Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет17/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
ЖАН ТӘРБИЕСІ 
Б
астапқы кезде жѳпшенді білінбейтін баланың жан 
тұрмысы бала ѳскен сайын бірте-бірте біліне бас-
тайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан тәр-
биесін қатар алып бару керек. Қатар алып бару емес, 
бала ѳскен сайын тәрбиеші күшінің кѳбін баланың жан 
тәрбиесіне жұмсай беруге міндетті. Тегінде берік ұғу 
керек: адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де 
сол – жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол – жан. Жанды 
дұрыс тәрбие қыла білу үшін жанның жайын баяндай-
тын ғылыммен таныс болу керек.


41
ПСИХОЛОГИЯ 
(Жан тілі)
П
сихология – ескі пән. Бұл пәнді пән қылып дү-
ниеге шығарушы – Айса пайғамбардан бұрын 
болған грек ұлтынан шыққан Александр Македонский 
(Ескендір Зұлхарнайын) патшаның тәрбиешісі Арис-
тотель данышпан. Психология деген сѳз грекше екі сѳз-
ден құралған. Психо – жан, логос – сѳз деген мағынада. 
Яғни жан туралы сѳз, жан туралы пән деген сѳз болып 
шығады.
Жанды ешкім кѳрмесе де, жанның барлығында дау 
жоқ. Бірақ бұл жан деген не нәрсе? Жанның не нәр-
се екендігі туралы үш пікір бар. Үшеуі үш түрлі фи-
лософия пікіріне негізделген. Біріншісі, жан денеден 
бѳлек ѳз алдына бір нәрсе дейді. Бұл – баяғыдан бері 
келе жатқан пікір. Қазақтың жан шыбын сықылды бір 
зат, ѳлгенде ауыздан ұшып шығып кетеді, ұйықтаған- 
да мұрнынан шығып серуендеп жүреді-мыс деген ер-
тегісі – осы пікірдің бір сәулесі.
Бұл жан денеден тіпті бѳлек, ѳз алдына қандай-
да болса бір зат деген пікір «спиритуализм яки идеа-
лизм» деп аталады. Екінші пікір – жан деген дене іс-


«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
керлігінің әсіресе нерв системасы мен ми іскерлігінің 
бір түрі дейді. Яғни жан деген жеке зат жоқ, жан деген – 
дененің бірлігі деген сѳз. Бұл пікір «материализм» деп 
аталады.
Үшінші пікір – жан деген жан кѳріністерінің жиын-
тығы дейді. Яғни жан деген ойлау, сезу һәм барлық 
жан кѳріністерінің жалпы аты дейді. Бұл пікір «фено-
менализм» яғни эмпиризм деп аталады. Қайткенмен 
де адамзат бұл күнге шейін жанның не зат екенін біле 
алған жоқ. Жанның не зат екені білінбеуінен жанның 
барлығына қүмән қылуға болмайды. Жан бар. Барлы-
ғы сол – оның істері, кѳріністері бар. Ақша қарда жо-
сылып жатқан айқын ізге түссек, алдымызда аңның 
барлығына күмән қыламыз ба? Бұ да сол сықылды, 
жалғыз-ақ айырма мынау – ізіне түсіп зерттеп отырып 
адамзат аңды баяғыдан бері соғып келсе де, жанға жете 
алған жоқ. Яғни істері, кѳріністері бойынша жанның 
не зат екенін қанша білмекші болса да, әлі күнге біле 
алғаны жоқ. Бірақ бұдан бала тәрбиесі ақсамайды. Ба-
ланың жанын жақсы тәрбие қылу үшін жанды кѳзбен 
кѳріп, қолмен ұстамай-ақ, оның істерін, кѳріністерін 
жақсы тексеру жетеді.


43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет