Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Әсерленулерді орындастыру



Pdf көрінісі
бет25/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
Байланысты:
мағжан жұмабаев педагогика 230122 134758

Әсерленулерді орындастыру. 
Әсерлену орда 
нервте, мида, жұлында ғана болса да, денеміздің қай 
жеріне әсер болса, біз әсерленуді сол жерге алып ба-
рамыз. Мысалы, саусағымызды суық затқа тигізгенде, 
суық саусаққа әсер бергендіктен, біз суық әсерленуін 
саусаққа алып барып жапсырамыз. Яғни саусақ тоңды 
дейміз. Міне, осы әсер денеміздің қай жерінде болса, 
сол жерге әсерленуді орындастыру.
Перцепция. 
Әсерленуді туғызған себепті яки затты 
табу перцепция деп аталады. Мысалы, біз бір саусағы-
мызды шоққа басып алып күйдіріп алсақ, біздің жаны-
мызда күю әсерленуі пайда болады. Сол уақытта біз 
алдымен қай жерде әсер болғанын табамыз (локализа-
ция), одан соң не себептен бұл әсерлену болғанын, яғни 
саусақты шоққа басып алғаннан мынау әсерленудің 
болғанын ойлап табамыз (перцепция).


59
«Асыл мұра» сериясы
Апперцепция. 
Әсерленуді бұрынғы болған тәжі-
рибелермен толықтыру апперцепция деп аталады. 
Мысалы, біз бір шағым қант кѳрсек, соның бір ақ зат 
екендігі туралы әсерлену алып, осы әсерленуді бұрын-
ғы тәжірибемен яғни қанттың қаттылығы, тәттілігі һәм 
суға салғанда еритіндігін еске түсіріп толықтырамыз.
Перцепция мен апперцепция арасындағы байлам 
мынадай: перцепция неғұрлым күшті болса, аппер-
цепция сонша әлсіз болады. Һәм керісінше, аппер-
цепция күшті болса, перцепция сонша әлсіз болады. 
Мысалы, бір затты ең алғаш кѳргенде бізде перцепция 
күшті. Кѳп кѳргенде апперцепция күшті.
Ал енді апперцепция перцепцияны тіпті жеңіп ке-
тетін болса, ол уақытта адамда иллюзия яғни сезім ал-
дауы пайда болады.
Иллюзия 
– болып тұрған әсерленуді бұрынғы әсер-
лену жеңіп кеткенде болатын сезім алдауы. Келе жат-
қан бір кісіні екінші біреу деп ойлап қалу, шілікті 
қасқыр деп білу, міне, осылар – иллюзия. Аристотель 
тәжірибесі яғни орта саусақ пен сұқ саусақты айқасты-
рып (ортаны сұқтың үстіне салып), екеуінің арасында 
бір домалақ нәрсені домалатқанда, әлгі бір домалақ 
нәрсенің екеу болып кѳрінуі, бұ да иллюзия. Екі қолы-
мызға екі ыдыс алсақ, екеуі бір-біріне тіпті ұқсас болса, 
екеуі де бір нәрседен жасалған болса, екеуінің салмағы 
да бірдей болса, бірақ екеуінің зорлығы екі түрлі бол-
са, осы екі ыдысты біз екі қолымызбен кѳтерсек, бізге 
зор ыдыс жеңіл кѳрінеді. Мұның себебі – біз зор нәр-
сенің салмағы ауыр болатындығына әдеттенгенбіз. Зор 
ыдысты кѳтермекші болғанда біз мұның салмағы ауыр 
ғой деп күшті кѳп даярладық. Бірақ күткеніміздей 
күшіміз кѳп жұмсалмай қалды. Сондықтан зор ыдыс 
бізге жеңіл болып сезіліп отыр. Міне, бұ да иллюзия.


60
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет