Студенттердің оқу тобы- министрліктің нақтлық ЖОО-нында оқытып даярлауға рұқсат (лицензия) берілген мамандыққа сәйкес құрылған ресми оқ(ыт)у ісі жүзеге асатын, ЖОО ректорының (құзіреттік) бұйрығымен ресми тізім түрінде құрылған студенттер тобы.
Студенттің қорытынды аттестациясы ( Qualification Examination)- білім берудің жалпы міндеттерінің мемлекеттік стандарттарына сәйкес, белгілі пәні бойынша игерілген оқу мөлшерін көрсетуге арналған әдістеме.
Студенттің оқу жетістігі- оқу барысында меңгеріліп, азаматтың (тұлғаның) оқу үдерісі нәтижесінде даму деңгейін анықтайтын білім, икемділік, машықтық және құзіреті арқылы анықталады.
Студенттің оқу жетістігін бақылау- ЖОО-ның өзі бекітетін, студенттің білім деңгейін көрсететін бақылаудың (ағымдық, аралық және қорытымдылық) түрлері.
Студенттің өзіндік жұмысы (мұнан әрі-СӨЖ) - белгілі бір тақырыптардың тізіміне байланысты қамтамасыз етілетін оқу – әдістемелік әдебиеті мен ұсыныстар, тестілер арқылы тексеру, бақылау жұмысы, коллковиум, рефераттар, шығармалар мен жауаптарға байланысты
жұмыс істеу үшін студентке бөлінетін уақыт саны; олар оқушылардың категорияларына сәйкес студенттің өзіндік жұмысы ( СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ), докторанттың өзіндік жұмысы ( ДӨЖ ) деп бөлінеді; СӨЖ – дің барлық мөлшері студенттің апталық оқу жұмысының көлемімен анықталады.
Таңдау ( элективтік) пәндері– (а) таңдау компонентіне тиісті кредиттер ауқымына енетін, (ә) нақтылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеретін және (б) ЖОО-да қалыптасқан ғылыми мектептердің жетістіктеріне сәйкес жасалған, (в) оқыту ұжымы ұсынған, (г) студенттің жеке жоспарын құруға негіз болатын пәндер.
Таратылатын белсенділік материялдары (Hand-outs) – оқушының сабақ түрлері мен тақырыптарына сәйкес (дәріс, мәтіні, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өзіндік жжұмыс тапсырмалары) шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды әуендету үшін берілетін көркем безендірілген материялдар.