Сыртқы түрі мен қансыздану дәрежесінің визуальді анықталуы: а) бұлшық етті кескіндерінде тамырлардың қанға толуына байланысты қанның болуы;
б) бұлшық ет ұлпаларының кескіндерінің үстіндегі түсі;
в) сығындының күйі;
г) лимфа түйіндері мен кемік майының, майдың түсі;
д) фильтрлі қағаз сынамасы;
Фильтірлі қағаз сынамасы. Бұлшық еттің балғын кескінінің үстіне фильтрлі қағаздың (ұзындығы 10 см, ені 1,5 см) сызығын қояды да 1-2 минутқа. Жақсы қансызданған кезде фильтрлі қағазбен еттің жанасқан жерінде ұлпа сұйықтығын әлсіз сіңдіреді.
Қанағаттанарлық қансыздану кезінде фильтрлі қағаз ұлпа сөлін және қанды сіңдіреді.
Нашар қансызданған кезде фильтірлік қағаз 2-3 мм бұлшық ет кескінінің дәрежесінен жоғары ет сөлімен қанығады.
Өте нашар қаныққан кезде фильтрлі қағаз кескіннің 0,5 см дәрежесінен жоғары қанмен қатты қанығады.
Еттің қансыздану дәрежесін анықтаудың зертханалық әдісі 1. С.А. Лубянец сынамасы бойынша:
Бұлшық ет талшықтарынан жіңішке кескіндер жасалынады. Кескіндерді компрессориумнің екі шынысымен қысып микроскоппен немесе трихинеллоскоппен қарайды. Жақсы және қанағаттанарлық қансыздану кезінде қан іздері болмайды, қанағатсыз кезінде – қан дақтары және қан толы капиллярлар анықталады.
2. Еттің қансыздану дәрежесін Родер бойынша анықтау:
Түтікшеге 3 г жақсы ұсақталған етті салып және 5 мл Родер реактивін құяды. Түтікше ішіндегілерді бірнеше рет араластырады, кейін 5 минут тыныштықта қалдырып, реакция есебін жүргізеді. Жақсы және қанағататтанарлық қансыздану кезінде реактив түсі қоңыр-жасыл, ал өте нашар болған кезде қоңыр – сарғылт болады.
Коэффициенттін анықтау (қышқылдық-тотығу). Сау жануардың ет сығындыларында титірленетін қышқылдық сүт, ортофосфаттық қышқылдардың жиналуына байланысты ұлғаяды. Ауру жануардың етінде титірленетін қышқылдық шексіз өсіп кеткен. Сау жануардың суыған қышқылдық және ашығыштық коэфициенті ауру жануардыкіне қарағанда әдетте 2-3 есе жоғары.