Байқаймысың халайық!
Осы той кімнің тойы секілді?
Жәңгірдің бе,
Әлде ақындар тойы ма?
Ақын елдің кӛзі еді,
Ақын елдің тілі еді,
Олай болса ақын аты жойыла ма?
Рахмет саған Махамбет!
Отты сӛздер елге қуат береді,
Керек кезде сӛзге халық ереді.
Жүрегіне хат боп, анық басылып,
Туар бір күн бұ сӛздердің керегі.
Кӛпшілік Махамбетке қошамет сӛздерін айтады.
Той тарайды.
Шымылдық.
5-
шымылдық
1-
көрініс
Іс
-
қимылынан кӛңіл
-
күйі анық байқалып тұрған Жәңгір хан тым
мазасызданып, ӛзімен
-
ӛзі сӛйлесіп, ойға батып отырады.
Жәңгір:
Не боп кетті бұ заман?
Елімді,
Ұстамақ едім
Мына жұдырығыма сыйғызып...
Жерімді,
Жұмақ етпек ем,
Ұры
-
қарысын тыйғызып...
Жұртымды,
Жарылғамақ ем,
Ақыл сұрап, ақсақалын жиғызып...
Не боп барады бұ заман?..
Бұздық па, әлде, біз
-
адам!?
Ойланып “апырай... а” дейді.
Асып
-
тастық,
Бір ауыз сӛзді кӛтермей..
.
Жағаластық,
Кісілік қарыз ӛтелмей...
Аспандадық,
Тәңірге тӛбе жетердей...
Мақтаныш жетті,
Жайықты малшып ӛтердей...
Қанағат кетті,
О дүние бары бекердей...
Енді міне, жол айырық,
Мынау дүние,
Шыны менен, осылай ӛтіп кетер ме
-
ей?..
Басын шайқап, ӛкінгенін байқатады.
Қолда секілді болатын,
Тәңірдің ӛзі аспандағы!..
Он жылдан асып кетіпті
-
ау,
Мына лаң басталғалы...
Амалсыз, жастық астына
Суық қару жастанғалы...
Күрсінеді.
Осы жылдар
Талайдың басын жалмады...
Қасың да жау, досың жау,
Ӛмірде береке қалмады...
Ақ патша ӛкілін жіберіп,
Қысып барады ол дағы...
...Не істесем?...
Ойланып отырады.
Қанша күш салсам да
Тынышталмады
-
ау, мына жұрт,
Алыста жатқан ақ патша
Соны тағады дейді маған кінә ғып!
Исатайдай басшысынан айырсам да,
Махамбеттей қанатынан қайырсам да,
Сабасына түспейді екен бұ неғып?
Біраз үнсіз қалады.
Не істесем?...
Әттеген
-
ай,
Махамбет қолға түспеді, ұстатпады...
Жанды сығып барады,
Ақ патшаның Геккесі, қыстап тағы.
Сол Махамбет қырсығынан
Хан дәрежелі басынан ұшпақ бағы...
Басын шайқап
Мына Геккені
-
ай!..
Әрбір сӛзі
Маңдайға шеге қаққандай,
Әр дыбысының астында
Бір суық ызғар жатқандай...
Патша үміті
Жатыр дейді ақталмай...
Қимылда дейді
Тұрғанда бастан бақ таймай...
Апырым
-
ай,
Дос секілді еді, енді жат қандай?..
Бұл Геккеден
Болмайды екен сақтанбай...
Ұрқсат сұрап бас сарбаз кіреді.
Бас сарбаз:
Хан ием!
Бұйрығыңызбен Шонты биді алдырдық!
Жәңгір:
Кіргіз!
Шонты би кіреді.
Шонты би:
Ассалаума
-
ғалайкум, хан тақсыр!
Жәңгір
хан
:
Уағалайкум
-
ассалам!
Мәтелдерің бар еді
“Бұзылып болды
-
ау ел дейтін,
Кілең қыңыр, айтқаныңа кӛнбейтін”.
Шонты би:
Солай, солай хан тақсыр!
Жәңгір:
Тек елің емес,
Билер де бұзылған секілді
Шақыртып алмаса келмейтін!
Шонты би:
Кешіріңіз, хан тақсыр!
Кӛші
-
қон деп,
Мал тӛлдеп
Қарбалас боп кетті Наурызда.
Келіп сәлем бермек едім
Ұлыстың Ұлы күні Наурызға!
Жәңгір:
бас сарбазға
Үй маңынан ешкім жүрмесін,
Бізге ешкім кірмесін!
Бас сарбаз:
Хұп болады, хан ием! Шығып кетеді.
Жәңгір:
Оңашаға шақырттым,
Ақылдаспақ ойым бар.
Шонты би:
Рахмет хан тақсыр!
Жәңгір:
Жүрісі суыт,
Ақ патшаның Геккесі келіп кетті.
Түсі суық,
Үйіп
-
тӛгіп тапсырма беріп кетті.
Шонты би:
Ханға, тақсырға,
Қалай бере алады тапсырма?
Жәңгір:
Иә, тапсырма беріп кетті,
Ендігі жерде
Не істесем де, ерікті етті.
Еліңнің іші ылаң дейді,
Орынсыз салық дейді, бүлік кӛп!
Айта берсе
Кіл бассыздық, ілік кӛп!
Саусағын басып санайды,
Кемшілік деп, теріп кетті.
Махамбетті ұста дейді,
Не қылсам да ерікті етті...
Сондай тапсырма беріп кетті...
Шонты би:
Апырым
-
ай, ол қалай?
Біреу себеп болмағай?
Жәңгір:
Ол рас!
Атын айтпай кетті,
Ақ патшаға арыз жазған біреу бар.
Шонты би:
Астафралла, кім екен?
Жәңгір:
Сен біле ме деп
Әдейі шақыртып отырмын,
Дәл басушы едің ғой,
Қышыған жерін қотырдың.
Шонты би:
Арызда не деп жазыпты?
Жәңгір:
Елде тыныштық жоқ , үріккен депті,
Басты себеп
Махамбет деген бүліктен депті.
Шонты би:
Апырым
-
ай, ә...
Жәңгір:
Хан алдында Махамбет
Үш рет болды депті,
Хан қауқарсыз
Ұстай алмай қалды депті.
Шонты би:
Бәрін білетін,
Іште жүретін,
Қастығы мол бір сұм ғой.
Жәңгір:
Қасынан халық кететіні
Шамадан тыс кӛп салынған салық депті.
Гекке осы жолы тап осылай,
Салмақты қатты салып кетті.
Сіздің қолдан келмесе
Іскер кісіні табамыз дейді.
Болмаса әскер әкеліп
Махамбетті түрмеге жабамыз дейді...
Жүрісі асығыс,
Жолшыбай Баймағамбетке соқпақ,
Сонда дем алармын дейді тоқтап...
Шонты би:
Онда арызшы Баймағамбет болды...
Ойланып қалады.
Махамбеттің
Еділ менен Жайыққа
Ел қондырсам дегені,
Екеуің арасын
Мал толтырсам дегені,
Оларға да жеткен екен ғой...
Ақ патшаның
Қабырғасына батқан екен ғой,
Содан барып
Айласын асырып жатқаны екен ғой...
Олар тағы да әскерін әкеліп тӛгеді,
Қабырғамызды сосын қақыратып сӛгеді.
Бәйтерегімізді сұлатар,
Хан шаңырағымызды құлатар.
Кім қалар екен
Бізді сосын жұбатар?
Жәңгір:
Сен не деп кеттің?
Шонты би:
Бұл Баймағамбеттің ісі ғой,
Ол әуелден екіжүзді кісі ғой.
Айтпадыңыз ба Геккеге
Бәрі жала деп, жала жапқан,
Баймағамбет деп
Махамбетті паналатқан?
Жәңгір:
Айтылды ғой бәрі де,
Бірақ Гекке
Бармай қойды әріге.
Шонты би:
Баймағамбет хан тағынан дәмелі,
Бастап отырған, сол
-
ау барлық бәлені.
Билік үшін елін сатқан, жерін сатқан
Нағыз арамзаның әлегі.
Жәңгір:
Ал ақылыңды айт!
Шонты би:
Махамбетті
Баймағамбеттен бұрын ұстау керек!..
Баймағамбетке
Салмақ салып, қыстау керек...
Сонда ғана
Ақ патша алдында абыройыңыз асады,
Баймағамбетті,
Қауіпті жауыңызды пысыңыз басады.
Жәңгір:
Олай болса, ұста Махамбетті,
Бұл істі сізге тапсырдым!
Бӛлтірігіндей ет,
Кӛп тазы қуған қасқырдың.
Хандықтың бас биі ӛзің боларсың
Ханмен бірге кӛшіп,қонарсың!..
Шонты би:
Құп болады, хан
-
ием!
Салармын барымды, аянбаспын!
Қақпанымды құрармын,
Қимылдармын,
Дегізбеспін аяқты баяу бастың!
Шымылдық.
2-
көрініс
Гекке мен Баймағамбет әңгімелесіп отырады.
Гекке:
Баймағамбет! Ашып айтшы,
Хандарыңыз қандай жан!
Баймағамбет:
Жоғары мәртебелім!
Сізге
қалай кӛрінді?
Гекке:
Жәңгір
Белбеуін бос бумаса етті,
Одан да,
Хан болып тумаса етті.
Баймағамбет:
Тумаса етті!
Гекке:
Халық наразылығы тоқтар емес,
Орыс
-
қазақ арасын қиғаш етті.
Ақ патшаның назарын
Аударарлық шуға жетті.
Баймағамбет:
Шынында ұят болды
-
ау,
Ақ патшаға жеткен үлкен шуға жетті.
Гекке:
Тез арада ұстамасаңдар
Махамбетті,
Сӛз жоқ, туғызасыңдар
Тағы бір Емельян Пугачевті.
Баймағамбет:
Жәңгір хан бос болды,
Дұрыс айттыңыз, мәртебелім!
Қарасымен қас болды,
Жусанына таласып әр тӛбенің.
Гекке:
Хан атанбақ,
Бір тентекті
Жӛнге дұрыс сала алмай!
Баймағамбет:
Солай, солай!
Гекке:
Би атанбақ,
Бір ауылдың
Жайын дұрыс таба алмай!
Баймағамбет:
Таба алмай!
Гекке:
Ақылы да мол болмас?
Баймағамбет:
Қайдан болсын!
Ел алдында сӛйлесем деп
Жәңгір ақылсыздық танытты.
Исатай да,
Махамбет те оны сан ұтты.
Елді алдағысы келеді,
Ерді арбағысы келеді,
Ақымақ билерінің айтқанына ереді.
Гекке:
Бүкіл ел боп, қазақтар,
Бір Исатайды тезге сала алмадың.
Баймағамбет:
Сала алмадық!
Гекке:
Ұстап бердік,
Басшыларының басын жойдық,
Енді жӛнге келтіріңдер қалғанын.
Баймағамбет:
Ұстап беріп едіңдер, келістіре алмады.
Гекке:
Сен не істер ең?
Баймағамбет:
Мен бе!
Ақ патшамыз, шіркін!,
Маған ерік берсе тек,
Құлшынар ем
Қайратымды кӛрсе деп...
Гекке:
Бұзық кӛп пе?
Баймағамбет:
Самар жағы
Сабырды аздап сақтайды,
Бұхар жағы
Бұзықты қатты жақтайды.
Гекке:
Халық пенен сӛйлесе алар жан керек,
Бұзықтарды жӛнге салар хан керек.
Баймағамбет:
Қол қойылса
“Баймағамбет –
хан!” деген бір құжатқа,
Отырғызса бізді со таққа,
Ұстар едім бәрін мықты тұзақта.
Гекке:
Ақ патшаның назарына ілінгің келсе,
Ханға ылайық кісі деп білінгің келсе,
Қимылдап қал!
Жәңгір екеуіңнің
Қайсыларыңның бақтарың жанады?
Баймағамбет:
Құдай біледі...
Баймағамбет:
Солай, солай!
Гекке:
Махамбет
Бұрында түрмеден қашып құтылып кеткен,
Бірнеше рет сытылып кеткен,
Ол оңай жау емес!
Баймағамбет:
Солай, солай!
Гекке:
Айтар ақылым
Махамбет енді қолға түссе
Ойланбастан кӛзін құрт!
Естімесін
Енді қайтып сӛзін жұрт!
Генерал атақ алып беремін,
Генералдан ұлығы жоқ тӛренің!
Баймағамбет:
Исатай үшін Жәңгірге
Генерал атақ беріпті, дейді екен.
Гекке:
Исатай үшін Жәңгір алса алған болар,
Махамбет үшін саған да біреуі қалған болар!
Баймағамбет:
Шіркін!
Сол күнге қол жетсе!..
Қатуланып, жүріп кетеді. Шымылдық жабыла бастайды.
6-
шымылдық
1-
көрініс
Шымылдық ашылғанда қараңғы түнектің бір бұрышында әлсіз
от кӛрінеді. Арғы жақтан Махамбет шығады.
Махамбет:
Ӛмір неткен сұрағың кӛп, тасаң кӛп?..
Ойға баттым сол сұрақты басам деп...
Ел есінде қалардай
Не тындырдың Махамбет?..
Ел есіне алардай
Не бүлдірдің Махамбет?..
Самсаған сарбаз, қол қайда,
Ойлап па ең жалғыз жатам деп?..
Аңсаған арай таң қайда,
Қазаққа нұр боп атам деп?..
Не Бүлдірдім?..
Алыстатып
Алмадым ба екен сол таңды?..
Ерге сенгем
Аттап ӛтер тӛре менен сұлтанды...
Елге сенгем
Сан ордалы, ұлтанды...
Қате қайда?..
Алыстатып
Алмадым ба екен сол таңды?..
Орнынан тұрып кетеді.
Ей, Махамбет!
Ойлайсың
-
ау әлем сырын ұқтым деп...
Біреулер бар,
Қуанатын дер кезінде бұқтым деп...
Қанша адам танытпайды ӛздерін,
Перде ұстап бетіне,
Біреулер жүр ӛмір мәні “жұтқын” деп...
Ей, Махамбет!
Ойладың
-
ау адам жанын ұқтым деп...
Алмас сӛзбен жау қайырдым, жықтым деп...
Енді ойлан, тындырғаның осы ма,
Қара Ойда жалғыз қалдың,
Ӛзіңе
-
ӛзің тұтқын боп...
Жол қалмады
-
ау ат маңдайын бұрарға,
Мекен де жоқ тұрақтауға, тұрарға.
Осындайда Мая ұлы Құрақтай
Болса бір ер, шіркін, кеңес сұрарға...
Ой
-
Елес шығады.
Ой
-
Елес:
Еске алдың ба Құрақты?
Махамбет:
Естен, сірә, кетер ме Құрақ батыр,
Дауыл күнгі сол бір ыз құлақта тұр...
Ой
-
Елес:
Құрақ батыр ма еді?
Махамбет:
Құрақ, шіркін, қандай еді,
Ел бағына жанатын шамдай еді,
Тура бағыт,
Жол бастар маңдай еді...
Ой
-
Елес:
Асыра мақтап кетпедіңіз бе?
Махамбет:
Жоқ! Біз сол күні тығырыққа тірелдік...
Исатай да, Мен де
Сол күні кӛптің бірі едік.
Тек қана Құрақ Құрақ болатын,
Ақылымен алып шығар пырақ болатын...
Ой
-
Елес:
Рас! Рас!
Арасы елу метрден,
Ен Жайықтың бойына,
Қарауыл әскер тігілген.
Күніне үш ауысып кӛз ілген.
Айлар бойы
Жайықтан жанды ӛткізбей,
Тұрып еді
-
ау, тӛзіммен.
Махамбет:
Бораған оқ арасында жан бағып,
Қарға қамыс шаншып, далда ғып...
Жартастан киіз қалтамен ат түсіріп,
Үсіп ӛлер боранға бақ пісіріп...
Жарғабақтан
Киізбен түйе сырғытып,
Тәуекел жетпес ерлікпен,
Ақылмен жауды жүрді ұтып...
Исатай үшін
Құрақ
ӛз шаңырағын құрбан етті,
Содан ӛзін итжеккенге айдатқан...
Жатқан шығар,
Үйлерінде, басын бағып, жай жатқан...
Ойламайды олар біздердей,
Қауіп
-
қатер қай жақтан...
Құрақ елесі шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |