ІII Тест сұрақтары
Жабық экономикада берілген бағалар деңгейіндегі жиынтық сұраныс көлемі тең:
;
;
;
;
.
Жабық экономикада жиынтық сұраныс келесіні көрсетеді:
өндірушілер ұсынатын тауарлар мен қызметтер көлемі;
шетелге экспортталатын тауарлар мен қызметтер көлемі;
әрбір берілген бағалар деңгейінде сатып алынатын тауарлар мен қызметтер көлемі;
шетелден импортталатын тауарлар мен қызметтер көлемі;
ұлттық экономиканың резервіндегі тауарлар мен қызметтер көлемі.
Дж.М.Кейнстің тұтыну теориясына сәйкес тұтынудың көлемі мен құрылымын анықтайтын басты фактор:
пайыз мөлшерлемесі;
ақша айналысының жылдамдығы;
қолдағы табыс;
ақша ұсынысы;
инвестициялар.
Егер МРС=0.8, онда қолдағы табыстың әрбір қосымша тенгесінен:
тұтыну 80%-ға азаяды;
тұтыну 80%-ға өседі;
тұтыну өзгермейді;
тұтыну 20%-ға өседі;
тұтыну 20%-ға азаяды.
Тұтыну қисығының көлбеуін келесі анықтайды:
;
;
пайданың нормасы;
капиталдың шектік өнімі;
қолдағы табыс.
Атаулы және нақты пайыз мөлшерлемесінің арасында айырмашылық мынандай жағдайда болады:
бағалар деңгейі тұрақты болғанда;
инфляция деңгейі нольге тең болса;
толық жұмыстылық орын алғанда;
бағалар деңгейі тұрақсыз болғанда;
жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс теңескенде.
Атаулы пайыз мөлшерлемесі 10%, ал бағалар өсу қарқыны жылына 6% болғанда, нақты пайыз мөлшерлемесі тең:
10%;
6%;
4%;
16%;
0%.
Инвестициялық функция келесіні көрсетеді:
нақты пайыз мөлшерлемесі мен инвестициялар көлемі арасындағы тікелей тәуелділікті;
нақты пайыз мөлшерлемесі мен инвестициялар көлемі арасындағы кері тәуелділікті;
тұтыну мен инвестициялар көлемі арасындағы кері тәуелділікті;
қолдағы табыс пен инвестициялар көлемі арасындағы тікелей тәуелділікті;
мемлекеттік шығыстар мен инвестициялар көлемі арасындағы тікелей тәуелділікті.
Болашаққа оптимистік болжам:
инвестициялық қисықты I(r) солға жылжытады;
инвестициялық қисықты I(r) оңға жылжытады;
сұраныс көлемін ұлғайтады (I(r) қисығы бойымен өзгеріс);
инвестициялық сұранысқа әсер етпейді;
фирмалардың инвестицияларға сұранысына теріс әсер етеді.
Мемлекеттік сатып алуға жатады:
ракета, қару сатып алу;
мемлекеттік қызметкерлердің қызметі;
аэродром құру;
трансферттік төлемдер;
мектеп құру.
Жоспарланатын шығыстар немесе жабық экономикадағы жиынтық сұраныс тең:
;
;
;
;
.
Берілген шартында жоспарланатын шығыстар қисығының көлбеуін анықтайтын шама:
;
резервтеу нормасы;
;
нақты пайыз мөлшерлемесі;
атаулы пайыз мөлшерлемесі.
МРС=0.75 болғанда қолдағы табыстың 100 тг артуы:
тұтынуды 7.5 тг өсіреді;
тұтынуды 7.5 тг азайтады;
тұтынуды 75 тг өсіреді;
жинақтарды 75 тг өсіреді;
тұтынуға әсер етпейді.
MPS=0.25 болғанда қолдағы табыстың 10 тг артуы:
жинақтарды 7.5 тг өсіреді;
жинақтарды 2.5 тг азайтады;
тұтынуды 7.5 тг өсіреді;
тұтынуды 7.5 тг азайтады;
тұтыну қисығын МРС шамасына жылжытады.
МРС=0.6 болғанда мемлекеттік шығыстарды 100 млрд. тг өсірсе:
табыс 250 млрд. тг азаяды;
табыс 100 млрд. тг азаяды;
табыс 250 млрд. тг ұлғаяды;
табыс 600 млрд. тг ұлғаяды;
инвестициялар 250 млрд. тг ұлғаяды.
МРС=0.6 болғанда салықтарды 100 млрд. тг өсірсе:
табыс 800 млрд. тг ұлғаяды;
табыс 400 млрд. тг ұлғаяды;
табыс 400 млрд. тг азаяды;
табыс 100 млрд. тг ұлғаяды;
табыс 100 млрд. тг азаяды.
17. Егер қолда бар табыс көлемі нөлге тең болса, онда былай айтуға болады:
тұтыну деңгейі нөлге тең;
қор жинағы деңгейі нөлге тең;
инвестиция деңгейі нөлге тең;
мультипликатор әсері жоғалады;
жоғарыдағының бәрі дұрыс емес.
18. Егер үй шаруашылығы табысының бәрін тұтынуға жұмсасай, жұмсалмаған соманы банкке салса, онда олар:
қор жинақтайды және инвестициялайды;
қор жинақтайды, бірақ инвестицияламайды;
инвестициялайды, бірақ жинақтамайды;
қор жинақтамайды және инвестицияламайды;
қор жинақтайды, бірақ қор жинағының бағалы қағаз сатып алуға пайдаланатын бөлігін инвестицияламайды.
19. Егер тұтыну шығындары көлемі шығындары көлемі 9000 болса, онда қолда бар табыс 10000 тең. Сонда тұтыну:
0,1;
0,9;
9;
10/9;
анықталмаған көлем.
20. Жоспарланған шығындар қисығының көлбеулігі (яғни Y=E) 450-қа тең болғандағы кейнстің қарапайым мультипликатор формуласы:
А) MPC = 1;
В) MPS = 0.75;
С) MPC = 0,25;
D) MPC = 0;
Е) Y мен E тең болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |