Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналады Махамбеттің бір күні



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата09.03.2017
өлшемі0,57 Mb.
#8580
1   2   3   4   5   6   7   8

Махамбет:

 

 

(налып сӛйлейді)

 

...Қапыда ӛткен дүние



-

ай,


 

Халқымның кӛрген қорлығы,

 

Хандардың еткен зорлығы,



 

Ақ жүрегін тербетіп,

 

Ер кӛңілін желдетіп,



 

Ақсүйектің баласын

 

Қара ұлына теңдетіп,



 

Қоңыраулы найза ӛңгердім.

 

Жетімдерге дем бердім,



 

Жесірлерге жер бердім.

 

Ақырында дүние



-

ай,


 

Сол ерліктен не кӛрдім?!.

 

 

Баймағамбет:



 

Не кӛргің келіп еді, Махамбет?,

 

Кӛретіндей кім едің?..



 

 

Махамбет:



 

Мен, Мен едім, Мен едім,

 

Мен Нарында жүргенде



 

Еңіреп жүрген ер едім.

 

Исатайдың барында,



 

Екі тарлан бӛрі едім.

 

Қай қазақтан кем едім?



 

Бір қазақпен тең едім.

 

Ӛздеріңдей хандардың,



 

Қарны жуан билердің

 

Атандай даусын ақыртып,



 

Лауазымын кӛкке шақыртып,

 

Басын кессем деп едім.



 

Еділдің бойы ен тоғай

 

Ел қондырсам деп едім.



 

Жағалай жатқан сол елге

 

Мал толтырсам деп едім.



 

Еңсесі биік ақ орда,

 

Еріксіз кірсем деп едім.



 

Керегесін қиратып,

 

Отын етсем деп едім.



 

Туырлығын кескілеп,

 

Тоқым етсем деп едім.



 

Тақта отырған хандардың

 

Тӛрде отырған ханымын



 

Қатын етсем деп едім.

 

Тілекті Тәңірі бермеді,



 

Ӛздеріңдей хандарды

 

Осындай бір қылсам деп едім...



 

Осыны кӛрсем деп едім...

 

 


Баймағамбет:

 

Арманыңды ала кететін болдың, Махамбет,

 

Кӛре алмай бұл ӛмірден ӛтетін болдың, Махамбет.



 

 

Махамбет:



 

Ей, Баймағамбет!

 

Кӛкке самғар қыран бар,



 

Жерде жылжыр жылан бар,

 

Ортасында адамдар...



 

Мен қыранның ұлымын

 

Еркіндікті аңсаған.



 

Мен биік кӛкке,

 

Нұр


-

жарыққа құмармын,

 

Сол жолымда, ел бағына,



 

Не кӛрсем де шыдармын!

 

 

Баймағамбет:



 

Сонда біз кім екенбіз?

 

 

Махамбет:



 

Сен жылансың,

 

Аңқау елді арбаған!



 

Сен аярсың,

 

Ӛтірік сӛйлеп зарлаған!



 

Сен билік пен байлық құлысың!

 

Ел бағынан жымқырып,



 

Ер арынан қымқырып,

 

Жүрген бір, жай, ұрысың!



 

 

Жәңгір:



 

Ӛзіңе қара Махамбет!

 

 

Махамбет:



 

Қарайын! Сен де қара!

 

Кӛрмейсің бе, мен қыранмын!



 

Заман маған кӛрінсе,

 

Заман менен жерінсе,



 

Мен заманның бетіне,

 

Қасқиып қарап тұра алам!



 

Сен жылансың!

 

Заман саған кӛрінсе,



 

Заман сенен жерінсе,

 

Сен салар ең жүрісіңе ирелең. 



 

Түсінбейді соны ел,

 

Содан


 

ойы кіл алаң...

 


 

 

 



Баймағамбет:

  

Қыран болсаң неғып тұрсың?



 

 

Махамбет:



 

Мен байлаулы тұрсам да

 

Еңсем сенен жоғары,



 

Қашан да сенен биікпін!..

 

Сен тартып тұрсың азабын,



 

Махамбеттей бола алмай,

 

Дәрежесіне жете алмай,



 

Қызғаныш деген күйіктің!..

 

Әскер тӛгіп жеңе алмай,



 

Қашқын естек, татардан

 

Кіл қарақшыны жиыпсың...



 

Мен елім үшін ӛлдім деп,

 

Сол үшін зорлық кӛрдім деп,



 

Тағдырыма, Тәңіріме рзамын,

 

Сезімдемін, сен түсінбес, биік, тым!..



 

Ӛлсемде кӛкте тұрармын,

 

Жорғалаған сен жылан,



 

Түсінбессің оны сен,

 

Татып кӛрмеген дәмін биіктің!..



 

 

Баймағамбет:

 

Биік болса



 

Еңкейтейін еңсеңді...

 

Тізерлетіңдер!



 

 

 



Баймағамбет ашулана бастайды. Сарбаздар Махамбетті 

күштеп тізерлетіп, иығынан басып ұстап тұрады.

 

 

Баймағамбет:

 

Тырысып ең

 

Хан, сұлтаннан асам деп!..



 

Сӛйле тағы,

 

Енді кімсің Махамбет!



 

 

Махамбет:



 

Мен, Мен едім, Мен едім,

 

Мен Нарында жүргенде



 

Еңіреп жүрген ер едім.

 

Исатайдың барында



 

Екі тарлан бӛрі едім.

 

Ерегескен дұшпанға



 

Қызыл сырлы жебе едім.

 

Жақсыларға еп едім,



 

Жамандарға кӛп едім.

 

Ерегескен дұшпанның,



 

Екі талай болғанда

 

Азыққа етін жеп едім.



 

Хан баласы ақсүйек,

 

Ежелден табан аңдасқан



 

Ата дұшпан сен едің,

 

Ата жауың мен едім.



 

Ежелгі дұшпан ел болмас,

 

Етектен кесіп жең болмас.



 

Хан баласы ақсүйек,

 

Байеке, сұлтан сен болып,



 

Сендей нар қоспақтың баласы,

 

Маған оңаша жерде жолықсаң,



 

Қайраннан алған шабақтай

 

Қия бір соғып ас етсем,



 

Тамағыма қылқан кетер демес ем!

 

 

 



Баймағамбет ашуланады. Не істерін білмегендей.

 

 

Баймағамбет:

 

Уайым жеме Махамбет!

 

Енді қылқан кете қоймас тамағыңа!..



 

Арызыңды айта бер, мына заманыңа...

 

...Ӛтеуіңді іше алмай, 



 

Дұрыс жолға түсе алмай, 

 

Хан қылам деп қарасын,



 

Емдеймін деп жарасын,

 

Ӛмірден ӛтіп барасың...



 

 

Махамбет:



 

Палуан жолбарыс секілді

 

Алысқанды алып ұрар білегім,



 

Қамалған жаудан қайтпаған

 

Қайнаған қара болаттай



 

Қарсы біткен жүрегім!

 

Ертеден кешке дейін



 

зарласам,

 

Бермейді ғой енді, Құдайым,



 

Біздей тарыққан ердің тілегін?

 

 

Бамағамбет:



 

Құдайың бермесе біз бердік

 

Тілегіңді айтып кет!



 

 

Махамбет:



 

Түтім


-

ау қолға қапыда,

 

Тӛнгендей қауіп басыма,



 

Тілекті Құдай бермеді

 

Тұтқын қып, жауым, қасыма...



 

...Айналайын Ақ Жайық,

 

Ат салмай ӛтер күн қайда?



 

Еңсесі биік ақ орда

 

Еңкеймей кірер күн қайда?



 

Қара бұланның терісін

 

Етік қылар күн қайда?



 

Күдеріден бау тағып,

 

Сауыт киер күн қайда?



 

Садақ толған сай кез оқ

 

Масағынан ӛткізіп,



 

Басын қолға жеткізіп, 

 

Созып тартар күн қайда?



 

Бізді тапқан ананың

 

Асыраған атаның ризалықпен жайласып,



 

Қолын алар күн қайда?

 

Еділдің бойын ен жайлап,



 

Шалғынға бие біз байлап,

 

Бозбаламен күліп



-

ойнап,


 

Қымыз ішер күн қайда?..

 

Ӛлең айтып толғадым,



 

Кӛкірегімді басарға!

 

Қаралай отын жармадым



 

Тас қазанға асарға.

 

Махамбеттей мұңдыға



 

Енді келер күн қайда ?

 

Саған құрған шатырды



 

Сүңгімен түртіп ашарға! 

 

 

Баймағамбет:

 

Сен, Махамбет!



 

Тартпайтын болдың тіліңді,

 

Кӛнбейтінің білінді,



 

Ӛз обалың ӛзіңе

 

Ӛшірейін үніңді...



 

Сӛндірейін күніңді...

 

...Екпетінен салыңдар,



 

Ағызыңдар қанын, бар.

 


Найзамен шаншып тірілей,

 

Сұратып жанын жалындыр...



 

 

Махамбетті екбетінен салып Тӛрт найзамен шаншып ұстап 



тұрады.

 

 

Баймағамбет:



 

Енді халің қалай, Махамбет!

 

 

Махамбет:



 

Мен, Мен едім, Мен едім...

 

Исатайдың барында...



 

Баймағамбет шыдай алмай теріс бұрылып кетеді.

 

Баймағамбет:  



 

О, Жаратқан!

 

Не айтарсың мынаның тӛзіміне!



 

Бұның ӛзі кінәлі ӛліміне!..

 

Амалым жоқ,



 

Ендігі істің, жазаның жӛні міне...

 

 

Дірілдеп, қалшылдап кетеді



 

Әй, жендет! 

 

Шап!


 

Ол енді ерге ӛзін санамасын,

 

Бір шапқанда бӛліп бер ана



 

басын!


 

 

 



Жендет  қылышын  суырып,  Махамбетке  жақындап  келе 

жатады.

 

 

Махамбет:



 

Ла ілаһә илаллаһ, Мұхаммедүр

-

Расулұллаһ...



 

Әшһәдү ән ла ілаһә іллаллаһ 

 

уә әшһәдү әннә Мұхаммәдән ғабдүһу уә рәсулүһү...



 

 

Баймағамбет:



 

Болсашы енді, балпаңдамай!..

 

...Шапсашы басын, тезірек!..



 

 

 



Баймағамбет тағатсызданып, үрейленіп кетеді.

 

 

Махамбет:

 

Уа жаратқан Аллатағала! Жанымды қабыл ала гӛр! 

 

Күнәларыма кешірім...



 

 

Сӛзін айтып үлгермейді.



 

Жендет Махамбет басын шабады. Үш рет қылыш сілтейді.

 

 

 

Баймағамбет:

 

Ем жоқ екен, 

 

Бұның сағын сындырар...



 

Жол қалмады бұдан басқа

 

Ақ патшаның тапсырмасын



 

Жӛні менен тындырар...

 

 

Жендет:



 

Үш шауып зорға түсірдім,

 

Омыртқасы жаратылған ба болаттан?..



 

Ой ғажап


-

ай, қандай екен жүрегі

 

Шапығанда аспанға,



 

Бойымнан биік қан атқан... 

 

 

Баймағамбет:



 

Тоқтат, жендет!..

 

Қап тауып ал,



 

Басын салып ала жүр...

 

Кӛмілсін бассыз,



 

Тастамайтын адам ғой, 

 

Аузынан Тәңір, Алласын!



 

Айда малын,

 

Тігерге тұяқ қалмасын!



 

Түк қалдырма!

 

Бұның ханша етпек қатыны,



 

Байының 


 

Қанын жалап жүрек жалғасын!

 

Тона бәрін, ал бәрін,



 

Тоқалын да ала жүр,

 

Құлыма қатын қылайын,



 

Тілекті берді, Құдайым,

 

Бітіріп істі тынайын!..



 

 

 



Баймағамбеттер кетеді.

 

Шымылдық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-

шымылдық

 

 

 

1-



көрініс.

 

 

 

Жаралы бәйбіше сүйретіліп Махамбет қасына келеді.

 

 



Махамбеттің бассыз денесін құшақтай алмай қасына отырып, 

сол қолын батыр кеудесіне қойып, жылау айтады.

 

 

Бәйбіше:

 

О, Тәңірім, бұл қалай?..

 

О, Жаратқан бұның не?..



 

Құдай қосқан қосағым

 

Демейін десем басың жоқ,



 

Тарайын десем шашың жоқ...

 

Құрбандыққа шаларлық



 

Батырым менің асыл ма ед?...

 

Елім деп, жерім жүрсең де,



 

Соншалық неге қасың кӛп?..

 

...О, дүние боқ, дүние боқ!..



 

Ӛбейін десем бетің жоқ,

 

Сыйпайын десем етің жоқ,



 

Әділдікті қорғайтын

 

О, Жаратқан нетің жоқ...



 

...О, дүние боқ, бүние боқ!...

 

Қарайын десем пішін жоқ!



 

Ештеңемен ісің жоқ...

 

Кеттің бе солай қоштаспай,



 

О, дүние боқ, дүние боқ...

 

 

 



Бәйбіше  зарланып  жылауын  айтып  отырады.  Шымылдық 

жабыла бастайды.

 

 



Кӛмек етер кісім жоқ,

 

Бойымда қуат күшім жоқ...



 

...О, дүние боқ, дүние боқ...

 

...Құшағыңа Қара Жер,



 

Батырды қалай тапсырам?..

 

...Кегіңді сенің қуар ма,



 

Ӛмірге келіп жас қырын!?..

 

 

 



Қайғылы саз шымылдық жабылғасын да ойнап тұрады.

 

Соңы.

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет