32
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
иісті болмайды, тісі бұзылмайды. Пісуіне, шынығуы-
на тұзды судың пайдасы бар. Ал енді, баланы маймен
сылау тіпті де дұрыс емес. Май терінің тесіктерін бітеп
тастайды. Еңсені кѳтертпейді. Ауырайтады, кірлетеді,
терлетеді. Баланы «ѳс, ѳс, ѳс!» деп денесінің құрыс-ты-
рысын жазу аса теріс болмас. Бірақ еп керек. «Ѳс, ѳс,
ѳс!» деп баланың бір жерін шығарып алып жүрме.
Киім.
Баланың дұрыс ѳсуінің негізгі бір шарты
киімнің дұрыс болуы. Баланы желге, күнге тигізбеймін
деп орап, шымқап, үлбіретіп ѳсірудің де қажеті жоқ.
Бұлай ѳскен бала аурымпаз болады. Шынықтырамын,
денесін берік қыламын деп, жалаңаш-жалпы ұстау да
жарамайды. Шынықтырамын деп жүріп, ауруға шал-
дықтырып, жазатайым ѳлтіріп алуы да мүмкін. Киім
дененің жылылығын сыртқа, сырттың суығын денеге
жібермейтіндей болуы керек. Сондықтан да, бала киімі
жұмсақ, жеңіл нәрседен тігілуі қажет.
Бала киімін үлкен кісілер киімімен бірге жууға жа-
рамайды. Үлкен кісі киімінен бала киіміне бір нәрсе
жұғуға мүмкін. Жеткен адам денесіне зиян келтірме-
ген нәрсе жас баланың денесіне зиян келтіруі оп-оңай.
Баланың киімі қолпылдаған кең, денені қысып тұрған-
дай тар да болмасын, шақ болсын. Балаға биік ѳкшелі
етік кигізу, белін белбеумен қысып тастау жарамайды.
Жалпы айтқанда, бала киімі әдемі болсын деп емес,
ыңғайлы болсын деп білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: