Тайбағар уран-торий кен орны - Оңтүстік Маңғыстау ойысындағы Қарақия шоқысының оңтүстік-шығыс қанатындағы Мел кен орнынан 70 км жерде орналасқан. 1954 жылы ашылған.
Тамды мұнай-газконденсат кен орны — Үстірт-Бозащы ойпаңының түйіскен жерінде, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Боранқұл станциясының солтүстік-батысында 55 км жерде орналасқан. Кен 1986 жылы ашылып, сол жылы барлау-бұрғылау жұмысы басталған.
Тасболат мұнай-газ конденсат кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысы, Өзен-Жетібай антиклиналдық белдемінде, Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км жерде Қарақия ауданында орналасқан. 1965 жылы шағылған толқындар әдісімен сейсмобарлау кезінде ашылған. 1982 жылдан игеріліп келеді.