Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет22/76
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#123382
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
Жан тұрмысының бірлігі. 
Адамның жан кѳрініс-
тері жоғарғы үш тапқа бѳлінгенімен, бұл үш тап бір-
біріне жуымайтын емес, бұл үш таптың арасында 
берік байлам бар. Яғни адамның жан тұрмысында 
бірлік бар. Екінші түрлі айтқанда, адам бір іс істеген-
де, осы үш тап жан кѳріністерінің үшеуі де қатынаса-
ды. Мысалы, біздің бір саусағымыз ауырды. Сонда біз 
саусағымыздың ауырғанын сеземіз. Бұл – ішкі сезім ісі. 
Саусақтың ауырған себебін тексереміз. Бұл – ақыл ісі. 
Сол ауруды жеңілдетуге, бітіруге, жазуға ұмтыламыз. 
Бұл – қайрат ісі. Ал енді адамның әрбір ісіне осы үш 
тап жан кѳріністерінің үшеуі қатынасатын болғандық-
тан, сол ақыл, ішкі сезім, қайрат үшеуін бірдей тең тәр-
бие қылу – тәрбиешінің міндеті. Бір адамның осы үш 
тап жан кѳріністері тең болмай, біреуі таразыны басып 
билеп кетсе, ол адам бақытты болмақ емес. Бұл туралы 
данышпан Абайдық тѳмендегі сѳзі шын дұрыс сѳз.
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек, 
Жылытқан тұла бойды асық жүрек, 
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық
Бұл қайраттан шығады, білсең керек. 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста
Сонда толық боласың елден бѳлек. 
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек. 
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, 
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. 
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жѳнін білмек.


55
АҚЫЛ КӨРІНІСТЕРІ 
ЯКИ ЖАННЫҢ БІЛУІ 
ӘСЕРЛЕНУ 
Ә
серлену ұғымы. 
Нерв системасы алып келген 
әсерді жанның ұғуы, аңдауы әсерлену деп атала-
ды. Жан алдымен білімді осы әсерлену арқылы алады
Әсерлену кѳрінісі қалай болады? 
Әсерлену 
кѳрінісінің болуы былайша: сыртқы дүниедегі бір 
зат біздің денемізге, яғни нервінің ұшына (перифе-
рия нервілеріне) әсер қылады. Мысалы, дауыс құлақ 
нервісіне әсер қылады. Осы әсерді нерв орда нервіге
яғни миға алып барады. Ми осы келген әсермен әсер-
ленеді, яғни мида бір аңдау пайда болады. Міне, осы 
нерв системасы алып келген әсерді жанның аңдауы – 
әсерлену деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет