Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін, тәрбие жолдарын көрсетеді. Жалпы педагогика екі нәрсе жайынан сөйлейді: 1. Дене тәрбиесі 2. Жан тәрбиесі жайынан.
Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді.
Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолын көрсетеді. Мысалы, мектепте қазақ тілін қай жолмен оқыту керек екендігін үйрететін пән «қазақ тілінің методикасы» деп аталады.
Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға , қалай ұсталуға тиісті кластарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу пәнін қалай белгілеу керек, міне , осылар сықылды мектеп құрылысы жұмыстарын көрсетеді.
Педагогика тарихы. Түрлі заманды түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педагогика тарихы осыларды баяндайды.
Педагогиканы оқыту процесі – болашақ мұғалімнің белсенді оқу-танымдық дәне практикалық әрекеттерінде мақсатты бағытталған педагогикалық үрдісті ұйымдастыру, кәсіби-педагогикалық мотивацияның қалыптасуына бағытталған, педагогикалық білімде жүйелілігін ұғыну, жалпы педагогикалық іскерліктер мен дағдылар педагогикалық қабілеттерді дамыту.
Оқу үрдісі дегеніміз – білімділік мақсатқа жетудегі мұғалім мен оқушы бірлескен іс-әрекетіндегі ықпалдастық және оның нәтижеге жетуін ұйымдастыру жолдары. Педагогиканы оқыту үрдісі жүйелі, жеке тұлғаның құрылымына бағытталған болу керек.
Педагогиканың негізгі ұстанымдары:
Мағжанның Педагогика оқулығын оқи отырып мынандай ой түйіндейміз: ғылым ұлттық болмысымыз бен сана - сезімге жақын этнопедагогика, психология принциптерін негізге ала отырып жазған. Аталған еңбекті сараптай келе өткен ғасырдың 20 – шы жылдарда педагогикалық – психологиялық тракттата айтылған ойлар бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізді дамытуда , әсіресе ұлттық байлығымызды пайдаланып, оны қажетімізге жаратауға таптырылмас мұра болып отыр. Ұлы М. Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық –тәлімгерілік идеялары біз үшін өте құнды дүние.Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол :
Басқа жұрт аспан –көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр , - дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенді.Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттары бұдан әлдеқайда биік.Туған халқы туралы айтқанд, оның кешегі өткен жолын еске алады,оны бүгінгі жағдайымен салыстырады.Оныменде шектелмей,ақын жалпы түріктік идея көтереді.Түрік тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді,жалпы Шығысты пір тұтады.
Пайдаланылған әдебиеттер: М. Жұмабаев. Педагогика Алматы. 1992
М. Бағыбаева. М. Жұмабаев және ұлттық тәлім- тәрбие// Ұлағат
С.Сеңкібаев. М. Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі- ғасырлар тоғысында