Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау


Сүттің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы



бет2/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

1. Сүттің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы



    1. Сүттің органолептикалық талдауы



Сабақтың мақсаты: 1. Сүттің орташа сынамасын алуды үйрену
2. Сүттің органолептикалық талдауының ережелерін игеру
3. Сүтті консервілеудің ережелерін зерттеу


Сынаманы алу. Сүттің орташа сынамасын алу ережесі мемлекеттік стандарт бойынша жүргізідеді. Сынама алуды өнімнің сапасына жауапты тұлғалардың қатысуымен өткізеді. Цистернадан немесе сүт ванналарынан орташа сынама алған кезде піспекпен 3-4 минут араластырады. Қалбырдан сынама алған кезде піспекпен жоғарыға және төмен (түбіне дейін) қарай, қатты көпіруге жол бермей, біркелкі болғанға дейін 8-10 рет қозғалтады.
Сүттің сынамасын диаметрі 9 мм болатын металдық немесе пластмассалық түтікпен (сынамлық) алады. Алғашында түтікті сүтпен шайады, кейін сүттке біркелкі батқу үшін осындай жылдамдық пен тігінен тамырының түбіне дейін айналдырады. Түтіктің саңылауын үлкен саусақпен жауып, дайындалған ыдысқа сүтті ауыстырады. Толық зерттеу үшін 250 мл сүтті этикеткалы таза құрғақ бөтелкеге құяды және қақпақпен жабады. Сынаманың әр түрлі партияларынан орташа сынама алған кезде, әрдайым зерттелетін сүтпен шайып отыру керек.
Егер біркелкі партияның сүті әр түрлі сыйымдылықтағы қалбырларда болса, онда әр біреуінен пропорционалды мөлшерін таңдап алады, бір литрлік сапты аяққа немесе шелекке құяды да, мұқият араластырады, кейін талдауға қажетте мөлшерін (250 мл) таңдап алады. Бір сиырдың орташа сынамасы тәуліктік сауым сүті бойынша құралады.
Сүтті сиппатамасын беру үшін асханалық (қортынды) сынамасын толығымен табындағы әр сауыннан сауым сүтінен кейін алады, ол сиырды және азықтандыру жағыдайлары кезінде, қортынды сынаманы зерттегеннен кейін екі тәуліктен кеш болмау керек. Сынаманы сүт зауыты мен шаруашылық қосыла отырып алады.
Сүттің әр сынамасын алынғаннан кейін бір сағаттан өткен соң зерттеу керек (органолептикалық, тазалық деңгейін, бактериялдық ластануына, тығыздығы мен қышқылдануына).
Жылы уақыттарда, егер сатып алушылардың өтініші жиі келіп түссе немесе сатылымға шыққаннан кейін 2 сағат өткен соң сауда базарларында сүттің қышқылдығын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет