Санитарлық бағаның негіздемесі Балаусалыққа зерттеу туралы қорытындыны зертханалық әдіспен зерттеудің көрсеткіштеріне және тұздық пен тұздалған етінің санитарлық бағасын негіздеріне сәйкес береді. Күмәнді балғындылықтағы тұздалған етінді сапалы тұздығын дайындау үшін санитарлық өңдеуге жіберіледі. Осындай тұздалған етінің қолданылуын қайтадан органолептикалық және зерттаханалық зерттеулерден өткеннен кейін шешеді.
Тапсырма 1. Зерттеу үшін тұздалған етінің сынамасын алуды жүргізу.
2. Зертханалық және органолептикалық әдіспен тұздалған еттін мен тұздықтың сапасын анықтау.
3. Тұздалған етінің мен тұздықтың сапасына қортынды беру.
3 Азықтық жануар майларының ветеринариялық–санитарлық сараптамасы
Сабқтың мақсаты. Сапалы азықтық жануар майын анықтау әдістерін меңгеру.
Құралдар мен реактивтер: кептіргіш шкаф, 150-200 мл сыйымдылықтағы конустық жұмыр шыны, су моншасы, 1% -тік фенолфталеиннің спирттік ерітіндісі, 0,1 н раствор күйдіргіш калий мен натрий ерітіндісі, бейтарап эфирлі – спирттік қоспаны келесі амал мен дайындайды: этил спиртінің 1 бөлігін этилді эфирдің 2 бөлігіне араластырып 0,1 н қымыз қышқылымен фенолфталеин бойынша ақшыл – қызыл түске боялғанға дейін титірлейді.
Зерттеу үшін сынама іріктемесі. Майдың сапасын анықтау үшін әр топтамадан 5 бірлік орамадан (бөшке, жәшік) аз емес аз емес 10% бірлік орама таңдап алады. Буылып түйілген 500 г сыйымдылықтан аз емес тұтынушы ыдысындағы (қорап, құты) май топтамасынан әр орамасынан 100 г алады.
Алынған әр бірлік орамадан бір реттік сынама алады. Бұл үшін арнайы сынама алғыштар қолданады: сұйық консистенциялы майлар үшін – құбырлы диаметрмен 25 мм немесе цилиндірлік (цилиндір 60 х 100 мм, темір тұтқаға бекітілген); жақпа май тәрізді және тығыз консистенциялы майлар ұшін – кертікті құбырлы; қатты майларды алу үшін құбырлы қуыс бұрғыға ұста бұрғысын бекітеді немесе арнайы барлық ұзындығында кертігі бар құбырлы қуыс бұрғыны қолданады.
Қуыс бұрғы майдың барлық қалыңдығынан өтуі керек. Қатты майларды зерттегенде бетінен бастап 50 см тереңдікте сынама алуға болады, және бетінен шамалап пышақпен тегістелінеді. Жалпы сынаманың массасы 600 г – нан аспауы қажет.
Жалпы сынаманы зертханаға жібереді, онда май жақпа май тәрізді консистенцияға дейін ериді және мұқият араластырып, орташа сынамасын алады.
Нарықтық өткізім үшін әдетте жануар майлары аз мөлшерде түседі , сондықтанда зерттеуге алынатын массасы 200 г құрайды. Зерттеу үшін әр ұшадан қыртыс майының кесектері алынады. Физика – химиялық талдау қажет болған жағыдайда шикі майды және қыртыс майды араластырып су моншасында 60-650С температурада ерітеді.