Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау



бет58/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

Аммиакты анықтау. Шұжық өнімдерінде аммиактың болуы оның балғын еместігін көрсетеді. Несслер, гипохлоритнатриевая реакция шұжық өнімдеріндегі аммиакты анықтауға қолайсыз, себебі жентекке нитрит натрий қосылады. Бұл азотты қышқыл тұзы аммиакқа оң реакция береді, сондықтан да шұжық өнімдерінде аммиакты Эбер әдісі бойынша анықтайды.
Реактивтің дайындалуы. Тұз қышқылының (НСl), күкіртті эфирдің (С2Н5ОС2Н5) 1 бөліктерін және 96° этил спиртінің (С2Н5ОН) 3 бөлігін араластырып, қараңғы жерде сүртілген қақпағы бар ыдыста сақтайды. Кең түтікшеге 1 мл реактив құйып, түтікше қабырғасын ылғалдандыру үшін шайқайды және шыны қармақша мен сыналатын еттің кесегін жібереді. Етте аммиак болған жағыдайда соңғысы оның айналасында хлорлы аммиактың (NH4C1) ақ немесе ақшыл – көк қабықшасы пайда болады.
Күкірт сутекті анықтау. 20 г ұсақталған шұжықты 100 мл сыйымдылықтағы жұмыр шыныға салады, оған 50 мл дистилденген су қосады, ертіндімен ылғалдандырылып, кептірілген фильтірлі қағаз оралған мақталы қақпақпен жауып қояды. Жұмыр шынының ішіндегілерді 10-15 минут қыздырады. Күкірт сутек болған жағыдайда қағаз сарғаяды, кейін қоңырқайланады да металлдық жалтылдақ пайда болады.
Ет өнімдерінде күкірт сутек болған жағыдайда, ақуызда бактериалардың тарау нәтежиесінде оның сапалы еместігін көрсетеді.
Крахмалды анықтау. Крахмал немесе пішен ұны жентекке пісірілген шұжықтардың өндірісінде қосылады. Мемлекеттік стандарт бойынша олардың мөлшері 2%-дван аспауы қажет. Қазіргі кезде шұжық өндіретін көптеген жеке меншік кәсіп орындары ашылған, және олар мемлекеттік стандартты сирек қолданады және жентекке крахмал мен ұнды көп мөлшерде қосып жібереді, ол бұрмалау болып табылады. Көп мөлшерде крахмал мен ұны бар шұжықтар ашып кетеді, кейбір кездерде картоп таяқшалары (В. mesentericus) болғандықтан олар созылмалы келеді. Сондықтанда олардың концентрациясын анқтау қажет болып табылады.
Сапалық реакция. Крахмалды анықтау үшін шұжықтың балғын кесегіне Люголя ерітіндісінің тамшысын тамызады. Егерде крахмал болған жағыдайда суланған кесектің үстінде көк немесе қою – көк түс пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет