Маңғыстау облысының мұнай және газ өндірісі



бет19/20
Дата07.01.2022
өлшемі66,86 Kb.
#17088
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
манғыстау кен орындары

Шығыс Өзен газ кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысымының Жазғұрлы ішкі ойысындағы газ кен орны. Жаңаөзен қаласының оңтүстігінде 12 км жерде орналасқан. 1988 жылы ашылған.

  • Қаламқас мұнай-газ кен орны — Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында орналасқан мұнай және газ кен орны. Кен орнының құрылымы 1974 жылы белгілі болды, іздестіру-бұрғылау жұмыстары 1976 жылы басталып, сол жылы кен орны ашылды. Қаламқас мұнай-газ кен орны өзі қарайтын «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының жалпы мұнайының 70 пайызын өндіретін ірі кенорны. 1979 жылдың 2 наурызында Қаражанбас газ-мұнай кен орнымен бірге өз алдына «Комсомолскнефть» мұнай-газ өндіру басқармасы болып құрылды. Ол атау 1992 жылы «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасына өзгертіліп, кен орны өз төл атауын иемденген. Кен орны 1980 жылдың 2 қарашасында алғашқы миллион тонна мұнайын өндірсе, одан 25 жыл өткен соң 2005 жылдың 6 маусымында 100 миллионыншы тонна «қара алтынын» өндіруге қол жеткізді. Ал бүгінгі күнге дейін 118 миллион тоннадан астам мұнай өндіріліп, ел байлығын еселеп отыр. Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 280 км жерде Бозащы түбегінде орналасқан. Солтүстік Бозащы мұнай бассейніне жатады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет