Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Мидың қажуы һәм оны тынықтыру



Pdf көрінісі
бет21/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76
Мидың қажуы һәм оны тынықтыру. 
Ми – дененің 
бір мүшесі. Ол жұмыссыздықтан қажыған сықылды 
жұмыстан да қажиды. Қажыған соң тынығуды керек 
қылады. Миды бет алдына жұмсай беру күшін азайта-
ды, хатта оны паралич соғып, адам есалаң болып қала-
ды. Денемен жұмыс қылсаң да, мидың ѳзімен жұмыс 
қылсаң да, мида бір у пайда болып отырады. Сол уды 


53
«Асыл мұра» сериясы
қан жуып алып кетіп, миды тазартып отырады. Егер-
де жұмыс тым қатты болса, миға у тым кѳп жиылады 
да, қанның жуып алып кетуіне шамасы келмей қалып, 
нерв системасының бәрі уланады. Және миға қатты жұ-
мыс істеткенде, қан миға ұмтылып, ѳзге дене ашығып 
қалады да, әлсірейді, сола бастайды. Міне, осы себеп-
тен ақылға жұмыс қылдырғаннан кейін әр уақыт тыны-
ғып отыру керек.
Тынығу екі түрлі болады: не біржола жұмысты до-
ғару, не болмаса жұмысты жаңарту. Жұмысты жаңарт-
қанда да, яғни бір жұмыстың орнына екінші жұмыс 
қылғанда да адам тынығады. Мысалы, кѳру жұмысы-
нан соң (оқу, жазу) есту жұмысына кѳшсе (әңгіме тың-
дау), бала әжептәуір тынығып қалады. Әйткенмен бұл 
тынығу жұмысты біржола доғарып тынығуға жетпейді. 
Әсіресе жас балаларды жиі-жиі жұмыссыз тынықтыру 
керек. Ал енді тынығу уақытында бала не қылады? Бұ-
ған жауап беру үшін мынаны білу керек: бала қозғал-
май отыра алмайды. Баланы ең қажытатын нәрсе – тек 
отыру. Сондықтан баланы тынықтыру дегенде оны таза 
ауада ойнату, таза ауада гимнастика жасату деп ұғу ке-
рек. Ойын һәм гимнастика туралы алдымызда тағы сѳз 
қозғармыз.
Жан кѳріністерін тап-тапқа бѳлу
Жан кѳріністері қанша түрлі болғанмен, оларды 
түп негіздері бойынша үш тапқа бѳлуге болады: білу 
яки ақыл кѳріністері, ішкі сезім кѳріністері һәм қайрат 
кѳріністері. Қазақтың данышпаны Абай бұл үш тап-
ты ақыл, жүрек, қайрат деп атайды. Біз бір заттың яки 
кѳрінісінің сынын белгілейміз, заттар яки кѳріністер 
арасындағы байламды яки айырманы табамыз. Бұл – 
ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл – ішкі сезім ісі. 
Біз бір істі істемекші боламыз, бір мақсатқа жетпекші 
боламыз. Бұл – қайрат ісі.


54
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет