Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналады Махамбеттің бір күні



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата09.03.2017
өлшемі0,57 Mb.
#8580
1   2   3   4   5   6   7   8

Жәңгір:

 

Ей, Баймағамбет! 

 

Не деп тұрсың тасынып?



 

Ханға берер сәлем қайда бас ұрып?

 

Мәз болып тұрған түрің бе,



 

Менен бағыңды асырып?

 

Кетіпсің ғой ӛзің бүгін ӛзгеріп!



 

Әлде,


 

Қылықтарың кӛп пе екен,

 

Жүрген менен жасырып?



 

 

Баймағамбет:



 

О не дегеніңіз хан

-

ием,


 

Бӛтен ой ойламайды ініңіз.

 

Біз сіздің мәңгі құлыңыз!



 

 

Жәңгір:



 

Кӛлгірленбе,

 

Мына мінез еш жобаға соқпайды,



 

Хан қамы деген, сенде, жоқ қайғы.

 

Тағыңды да, бағыңды да мен бергем,



 

Ал бұл болса «О Тәңір» деп оттайды.

 

 

Баймағамбет:



 

Тәңіріне табынған,

 

Құдайына жалынған



 

Оттай ма екен?

 

Інісіне берген бір тайын



 

Хан дәрежелі ағасы жоқтай ма екен?

 

 

 

Жәңгір:

 

О

-



о!

 


Саған да тіл шыққан ба,

 

Қателесіп кеппін



-

ау,


 

Алдияр хан деп бұққанға.

 

Талай пәле жатқан шығар түйіліп,



 

Анау ішіңде сенің, ұққанға...

 

 

Баймағамбет:

 

Хан


-

ием! 


 

Сіз менің  бір ауыз сӛзімді

 

Жамандыққа жорымаңыз...



 

 

Жәңгір:



 

Жетер! 


 

 

Баймағамбетті тоқтатып тастайды.



 

Сӛйлемейтін бұрындар жағын ашып,

 

Тұр екен ғой тап бүгін бағы асып.



 

Байқамайды

-

ау, мен қаласам



 

Бас бәйгімен қосыла

 

Аста тағы кетерін бағы қашып.



 

 

Жәңгір:



 

Ата жолын білеміз



 

Бәйгі ошақ басында қалады.

 

 

Шонты би:



 

Сабыр, сабыр хан

-

ием!


 

Мына жердің ауасын жұту біздікі,

 

Ал, ұланғайыр дала сіздікі!



 

Құлшылық ету біздікі,

 

Ал, мына дене, жанымен қоса сіздікі!



 

Тойдағы қуаныш біздікі,

 

Жәңгір тойы, қалған барлығы сіздікі!



 

Ішіп


-

жемек біздікі,

 

Абырой


-

атақ сіздікі!

 

Шындығында,  



 

Біздікі дегеніміздің бәрі түгел сіздікі!

 

 

 



Жәңгір ашуы басылғандай жай басып шығып кетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-

көрініс

 

 

 

Той жүріп жатыр. Билер отырған үй.

 

  

Шонты би:

 

Еділ


-

Жайық арасында

 

Екі жүз жыл,



 

Мүмкін үш жүз 

 

Осындай той тойланбапты.



 

Ханы да бар, қарасы бар

 

Біреуі де ойға



 

алмапты.


 

 

Балқы би:



 

Жәңгір хан оздырып тұр ғой атағын,

 

Бағы жанып тұр ғой, баталым.



 

 

Шонты би:



 

Жеке шапқан тұлпардай

 

Тастап кетті ғой далаға,



 

Бәсекелес, қатарын.

 

 

 



Бір кісі Махамбет келді деп хабар айтады. 

 

 

Балқы би: 

 

Шақыртқан мен едім. Кірсін біздің үстімізге.

 

 

Махамбет ақын мен Тӛлеген кіреді. 



 

 

Махамбет:



 

Ассалаумағалайкум,

 

Жайсаңдар мен мырзалар!



 

Құр сӛзбенен таң атырып,

 

Бос билікпен күн батырып,



 

Жорға мініп ырғалар.

 

Кетті ме деп жалығып,



 

Тӛлеген жырауды еріте келдім қасыма,

 

Құмар болып жүрме деп



 

Асыл


 

сӛзбен, жырға зар.

 

 

Шонты би:



 

Саламат бол, Махамбет!

 

Аман


-

есен жүрмісің?

 

Кӛптен кӛзге түспедің,



 

Тергеуде басың, істі едің,

 

Ханға қарсы қол жинап



 

Түсініксіз болды

-

ау істерің.



 

Алшын түгіл әлемің

 

Жеңе алмайды дейді ғой



 

Орыс патша күштерін.

 

Риза боп Тәңірдің



 

Жүре берсең қайтеді

 

Ӛзіңе шақтап пішкенін.



 

 

Махамбет:



 

Тындырған ісіңе риза боп

 

Отырғаның ба еді бұл, ӛзіңе.



 

Ханнан басқа адамдар,

 

Кісі боп кӛрінбейтін шығар кӛзіңе.



 

Ки дейсің бе, Шонты би

 

Ӛзіңе шақтап пішкенін.



 

Кеміткің келді

-

ау басымды



 

Тергеуде деп, істі едің.

 

Сездіргенің сол дағы



 

Би едім, сенен күшті едім.

 

Оның рас,



 

Ойлағаның болып тұр.

 

Исатайды ӛлтіріп,



 

Махамбеттей жетімді

 

Алдарыңа келтіріп



 

Онда біз де саралап бір ӛтелік,

 

Ауыр айтсам шошыма.



 

Дәметпесек те сіздерден

 

Тура билік, тӛтелік,



 

Ауызға келген жел сӛзді

 

Кейін қарай қайтарман,



 

Сӛйлетпей билер қоя ма

 

Бата алған кілең сайтаннан,



 

Ей Шонты би, Шонты би!

 

Ер туады елінен



 

Елдің мұңын айта алған!

 

Оза шауып бәйге алар



 

Ат туады байталдан.

 

Кӛтермелеп тойыңды,



 

Ортаға сал деп ойыңды,

 

Айт десең лебіз қайтарман!



 

Халық қайғысын айтуға,

 

Хан ұлынан тайсалман!



 

Толқыған халық қаһарын

 

Кім бар еді қайтарған!?.



 

 

Шонты би:



 

Сен халық қаһарын айтасың,

 

Баяғы жалған намыс айтарың.



 

Мен Тәңір қаһарын айтамын,

 

Елді сақтап қалу жолы айтарым.



 

Еділдей тасып бір ағын 

 

Жақындап қалды батыстан,



 

Қандай қайрат кӛрсетер

 

Зеңбірекке оқталып



 

Садақ пенен атысқан,

 

Хан қамығады соны ойлап,



 

Би жабығады соны ойлап,

 

Берілмеске не амал,



 

Қасірет жақындап қалды батыстан...

 

 

Махамбет:



 

Ақпақ түгіл сол ағын



 

Жаусын кӛктен сорғалай!

 

Тасқын емес сел болсын!,



 

Ӛмір сүрмен жорғалай!

 

Қазақ бүгін бас исе, 



 

Ертең қалай ел болмақ!,

 

Ӛзін


-

ӛзі қорғамай!

 

Ӛлімді ойлап дірдектеп,



 

Ӛмір сүрмен қорғалай!

 

Осы жолы хан Жәңгір



 

Жауға берсе пейілін,

 

Хан ұлына қас болу,



 

Қара ұлына бас болу,

 

Мендей ерге жӛн екен.



 

 

Шонты би:



 

Басында хандай басы бар

 

Заман саған кӛне ме?



 

Заманның Жәңгірдей иесі бар

 

Билікті саған бере ме?



 

 

Махамбет:



 

Дұрыс айттың Шонты би!

 

Билікті бізге кім берер?



 

Әй, зымиян заман

-

ай

 



Заман деген жаман

-

ай.



 

Тырнап тастар беті жоқ,

 

Шайнап тастар еті жоқ,



 

Жғаласар жаны жоқ, 

 

Шашып ішер қаны жоқ



 

Адам емес, ел емес, 

 

Кӛз кӛретін жер емес,



 

Сорлатты ғой біздерді

 

Заман деген құр елес!..



 

Заман деген бұл елес!..

 

Билерге беріп ерігін



 

Күшпен бәрін билейді,

 

Әлсіздерді илейді,



 

Не де болса тәуекел,

 

Заманыңа, ханыңа



 

Ерегестік кӛнбедік!..

 

Аламанға жел беріп,



 

Сенделген анау елге еріп,

 

Заманға қылдық біз егес!..



 

 

Шоты би:



 

Ханға қарсы боласың

 

Хан да елдің баласы,



 

Жер де оның анасы.

 

Хан сӛзінен қаймықпай



 

Айтқан сӛзін айнытпай,

 

Болып жатқан жайды ұқпай



 

Тоздырарсың жеріңді,

 

Бос қырарсың еліңді...



 

Байқа батыр, Махамбет...

 

 

 



Махамбет:

 

Олай деме Шонты би..

 

Ел қыратын мен емес,



 

Елге қорғаған мен едім.

 

Еділдің бойы ен тоғай,



 

Ел қондырсам деп едім!..

 

Жағалай жатқан сол елге



 

Мал толтырсам деп едім!..

 

Ханнан қырық туғанша,



 

Қарадан бір

-

ақ тусайшы,



 

Исатайдай

 

ер болып,



 

Халықтың кегін қусайшы!

 

 

 



 

Шонты би:

 

Тап осылай тақылдап

 

Талай ерлер кеткенді,



 

Жӛнге салып соларды

 

Талай заман ӛткенді.



 

Келісе алмай екеуі,

 

Заманға ерлер кектенді.



 

Исатай да кешегі,

 

Орынсыз бекер текке ӛлді.



 

 

Махамбет:



 

Қателестің Шонты би!

 

Ерлер


 

текке ӛтпеген,

 

Ерлік текке ӛшпеген.



 

Жырлап солар ерлігін

 

Ұрпақ бекер ӛспеген.



 

Соның бірі Исатай –



  

Атқа мінген ағаның

 

Атына тұрман болсам деп,



 

Мынау қара қазақтың

 

Жұртына құрбан болсам деп,



 

Исатайдың күні ӛткен.

 

Адырнасын ала ӛгіздей мӛңіреткен,



 

Атқан оғы

 

Еділ


-

Жайық тең ӛткен...

 

Арыстан еді



-

ау Исатай!

 

Айтқанын қылмай қазағы



 

Басына қонбай сабағы,

 

Арандатса алауыз,



 

Ұмытады тобаны.

 

Қарындас қашан ӛзіне,



 

Осыдан тәлім алады?..

 

Бірлікте басы болады?..



 

Осыларды ойласам

 

Ӛкініштің у, зәрі



 

Жүрегіме тамады.

 

Менің қайғы, қаныма,



 

Жау мейірі қанады.

 

Адамдар қашан ес жиып



 

Бірлікте басы болады?..

 

 

 



Бас сарбаз кіреді. 

 

 

Бас сарбаз:

 

Билер! 


 

Сіздерді хан шақырады. 

 

Махамбетті еріте келсін деп бұйырды.



 

 

 



Махамбет:

 

Сабақталмай қалды ойымыз,

 

Теңдеспей қалды бойымыз.



 

Кездесерміз тағы да,

 

Уа Шонты би, 



 

Аяқталғанша тойымыз...

 

Барлығы сахнадан кетеді. Шымылдық.

 

 

 



 

 

4-



көрініс 

 

 

Билер мен Махамбет хан үстіне кіріп сәлемдеседі.



 

 

Махамбет:



 

Ассалаумағалайкум ханымыз!

 

Аман ба ел, жаныңыз?



 

Құтты болсын 

 

Патшадан алған атағыңыз.



 

Енді еліңізден де

 

Алғыс пен бата алыңыз!



 

Генерал атақ қоздырар,

 

Ауруға ем болмайды.



 

Ел батасы оздырар,

 

Дәріден кем болмайды.



 

 

Жәңгір:



 

Айтқаның келсін Махамбет!

 

Кездескен жерде 



 

Ӛзіңе ақындығыңмен табындырасың,

 

Алыста жүрсең 



 

Батырлығыңмен сағындырасың,

 

Жақын келсең



 

Бұзақы сӛзіңмен, 

 

Билерімді қағындырасың...



 

Не істесек екен?

 

Бір


-

бірімізге қалай табысамыз?..

 

Кӛңіл жықпастай қалай жағысамыз?..



 

Ӛзіңнің де мал, жандарың аман ба?..

 

 

Махамбет:



 

Аманы да, жаманы да баршылық,

 

Кілең салық, елің қалды жаншылып.



 

Хан салығы, би салығы, салықтан

 

Кете ме деп, уайым бар, жан шығып.



 

 


Шонты би:

 

Ей, Махамбет!

 

Хан басымен кішірейіп



 

Сені ордаға шақырса,

 

Надан жанша шікірейіп



 

Шоршып түспе, пақырша.

 

Араздықты бітірейік



 

Сӛйлеп кӛрші, мақұлша.

 

 

Махамбет:



 

Ә, Шонты би,

 

Ара ағайын сен болсаң бітістірер,



 

Мына сӛзің досты да кетістірер.

 

Алтын табақ сенікі де,



 

Иттің басы мен бе екем?

 

Дәлелдеп кӛр



 

Ӛз сӛзіңді жӛн десең?

 

 

Шонты би:



 

Хан кӛрсеткен құрмет

 

Салтың емей немене?



 

Хан сағынса ӛзіңді

 

Алтын емей немене?



 

Ерегестен, сӛз қуғаннан,

 

Араздастың бір туғаннан,



 

Не таптың

 

Айтшы ӛзің бір жеңілдік ене ме?



 

Бұ туралы 

 

Не делінген кӛнеде?



 

 

Махамбет:



 

Кӛнеден шындық іздемек пе едің?

 

Онда тыңда...



 

Қарасын қақсатқан хан оңбас депті,

 

Беделін сатқан би оңбас депті.



 

Сақалын сатқан қарттан түңіл деген екен,

 

Арын сатқан азаматтан түңіл деген екен...



 

Айтшы Шонты би, 

 

Құтылар жерің бар ма екен?



 

Сӛйле, кәні бар десең!

 


 

Шонты би:

 

Байқап сөйле Махамбет, 

 

Заманға сыймай қағындың, 

 

Жіберген сенің қатең көп. 

 

Қарындасың қазақты, 

 

Ормандай қалың орысты 

 

Қарсы қойдың өзіңе, 

 

Хан төсекке жатам деп. 

 

Алтын тағын кім берер, 

 

Асыл тонын кім шешер 

 

Махамбет менің атам деп.

 

Ӛз жобаңнан аспасаң етті,

 

Хан құрметін баспасаң етті.



 

 

Махамбет



 

Кісілік айтар сен бе екен?..

 

Сені тыңдар мен бе екен!..

 

 

Шонты би:



 

Сабаңа түс Махамбет.

 

 

Жәңгір:



 

Ал, Махамбет,

 

Мен шақырып ем сені



 

Ел қамы деген жүкке жегерге,

 

Сен кӛнбедің ғой дегенге.



 

Кетісуге айналдық

 

Тыңдап отырған қауым бар



 

Ашып айтшы тазасын,

 

Менде қандай дауың бар?



 

 

Махамбет:



 

Саған айтар дауым жоқ,

 

Арызым да жоқ айтатын.



 

Бірақ саған деген ыза бар,

 

Түрі


 

жоқ оның қайтатын!..

 

…Бұзып біттің елімді,



 

Құбыжық еттің керімді.

 

Арамдаттың адалды,



 

Парақор боп би кетті.



 

Арандаттың адамды

 

Арамзалық үйреттің.

 

Ант ішіскен достарды



Кӛре алмастай жау еттiң.

 


Бет сыйпасқан бiтiмнiң

 

Алақанына дау ектiң.



 

Дананың ойын даң қылдың,

 

Жарместi, кӛсем, сау еттiң



Ала алмаған атаңның

 

Кегің бар ма халықта?



 

Тӛзе берер соныңа

 

Тӛзім қалды ма халықта?..



 

 

Жәңгір:

 

Қамы еді деп халықтың

 

Жаныңды отқа салыпсың.

 

Сонда сол іс не үшін?..



 

Елің кетті тентіреп,

 

Бола алмадың сен тірек!

 

Сүйектерің шашылды, 

 

Көкіректерің басылды.

 

Ханға қарсы шыққанда

 

Ерліктерің не үшін?..



 

 

Махамбет:



 

Оның бәрі ел үшін!..

 

Болашақ келер тӛл үшін...



 

...Кешегі күнін сағынса

 

Жүрегін жара, қан басқан.



 

Еділден қалған ең соңғы

 

Қиғашты қимай қандасқан.



 

Ендей аққан Жайықтың

 

Жағасы үшін жандасқан.



 

Жұрт үшін хан да садаға

 

Кешегі дос Жәңгір хан



 

Сеніменен де аңдасқан.

 

Бабадан мұра асыл сӛз



 

Жалынмен жазған сан дастан.

 

Кіжінумен күн кешкен,



 

Ерлермен жаны үндескен,

 

Мен емей Жәңгір кім еді?..



 

Соның бәрі кім үшін?

 

Ел үшін емей не үшін?..



 

 

 



Жәңгір:

 

Не тындырдың сонымен?..



 

 

Махамбет:

 

Еңсесі түскен ел үшін

 

Егеулі найза қолға алып,

 

Жат жұртқа кеткен жер үшін



 

Ереуіл атқа ер салып,

 

Қара қазақ ары үшін



 

Еңку


-

еңку жер шалып,

 

Ерегескен дұшпанға



 

Сүйектен кетпес ен салып,

 

Кір шалған қазақ намысын,



 

Тірліктің мәнін мәнісін

 

Тазартпақ болған мен едім!..



 

Қарсы болған сен едің!..

 

 

Жәңгір:



 

Мен заман ем, күн едім,

 

Ығыма сен түнедің!



 

Ал енді ӛзің айтшы, 

 

Бұлданғандай еліңе, 



 

Бұлданғандай ханыңа,

 

Соншама сен кім едің?..



 

 

Махамбет:



 

Мен, Мен едім, Мен едім,

 

Қайыры аз заманның



 

Керегесін қиратып

 

Ошаққа отын етпек боп,



 

Туырлығын кескілеп,

 

Тақымға тоқым етпек боп,



 

Қара атанған қазақпен

 

Хан тағына жетпек боп,



 

Табанға түскен ел

-

жұртты


 

Дәрежелі етпек боп,

 

Езілген елдің еңсесін



 

Шығарып шыңға кетпек боп,

 

Дегеніме жете алмай,



 

Тағдырдан асып кете алмай,

 

Арманды болған мен едім!..



 

Зұлымдықты қорғаған,

 

Жұртымды езіп қорлаған,



 

Қарсы тұрған сен едің!..

 

 

 



 

Жәңгір:

 

Алуан түрлі адам бар

 

Сол секілді заман бар.



 

Біле білсең Махамбет,

 

Хан еліңнің қамқоры



 

Елдің қамын жеп едік,

 

Кетпесін құрып деп едік.



 

 

Махамбет



: 

Біз, біз едік, білерге,

 

Сен Шыңғыстың тұқымы



 

Кеше келдің бұл елге.

 

Сенен де бұрын шалқығын,



 

Қазақ деген, біз, ел едік.

 

Жаратып дархан Құдірет,



 

Даламыздай кең едік.

 

Бір заманда бәрімен



 

Дәрежелі тең едік.

 

Буырқанса, бұрқанса,



 

Мұздай темір құрсанса,

 

Нӛсерден туған сел едік.



 

Қытай менен Қырымнан

 

Несібе алып жеп едік.



 

Қазақтың мынау басына 

 

Не кетпеді, не келіп...



 

Біз шыққан бір кез биікке

 

Мықтысынған ӛзгелер



 

Бұ күнде жатыр теңеліп.

 

Байлығына қазақтың



 

Кірмелер келді кенеліп.

 

Елдің


 

басын құра алмай,

 

Билікті ұстап тұра алмай,



 

Бірлік болмай ақыры

 

Бұ күнге жеттік не делік...



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет