Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналады Махамбеттің бір күні



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата09.03.2017
өлшемі0,57 Mb.
#8580
1   2   3   4   5   6   7   8

Құрақ елесі:

 

Ау, Махамбет!

 

Мені неге жоқтайсың?



 

Мен сол істі

 

Жоқтасын деп істеп пе ем?



 

Оны, Исатай бастаған іске

 

Сенім еді істеткен.



 

...Ол бір сәтсіз кез еді ғой,

 

Исатайдан күш кеткен...



 

...Ӛкінбе, Махамбет, аяма мені,

 

Жайықтан ӛткізіп бер деп,



 

Сен мені күштеп пе ең?..

 

 

 



Махамбет ештеңе сезбей отыра береді.

 

 

Махамбет:

 

Сағындым ғой,

 

Сағыныш қой іздеткен!



 

Қайран Нарын,

 

Амалсыз тастап біз кеткен!



 

Кешір Құрақ аруағыңды оятсам,

 

Қазақ үшін жан берген



 

Жалғыз Сіз бен Біз деп пе ең!..

 

Ел аузында аты қалған ерлердің



 

Бар ӛмірі түзде ӛткен.

 

Шейіт кеткен жалғыз сен емес,



 

Сіз қап ішінде алмассыз.

 

Мына Қара Ой мен Нарынның



 

Қыртысында ұмыт қалмассыз...

 

 



 

Шымылдық.

 

 

 



 

2-

көрініс

 

 

 

Жылтыраған от маңында ойға батқан Махамбет. Кенет күшті 

жарық сәулесі шұбатылған ақ киімді Ӛтеміске түседі.

 

 

Махамбет:

 

Уа, Жаратқан!

 

Мынау менің әкем бе?



 

Тірі екен ғой!

 

Бек пен биден



 

Бой тасалап жүр екен ғой!

 

 

Өтеміс елесі:



 

Жоқ, Махамбет, алданба!

 

Кӛнесің ғой тағдыр басқа салғанға.



 

Шындық іздеп 

 

Оралдан Орынборға барғанда,



 

Орданасгауз түрмесінде

 

Кӛз жұмғанды, арманда.



 

 

Махамбет:



 

Аңқау әке!

 

Ӛз жұртынан қорлық кӛріп,



 

Ӛзге жұрттан теңдік іздеп босына.

 

Білмедің


-

ау, жауыңа да, досыңа

 

Теңестірер ӛзіңнің күшің екенін,



 

Ақылға қонар ісің екенін.

 

 

Өтеміс елесі:

 

Айтшы ӛзің, теңесе алдың ба, күш кӛрсетіп?



 

 

Махамбет:



 

Теңестік!

 

Біз халыққа



 

Аз ғана күн болса да,

 

Азат таңын атырдық.



 

Аз ғана күн болса да,

 

Теңдік дәмін татырдық.



 

Хан мен бекті дірілдетіп,

 

Уайымға батырдық.



 

Бас пайданы ойламай,

 

Біз халық қамы деп тік тұрдық!



 

Хан халықтан сескенді,

 

Бас идірдік, ши түбіне бұқтырдық!



 

Қазақ дейтін ел бар екенін

 

Ақ патшаға да ұқтырдық!



 

Орынборға, Петербор,

 

Орыс патша, қазақ хан –



  

Ауыр


-

ауыр жүк қылдық!

 

Намыс жолында жан берер



 

Ата


-

баба ел барын

 

Жас ұрпаққа жұқтырдық!



 

Сӛйтіп жүріп ӛзіміз,

 

Ӛшіп, қайта жаныппыз!



 

Сӛйтіп жүріп ӛзіміз,

 

Ӛзімізді таныппыз!



 

Біз –


 

біз екенбіз,

 

Терісін тірі сыпырса



 

Қыңсыламас Кӛк Бӛрі,

 

Сол екенбіз, анық Біз!



 

 

 



Өтеміс елесі:

 

Бұлар әлі білмейді. Біз енді білдік,

 

Шындық іздеу –



  

Қылмыстың бір түрі екен.

 

Ойлап едік –



 

Ел арын жыртып ӛтем.

 

Тек сол үшін абақтыға жабылдық.



 

Бұ заманда баяғының биі жоқ,

 

Әр заманның адамы, жұрты бӛтен



 

Махамбет:



 

Дұрыс, дұрыс,

 

Әр заман жұрты бӛтен!



 

Заман деген –

 

заман емес билеуші,



 

Заман заңы билеуші құлқымен тең!..

 

Әке!


 

Мен тағы бір іске бекіндім!

 

Сенің кегіңді  алады



 

“Қыраны құстың секілдің!”

 

Осы кезге дейін



 

Орындамай келгеніме ӛкіндім!

 

 

Өтеміс елесі





Кек алам деп, 

 

Ӛтемістің онына



 

Бүкіл хандықты қарсы қоймақпысың?

 

Ӛз тамырыңды ӛзің шауып,



 

Тұқымыңды жоймақпысың?..

 

Қате баспа, бәрі де болып жатыр



 

Құдіретімен жаһан –

 

Кӛктің!


 

 

Махамбет:



 

Кім біледі,

 

Қалай қарсы алады Кӛкте мені?



 

Бас ию ме ендігі жетпегені

... 

Дұрыс сӛз бар, дұрыс ой, бәрі дұрыс,



 

Бірақ намыс жұмсайды кекке мені!

 

... Ӛтемістің оны дейсіз атамыз,



 

Бар қазақтан сол он ұл кӛп пе еді?..

 

 

Өтеміс елесі:



 

Бекінген ғой бір іске.

 

 

Махамбет:



 

Мен бір іске бекіндім,

 

Сыбанып жеңді түрдім!



 

Соңғы қайрат,

 

Соңғы түн,



 

Енді бір күн!

 

 

 



Махамбет кӛңілденеді.

 

 

Мен шынымен

 

Сыбанып жеңді түрдім!



 

Уа, Тәңірім!, қуат бер,

 

Соңғы қайрат...



 

Кӛп сұраман –

 

Соңғы түн,



 

Енді бір күн...

 

 

 

 

 

 

 

 

7-

шымылдық

 


 

 

 

1-

көрініс

.  


 

Қара  ойдағы  жалғыз  үй.  Махамбеттің  екі  әйелі  ошақ  басында  

сӛйлесіп тұрады.

 

 

Типан:



 

Батыр ұзақ ұйқтады

-

ау!


 

 

Бәйбіше:

 

Бүгін сенің қасыңа қонды ғой...



 

Не істедің, 

 

Оянбастай маужыратып.



 

Түніменен

 

Шыққан жандай тау құлатып.



 

 

Тоқал:



 

Мен не істеуші едім, апасы!

 

Батыр түнде сыр ашып –



  

Жүргенін айтқан

 

Ауыр


-

ауыр ой басып,

 

Сыздайды деген жүрегім...



 

Шаршадым деген,

 

Жаралғам жоқ қой темірден,



 

Торықтым деген ӛмірден...

 

Қалмады


-

ау деген бұ тірлікте тірегім.

 

Жалғанның жалғандығын ұқтым деген,



 

Екі түн бойы

 

Кӛз іле алмай шықтым деген...



 

 

Бәйбіше: (қулана)



 

Мен кінәлі екем ғой...



 

Жазғырып мені тұрсың ба?..



 

Ұйықтата алмадың кеше деп.

 

Енді ұйқысын қандырар,



 

Тоқалда, сірә, есе кӛп.

 

 

Типан: 



 

Жоқ, апасы, ондай ой жоқ...

 

Тыныш ұйықтап таң атырды,



 

Оятайын ба, батырды?

 

 

 



 

Бәйбіше:

 

Батырдан ұйқы қашқалы қанша заман...

 

Ол бір жан ғой тыныштық аңсамаған...



 

Ұйқысы қанып оянсын, шаршаған ғой,

 

«Тоқал тәтті дейді» ғой қаншама адам...



 

  

 



Жымиып тоқалға қарайды. Тоқал ұялғандай тӛмен қарайды.

 

 

Махамбет шығады.

 

 

Махамбет:



 

«Тоқал тәтті» дей ме екен, қаншама адам,

 

Қателескен ӛмірде соншама адам.



 

Бәйбішеге

 

не жетсін, ел анасы,



 

Жаман атақ тоқалға таңса жаман.

 

 

Бәйбіше:



 

Жақсы ұйықтадың ба?..

 

Біз шуламасақ



 

Бір


-

бірімізден қызғанып, туламасақ,

 

Тоқалыңа сыйпатып



 

Жата бермексің бе етіңді?..

 

Қандай қуаныш, бір кӛрген



 

Сенің мынадай жадыраған бетіңді!..

 

 

Махамбет:



 

Бізден гӛрі 

 

Тоқал сізге кӛп бағынады,



 

Қуалай берме,

 

Әйтпесе бір күні қағынады...



 

 

Күледі.

 

Ұйқым қанып ояндым!

 

Бір керемет түс кӛрдім,



 

Түсімде ғажап іс кӛрдім...

 

Күн еңкейіп барады екен



 

Жан


-

жақ ӛрттей, қып

-

қызыл..


 

Мен бір қызыл арайға бояндым,

 

Кӛзім қимай, зорға



-

зорға ояндым...

 

 

Бәйбіше: 



 

Ойланып қалады.

 

Түс түлкінің боғы деген...

 

 

Махамбет:



 

Неге түлкі боғы, нашар түс пе?

 

 


Махамбет  жуынғысы  келген  ыңғай  танытады.  Екеуіне  кезек 

қарап,  тоқалына  иек  қағып:  «су  құйып  жібер»  дейді.  Құманға  жақын 

тұрған  бәйбіше  қолына  құманды  тоқалдан  бұрын  алады.  Ӛңінен 

қызғаныш байқалғандай. 

 

 

Бәйбіше:

  

тоқалға  

 

Тӛбеге шығып 



 

Бақылап қайт жан

-

жақты.


 

Қашаңғы айтам,

 

Ауық


-

ауық қара деп.

 

Тезек тере келерсің.



 

Ана қапты ала кет.

 

 

Типан:



 

Кеше де тергем, әне үйде тезек кӛп.

 

 

Бәйбіше:



 

Онда қапсыз барып қайт,

 

Жан


-

жағыңды шолып қайт.

 

 

 



Типан қолына қапшығын алып кетеді. Артына қарап қояды.

 

 

Махамбет:



 

Бір керемет түс кӛрдім...

 

Түсімде ғажап қызыл арайға бояндым,



 

Кӛзім қимай, зорға

-

зорға ояндым...



 

Ал оянсам, мынадай ауыр, мұнар күн...

 

 

 



Махамбеттің  сӛздері  бәйбішеге  әсер  еткендей...  Күбірлеп 

тұрады да, жатқа  ӛлең оқып кетеді.

 

 

Бәйбіше:



 

Мұнар да мұнар, мұнар күн,

 

Бұлттан шыққан шұбар күн.



 

Буыршын мұзға тайған күн,

 

Бура атанға шӛккен күн.



 

Бұлықсып жүрген мырзадан 

 

Бұрынғы дәулет тайған күн.



 

Алма


 

мойын аруды

 

Ат кӛтіне салған күн.



 

Бұландай ерді кескен күн.

 

Буулы теңді шешкен күн...



 

...Түс қыла кӛр Құдайым,

 

Біздей мейманасы тасқанға,



 

Біздің ер Исатай ӛлген күн...

 

Он сан байтақ бүлген күн!..



 

Желпілдеген ала ту

 

Жиырылып ойға түскен күн.



 

Жез қарғылы құба арлан

 

Жез қарғыдан айырылып



 

Қорашыл тӛбет болған күн.

 

Сағағы болат ақ найза,



 

Балдағынан сынған күн.

 

Хас бәйтерек жығылып,



 

Жығылғаны естіліп,

 

Алыстағы дұшпанның 



 

Жақындағы «досының»

 

Қуанып кӛңілі тынған күн...



 

 

Махамбет:



 

Бәйбіше!


 

Жатқа біледі екенсің ғой

 

Бәйбіше:



 

Махамбеттің ӛлеңі деп

 

Елден естіп жатамыз.



 

Бай біздікі болса да,

 

Онда бардың



 

Дәмін кейін татамыз. 

 

Ел білгенді бізге неге білмеске,



 

Талай сӛзің күбіріңнен қалды есте.

 

Батыр:


 

«алыстағы дұшпаның орыс патша, 

 

жақындағы оның досы қазақ ханы –



   

Солай ма?». 

 

 

Махамбет:



 

Зерексің


-

ау!


 

Саған арнап ӛлең жазып,

 

Оны оқып қуанып,



 

Бір


-

бірімізді ардақтайтын,

 

Болмады ғой уақыт.



 

 

 



Бәйбішесін  құшақтайды.  Құшағынан  босатпай  ұзағырақ  ұстап 

тұрады. 

 

 

Махамбет:



 

Жүзің сынық, ауырдың ба?

 

 


Бәйбіше:

 

Ауру емес талғақпын!

 

 

Махамбет:



 

Талғақпын дейсің бе?

 

 

 

Бәйбіше:

 

Талғақпын!

 

Бір ғажабы



 

Асқа емес жыланға мен талғаппын!

 

Ен даланы кезіп жүріп,



 

Болар жерін сезіп жүріп,

 

Кеше бірін ұстап жедім, далада.



 

 

Махамбет: (шошып қалғандай кейін шегінеді)



 

Адам, әйел!

 

Ӛзі іздеген жыланды,



 

Ой шіркін

-

ай, құмарлық.



 

О, Жаратқан, тәңір

-

ай,


 

Жыланға қойған құмар ғып...

 

 

Бәйбішеге қарап



 

Қалай жедің далада?

 

От жақтың ба, пісіріп?



 

 

Бәйбіше:



 

Жоқ, жеген жоқпын, пәлеңді,

 

Жұтып қойдым, ұзынынан әрең деп.



 

Енді ойлалансам, зәрем жоқ.

 

Жерігім бүгін басылып,



 

Қабағым қалды ашылып,

 

Тамақ ішкім келіп тұрғаны, ашығып...



 

 

Махамбет:



 

Сұрамайсың ба сүйінші!

 

Күн еңкейсін, бір ақсарбасты соялық,



 

Сорпа ішіп, құйрық май жеп, тоялық.

 

Мынау, мұнар күнді, шұбар күнді,



 

Қуанышқа боялық.

 

 

 



Махамбет бәйбішесіне таңдана қарайды.

 

 

Ай жүзді,



 

Күн жанарлы,

 

Дана боп туған менің алтыным



-

ай!


 

Талғақ боп жылан жұтқан батырым

-

ай!



 

Қатын дейміз  қор ерді, қателесіп,

 

Әйелдің кӛп еркектен батылын



-

ай.


 

Жыланың жұтқан кезде тірі ме еді,

 

Қорқыттың



-

ау, батырды, қатырып

-

ай...


 

 

 



Махамбет жадырай күледі. 

 

 

Махамбет сӛзін аяқтай алмай қалады.

 

Тӛбе басынан тоқалдың «жау, жау» деген ащы айқайы естіледі.

 

 



 

 

 



2-

көрініс.

 

 

 

Жау. Бәйбіше қайраты.



 

 

Махамбет:



 

Не дейді?

 

 

Бәйбіше:



 

Жау дейді! Жау!

 

 

Махамбет:



 

Ат қайда?..

 

 

Бәйбіше:



 

Ана жақта.

 

 

 



Махамбет мама ағашта ілулі тұрған жүген мен дойырын ұстай 

жүгіріп шығып кетеді.

 

 

Бәйбіше:



 

Жақсылыққа жори алмай тұр едім,

 

Қызыл арай –



 

кіл ӛлім...

 

 

 



Не істерін білмей абдырап қалады.  

 

 

Қарусыз кетті



-

ау, қарусыз!..

 

 

Жауларды кӛреді. 



 

 

Апырым



-

ай, кем болғанда 

 

Саны жиырма кісі екен,



 

Мынау қауіп, басқа түскен 

 

Ӛте қиын іс екен.



 

Кӛргені жаман түс екен...

 


Қолын созып

 

Сақтай гӛр, Тәңірім, сақтай гӛр...



 

 

Жалғыз қалған сорлың еді, жақтай гӛр...

 

 

Сасады.



 

Апырым


-

ай, аналар,

 

Атына жеткізбейтін болды



-

ау, Батырды...

 

Жолын кесті, ӛткізбейтін болды



-

ау, ақыры...

 

 

 



Не істерін білмей, тызақтайды. 

 

 

...Ойбай



-

ау, бұл менің не тұрысым,

 

Жеткізейін қылышын...



 

 

«Қарусыз кетті



-

ау, қарусыз» деп үйге жүгіреді.

 

 

Сахнаға жүгіріп Махамбет шығады.

 

 

Махамбет:



 

Аңдыған алмай қоймады,

 

Ақыры тапты



-

ау қапымды

-

ай...


 

Мына кілең жаман кӛпектер,

 

Арланды қауып, басынды



-

ай!


 

О, Тәңірім!

 

Бір тигізші атқа тақымды



-

ай!


 

Жалғыз мына дойырмен

 

Қалар ем қорғап басымды



-

ай!..


 

 

 



Сахнаға  қылышты  екі  кісі  шығып  Махамбетке  ұмтылады. 

Махамбет  қамшысын  екі  сілтеп  екеуінің  де  қылыштарын  ұшырып 

жібереді. Біреуі «қолым, қолымды үзіп жіберді» деп бақырады. Екіншісі 

тұра  алмай  домалап  қалады.  Тағы  үш

-

тӛрт  жау  жүгіріп  сахнаға 

шығады.  Біреуінің  қолында  найза,  қалғандарында  қылыш.

 

Домалап 



жатқандарды  кӛріп,  ұмтылуға  бата  алмай  тұрып  қалады.  Найзалы 

кісіге  қалғандары  «найза  сал,  найза  сал»  деп,  ілгері  ұмтылдырады. 

Сарбаз  ыңғайланып  найза  сілтейді.  Махамбет  дойырмен  найзаны 

балдағынан  үзіп  түсіреді.  Тағы  үш

-

тӛрт  сарбаз  келіп  үлгереді. 

«Арқан  лақтыр,  байла»  деп  жатады.  Осы  кезде  сахнаның  алыс 

жағында  жаңа  айқас  басталады.  Бәйбіше  Махамбетке  айқайлайды. 

«Сәл  шыда  батыр,  қылышыңды  кәзір  жеткіземін...  кәзір!»  деп, 

«жолдан  тай,  шауып  тастаймын,  аямаймын»  жан  ұшырып  келе 

жатады. 

 

 

Бәйбіше:



 

Сәл шыда батыр, сәл шыда

 

Қылышыңды кәзір жеткізем..



 

 


 

Оның қолындағы қылышты тӛрт

-

бес кісі тартып алмақ болып 

жүр.  Бірақ  бәйбіше  қылышын  оңды

-

солды  сілтеп,  жақындатпайды. 

Ақыры  жауларының  бірін  жаралайды.  Жаралы  «қолым,  қолым»  деп, 

ойбайлап жатады.

 

Бір  сарбаз  артынан  келіп  бәйбішенің  оң  иығына  найза  салады. 

Қылыш бәйбіше қолынан түсіп кетеді. Қылышты бір сарбаз жерден 

кӛтеріп алады.

 

 

Жаралы сарбаз:

  

Тіліп кетті



-

ау етімді,

 

Мына қабыланның қатыны.



 

Болады екен

-

ау, осындай,



 

Қатынның да батыры.

 

Оңды


-

солды сермеуін,

 

Намысты қолдан бермеуін!..



 

Ұл туғызар ма еді, шіркін

-

ай,


 

Асыл шығар

-

ау, 


 

Мынадай қатын жатыны...

 

 

 



 

 

 



 

 

3-



көрініс

 

 

 



 

Махамбетті байлаған. Жіптің екі ұшын екі сарбаз ұстап тұр.

 

 

Баймағамбет. Соңғы ерлік.

 

 

Баймағамбет: Кекетіп күледі.



 

Армандап ең хан тӛсекке жатам деп,

 

Халің қалай Махамбет!



 

Тағы ӛлең айтамысың?

 

Жоқ әлде райыңнан қайтамысың?



 

Мен бүгін кешірімдімін, сӛйлеп қал,

 

Не айтсаңда кӛтеремін, тыңдаймын.



 

Бүгін сені армансыз жырлатайын,

 

Ӛз жырыңмен жасыңды құрғатайын...



 

 

Ха



-

ха

-

ха, күледі.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет