаған.  Орыс  сахнасында 
«Пробуждение  весны»  спектаклі  сонау  1907  жылы  Всеволод  Мейерхольд 
қойылымымен пайда болды. Егер Александр Блок және Лев Троцкий пьесаны 
сотқар  және адамгершілігі жоқ  деп  санаса,  Наташа  Дубстің  өз пікірі бар:  «Біз 
жасөспірімдер  өмірінің  қорғансыз  және  қамкөңіл  нәзік  сәттерінің  асқынған 
кездеріне  назар  аударғымыз  келді.  Егер  осы  сәттерде  жанында  жақын  ересек 
адам болмаса, қайғылы жағдайға душар болуы мүмкін», - дейді.  
Жалпы  Қазақстандағы  өзге  ұлт  театрларындағы  режиссураның  дамуына, 
мемлекеттік  тұрғыда  жағдай  жасаған.  Ұлттық  театрлардағы  режиссерлердің 
шығармашылығы  -  толеранттық  пен  бірлік  негізіндегі  Қазақстандағы 
этникалық қауымдастықтарды гуманистік үдерістердің маңыздылығын, бірлесе 
өмір сүру үрдісінің мәнін айқындайды.    
Сондай-ақ, тәуелсіздігіміз қолымызға тиген жылдары әлемдік классикалық 
драматургияға  да  қызығушылық  арта  түсіп,  бұрын-сонды  қазақ  сахнасына 
қойылмаған  Ж.Ануйдың,  Г.Ибсеннің,  Г.Гауптманның,  Т.Уильямстың, 
Э.Олбидің драматургиясымен қатар, орыстың ұлы жазушылары А.П.Чеховтың, 
Н.В.Гогольдің  пьесалары да  жұртшылық  назарына ұсынылды.  Бұл  дүниелерді 
Ә.Мәмбетов,  Б.Атабаев,  Қ.Қасымов,  Н.Жақыпбай,  Т.Теменов,  Б.Ұзақов, 
Д.Жұмабаева  сынды  т.б.  режиссерлердің  сахнаға  шығаруы  -  ұлттық 

117 
 
режиссураның дамуына, тың белестен көрінуіне ықпал жасады. Сонымен бірге, 
бұндай  ізгі  бастамалар  шетелдермен  мәдени  байланыстарды  нығайтуға,  қазақ 
театрының  шеңберін  кеңейтіп  әлемдік  театр  үрдісінен  өз  орнын  табуға  әсер 
етті. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет