Мағжан Жұмабаев шығармалары Кіріспе



бет5/8
Дата30.03.2023
өлшемі295 Kb.
#77697
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мағжан Жұмабаев

Ноян бейнесі

Ал, шығармадағы Ноян бейнесі-шығармаға негіз болған ұлы идеяны өрлетудің алтын арқауы. Жоғарыда атап өткеніміздей, Ноян Баянның туған інісі емес, аңыз желісі бойынша Баянның ағасы Сарының Қыстаубай деген баласының рөлінде тұрған образ. Әңгіме Ноянның кімнің рөлінде тұрғандығында емес, поэма оқиғасында қандай рөл атқарғанында. Мағжан Ноян бейнесі арқылы драмалық тартысты шиеленістіре дамытады. Ақын Ноян бейнесін: Баянның інісі бар он бес жаста-


Бөрінің бөлтірігі бала Ноян
Ноянның бар ақылы білегінде
Билеген асау жүрек қайнаған қан, [1,33 бет] деп сипаттайды.
Ноян –сезімнің құлы. Ол тұтқын қызға ғашық. Поэмада ол былай көрінеді: Келгенде – ақ сұлудың қарауынан
Ноянның жүрегінен ұшқын туған.
Сол ұшқын өртке айналып жап-жас Ноян,
Алысып жүрегімен, аласұрған, [1,33 бет].
Оны құмарлық сезім билеген. Сол құмарлықтан шығу үшін, Ноян Отанын сатуға әзір. Қыз Ноянға ауылға бірге жетейік дегенде, Ноян:
Жас Ноян жас қанына тұншыққан соң,
Ұмытпай тұрсын қалай өзі-өзге!
"Жарайды, даярмын!" – деп айтып салды,
Ойланып бір минутта қимай төзім,
Сол сайда уәделерін бекітісіп,
Екеуі айналасын ыстық жүзін [1, 36 бет] .
Ноян елін сатуға әзір дегенімізбен, оның "әзірлігі" саналы есептен тумаған. "Мұным қалай болды?" – деп ойланып –толғануға оның мұршасы жоқ. Оның он жасы – асау жүрегі, қайнаған қаны.
Жатықта жалынданып сүйген қандай!
Баладай өсіп жылап, күйген қандай?
Көрмеген жан –жарынды өлгендей боп,
Қайғырып күлдей кебін киген қандай!
Кеудеңе жан кірмей ме, көзің шалса,
Өмірің жаңа ағарып ашқан таңдай
Кеудемді қасиетті сәуле кернеп,
Жүрегім сол минутта жарылғандай
Не дерсің салпаң құлақ есектерге,
Өгіздей өмір сүрген сүймей-жанбай! [1,34 бет].
Поэмада махаббат гимні сияқты естілетін осы өлең жолдары дәл осы Ноянға байланысты жазылған.
Ноянның бар ақылы білегінде, дейді ақын. Оның басқа жазығы жоқ. Сүйгені үшін жазықты емес. Ноянды алды-артына қаратпай, ата дұшпанының еліне дедететкен шынайы сүйіспеншілік. Осындай сүйіспеншілік бұл жолы қарыз бен парыз аталуынның қайсысынан да үстем шыққан.
Ноянға қалмақ қызы:
Бөбегін шырылдатып ап кеткенде,
Ата-анам жылап-зарлап қалған еді.
Сорлы анам көкірегін көкке сауып,
Қан жылап менен бір ат алған еді.
Ол атты: "Елдің шетін, анаң бетін,
Бір көрмей, қозым елге барма" – деді:
Анама сөзім-анау, өзім-мынау
Жас Ноян жүгінемін ер деп сені, [1, 35 бет] дегенде, Ноянның қыз тілегіне қарсы болмай келісім беруінің бір сыры-ананы құрметтеу екі халықтың да қанына сіңген қадірлі дәстүр.
Қорыта келгенде, поэмадан махаббат драмасының басты кейіпкерінің бірі –Ноян еркіндік символы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет