«Махамбет оқулары» сценариі Тақырыбы: «Ақберен ақын» Мақсаты: ақпараттық



Дата20.10.2023
өлшемі37,5 Kb.
#119954
Байланысты:
mahambet okular temreshova


« Махамбет оқулары» сценариі
Тақырыбы: «Ақберен ақын»
Мақсаты:
ақпараттық: Махамбет Өтемісұлының ерлік өмірі мен жалынды жырларынжастарға насихаттау.
коммуникативтік: Ақынның отты поэзиясымен сусындатып,көркем сөзді мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
проблеманы шешу: Ақын жырлары арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін ояту, отаншылдық рухта тәрбиелеу.
1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер және сайысқа қатысушылар, бүгінгі «Ақберен ақын» тақырыбында өткізілетін Махамбет оқуларына қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Сайыстың мақсаты: Елінің еркіндігін көксеген бірегей тұлға, өр рухты ақын, дауылпаз күйші М.Өтемісұлының өнегелі өмірі мен шығармашылығын жастарға насихаттап, көркемсіз оқитын дарынды жастардың мәнерлеп оқу шеберліктерін дамытып, жыр мүшәйрасына қатысуға келген жас ақындардың таланттарын ұштап, олардың бойларындағы патриоттық сезімдерін оятып, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Енді бір сәт экранға назар аударып, ақын өмірі мен шығармашылығы туралы « Ақынның отты поэзиясы» атты бейнебаянды тамашалайық.
1 – жүргізуші: Ұрпағына насихаттап өмірін,
Патриоттар тәрбиелеу көңілім.
Бұл шараның мақсаты да, дәл сонда
Махамбетті үлгі ету мыңнан – мың.
2- жүргізуші: Сайысымыздың әділ бағасын беріп, төрелігін айтар қазылар алқасымен таныс болайық: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Қ.Таубаев, бөлім меңгерушілері – Айнагүл Оразайқызы, Гүлшат Тілектесқызы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі – Қырымжан Үмбетризақызы, социолог – Қосай Хамидоллаұлы, жастар қоғамдық бірлестігі жетекшісі – Айнагүл Серікқызы, қазақ тілі мен әдебиті кафедрасы оқытушылары – Күнзия Хабиболлақызы, Бахытханым Мақсотқызы, Ақкүміс Аманбайқызы, Баян Берікқызы.
1 – жүргізуші: Батырлыққа өмірімен, көзбенен,
Жүрегімен ел қорғауды көздеген.
Рухқа тағзым ететұғын шараға
Шын көңілмен қош келдіңіз көрермен.
2 – жүргізуші: Жандырсам деп азаттықтың алауын,
Көтерсем деп бостандықтың жалауын.
Халқың үшін күресуден талмадың
Азаттық пен тыныштық боп қалауың.
Өткелі отырған Махамбет оқуының шартымен таныстырамыз.
1. Мәнерлеп оқу;
2. Жыр мүшәйрасы;
3. « Махамбет – патриот ақын» тақырыбында жазылған шығармадан үзінділер оқу;
4. Векториналық сұрақтарға жауап беру.
1 – жүргізуші: Сайысымыз тұрады 4 кезеңннен,
Таныстырып өтейін өз сөзіммен.
Ақынжанды ұрпақтардың арнауы,
Махамбеттің өлеңдері таңдаулы,
Шығармашылық бағыт та бар қалаулы
Талаптыны іздесең сен табасың
Осы арадан жалындарды бағалы.
2 – жүргізуші: Қас дұшпанды жеңу басты талабың
Қан төгісіп жауды аяусыз жалмадың.
Мұның бәрі ел мен жердің бейбіті
Міне, бүгін орындалды арманың.
1 – жүргізуші: Қаламың да, қаруың да қолыңда
Арпалысты жаумен бірге жырың да.
Заманыңда қазақ қамын жегенің
Алып келді тәуелсіздік жолына.
Ортаға « Махамбет оқуларының» сайыскерлерін шақырамыз.
1п ҚМҚ тобының студеттері: Шынболатова Эльзира, Бекешева Әсемгүл,Ихсанғалиева Айымгүл, Кауеденова Нұрсезім.
1а ҚМБ тобы студенттері-Қайырғалиев Ақниет,Нығыметова Ақерке.
1с ҚМБ тобы студенттері-Файзулла Інжу-маржан,Шамғонова Нұрлы,Қуанышова Салтанат.
1а ТП тобы студенттері-Қожабаев Нұрдаулет, Қайырғалиева Айжан.
2 – жүргізуші: Сол кездегі ерлігіңді еске алып
Жыр жазамын қаламыммен толғанып.
Болмасаң да арамызда Махамбет
Өлмейді атың ұрпақтарға жалғанып.
1 – жүргізуші: Жыр мүшәйрасына кезек береміз.
Бойында ақындық ұшқыны бар талантты жастарымыз Махамбетке арналған өлеңдерін оқиды. (Исанғалиева Айымгүл,Қауденова Нұрсезім, Сайлауова Нұргүл,Файзулла Інжу-маржан,Қожабаев Нұрдаулет)
Тоқтамұратов Жанкелдінің орындауындағы Ф.Оңғарсынованың “Махамбетке арнау”өлеңі бейнебаян арқылы көрсетіледі.
2 – жүргізуші: Ұрпағыңмын мен өзіңнен үлгі алған,
Қалам алып өзіңе арнап жыр жазған.
Ұландарың болашақтың қамын жеп,
Болса деймін дәл өзіңдей қаһарман
1 – жүргізуші: Бойында қазақ деген ұраны бар,
Жас жалынды, ойы ұшқыр ұрпағың бар.
Әдемі ой білдірген шығармадан
Үздік сыр білдірсін жас дарындар.
2 – жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі векториналық сұрақтарға жауап беру.
1 – жүргізуші: Сайыста бар жеңу мен жеңілу тең,
Озып шығар ең мықты өнерімен.
Сөз берейік қорытынды ой айтсын
Әділ қазы алқасына сыры бөтен.
2 – жүргізуші: Елінің ертеніне алаңдаған
Аз емес Махамбеттей батыр бабам.
Алмас қылыш секілді жарқылдаған
Бойында намыс оты лапылдаған.
1 – жүргізуші: Ерліктің ізін салып тарих беттеріне
Үнілсем біраз ғасыр өтті, міне,
Еліміз егеменді ел болғалы
Халқымыз бейбіт өмір күн кешуде.
2 – жүргізуші: Кең байтақ біздің мынау даламызға
Көз тіккен жендеттер мен жауыздар да.
Кейінгі аға буын тағзым етер
Ұлы тұлға Махамбеттей бабамызға.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін қазылар мүшесінің төрағасы Қайыржан Бақытұлын шақырамыз. (Сайыс қорытындыланып жүлделі орын алғандар марапатталады).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет