Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау


Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің ветеринарлық-санитарлық сараптамасы



бет66/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

6 Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің ветеринарлық-санитарлық сараптамасы


Сабақтың мақсаты: Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің сапасын анықтау ережелерін меңгеру.
Құралдар мен реактивтер: овоскоп, фарфорлы тостағанша, 0,01 н күйдіргіш натрий, 2 % -тік фенолфталеиннің спирттік ерітіндісі.

Ауадағы жоғары ылғалдылық жұмыртқа сақтау кезеңінде бактериялар мен қабығының бетінде зеңдердің, әсіресе ластанған жұмыртқаларда көбеюіне мүмкіндік туғызады. Кейін бактериялар сияқты саңырауқұлақтарда жұмыртқа ішіне ақырындап ене бастайды.


Қабықшасы бұдыр, қатпарлы және ластанған, сондай-ақ жуылған «ескі» жұмыртқаларды, тез бұзылу мүмкіндігіне байланысты көп сақтауға болмайды. Жуылған және «ескі» жұмыртқалар қабығының ақтығының жоғалуына байланысты жарқырап тұрады. Жұмыртқаны жуу сақтау ұзақтығының бірден төмендетеді.
Овоскоппен сәуле түсірген кезде, жұмыртқа қабығында мөлдір дақтар байқауға болады. Бұл құбылыс қабықшасының барлық аумағында кальий тұздарының біркелкі таралмауы салдарына байланысты қабығының мраморлығы деп аталады. Мраморлы қабығы бар жұмыртқа сақтау ұзақтығына жарамсыз құрғақ заттарды аз сақтайды.
Жұмыртқа сапасын сыртқы қарауда және овоскопта орнатады. Сыртқы қарауда түсіне, тазалығына және қабығының бүтіндігіне назар аударады. Ол таза, бүтін, тегіс беткейлі болуы керек.
Жұмыртқа беті «кертік» (қабықтың азғана соққысы), «жұмырланған бүйір» (қабығының үсті зақымдалған, қабық асты қабықша бүтін) иемденуі мүмкін. Осындай жағдайда жұмыртқа дереу реализацияға жарайды.
Овоскопия кезінде балғын жұмыртқа сарғылттау көрінеді (ақ қабықшамен) немес қызғыл-қызыл (қоңырлау қабықшалы) түсті көрінеді, ортасында қызылдау жазық болады (сарыуыз). Овоскопия ұсақ жарылуларды, сарыуыз бен ақуыздың жағдайын, жолының көлемін, бұзылулардың бар жоқтығын, ауа камерасының биіктігін көрсетуге мүмкіндік береді.



Жұмыртқаның сапасына байланысты азықтық толыққанды емес азықтық және техникалық ақау деп бөледі.


Азықтыққа балғын, сапалы, таза қабықты , механикалық бұзылуларсыз, ауа камерасының биіктігі 13 мм болатын; ақуызы тығыз, көрінетін, тұтқыр (әлсіреген рұқсат етіледі); таза сарыуызды, тұтқыр, сары немесе қызғылт сары түске біркелкі боялған жұмыртқалар жатады.
Толыққанды емес азықтық дәрежесіндегі жұмыртқаларға келесі ақаулары барлары жатады:
«сынған» - бұзылған қабықты жұмыртқалар, ағу белгілері байқалмайды(кертік жұмырланған бүйір, соққы);
үлкен ось бойынша ауа камерасының ұзындығы 1/3-тен кем емес жұмыртқалар;
«сарқу» - бірең-сараң ақуыз бен сарыуыздың араласуынан пайда болатын жұмыртқа;
«аз ғана дақ» - қабығының астында бір немесе бірнеше қозғалмайтын, жалпы көлемі қабық бетінен 1/8-ден аз болмайтын дақты жұмыртқалар;
«кептіру» - қабықта саруыз кепкен жұмыртқа, бірақ зеңсіз;
«иісті» - бөгде, иісі буға жеңіл айналатын жұмыртқа:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет