Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Әсерленудің іші, күші һәм тоны



Pdf көрінісі
бет24/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
Әсерленудің іші, күші һәм тоны. 
Әсерленудің сын- 
сипаты әсерленудің іші деп аталады. Яғни біз бір сырт-
қы сезім арқылы болатын әсерленуден екінші сыртқы 


57
«Асыл мұра» сериясы
сезім арқылы болатын әсерленуді айырамыз. Мысалы, 
бір дыбысты, түсті, иісті, дәмді бір-бірінен айырамыз. 
Мысалы, қараны ақтан, жусан иісін сасыр иісінен айы-
рамыз.
Түрлі сезім арқылы алынатын әсерленулердің, хатта 
бір сезім арқылы алынатын әсерленулердің арасында-
ғы айырма зор. Зорлығы сонша: оларды-бір-бірімен са-
лыстыруға болмайды. Мысалы, біз қызыл түс пен тәтті 
дәм арасында, яки жусан иісі мен адамның айғайы ара-
сында қандай айырма барын, яки қызыл түс пен сары 
түс арасында, тұщы дәм мен ащы дәм арасында қандай 
айырма барын айта алмаймыз. Себебі, бұларды салыс-
тыруға мүмкін емес. Бір әсерленудің сынын білу үшін 
сол әсерленудің адам жанында болуы шарт. Мысалы, 
тума соқырға түстің не екенін, тума саңырауға дыбыс-
тың не екенін ұқтырып болмайды. Себебі олардың 
жаны дыбыстан, түстен әсерленіп кѳрген емес.
Әсерлену кѳрінісінің дәрежесі әсерленудің күші 
деп аталады. Мысалы, біз ауыр салмақ пен жеңіл сал-
мақты, қатты дыбыс пен ақырын дыбысты айырамыз. 
Әсерленудің күші сыртқы әсердің күшіне байлаулы. 
Сыртқы әсер күшті болса, әсерлену де күшті болады. 
Бірақ әсерленудің дәрежесінің артуы әсер дәрежесінің 
артуына ылғи тура келіп отырмайды. Яғни әсер бір есе 
күшейгенде, әсерлену де бір есе күшейіп, яки әсер екі 
есе күшейгенде әсерлену де екі есе күшейіп отырмай-
ды. Мысалы, бір қолға бір қадақ гир ұстап тұрып, тағы 
бір қадақ гир алсақ, салмақтың артқанын, яғни әсерле-
нудің күшейгенін айқын сеземіз.
Ал енді, егер біз қолымызға бір пұт гир ұстап тұрып 
сол бір пұтқа бір қадақ гир қоссақ, онда салмақтың 
артқанын тіпті сезбейміз. Күшею үшін әр түрлі әсерле-
ну әсердің әр түрлі ѳсуін тілейді. Мысалы, салмақ һәм 


58
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
дыбыс әсерленулері күшею үшін әуелгі әсердің үсті-
не жаңадан сол әсердің ѳзінің үштен бірі қолданылуы 
шарт. Ал енді жарық әсерленулері күшею үшін яғни 
күшейгені сезілу үшін әсердің тағы жүзден бірі қосы-
луы шарт.
Әсерленудің жұғымды яки жұғымсыз болуы әсерле-
нудің тоны деп аталады. Мысалы, дыбыс әсерлеулері- 
нің жұғымды һәм жұғымсызы бар. Бақырған дауыс –
жұғымсыз. Қоңыр әуен – жұғымды. Әсерленудің тоны 
кѳбінесе біздің денеміздің қандай күйде екенін кѳрсе-
теді. Дене сау болса, әсерлену жұғымды болады. Дене 
ауру болса, әсерлену жұғымсыз болады. Мысалы, ауру 
адамға еш нәрсе ұнамайды. Нағыз жұғымды әсерле-
нулер де оған ләззат бермейді. Кейбір аурулар тіліне 
бұрыш яки насыбай салғанда, хатта аяғын кескенде 
аурудың не екенін сезбейді. Есалаң адам ѳз денесін ѳзі 
тас-талқан жара қылса да, ауруды білмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет