Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау


Сүтті бруцеллезге зерттеу



бет17/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

Сүтті бруцеллезге зерттеу. Сақиналы сынама. Сиырлар бруцеллезбен ауырған кезде сүтте май түйіршіктерінде адсорбциоланатын антиденелер пайда болады.
Анықтау жолы. Диаметрі 5-8 мм түтікшеге 1 мл сүтті және 1 тамшы түрлі түсті бруцеллезді антигенді (гемоток семинмен бояған бруцелла взвесі) сілкіп, 370С 40-50 мин. термостатқа қояды. Сұйықтың жоғарғы қабатында көк сақинаның пайда болуы, оң реакциямен сипатталады. Күмәнді реакцияда нашар боялған көк түсті сақина, теріс реакцияда өзгеріссіз (түтікше қурамы бір қалыпты боялады).Оң және күмәнді реакцияларда сүтті сатуға болмайды, 6-7 мин қайнатып, кофеге бояп, иесіне қайтарып, шаруашылықтың вет. дәрігеріне хабарлайды.
Сүтте стафилаккок токсиндерін анықтау. Құралдар мен реактивтер: центрифуга, термостат, түтікшелер, лимон қышқылды натрий, қояндардың эритроциттері, антитоксинді стафилаккоктык сары су.
Анықтау жолы. Стафилококкты токсиннің болуына 3-4 классты сүтті зерттейді сонымен сақтау тәртібі бұзылған жағдайда және күмәнді жағдайда сүт өнімдерін базарда сату кезінде зерттейді. Түтікшеге 2 мл зерттелетін сүтті және 1 тамшы араласқан қоянның эритроциттерін құяды. Бір мезгілде бақылау қояды. Ол үшін 2 мл физиологиялық ерітіндісін және 1 тамшы қоян эритроцитін алады.
Дұрыстап араластырып, 1 сағ 37оС температурада термостатқа қояды. Содан бөлме температурада 1 сағ үстап, центрифугалайды 1000 об-мин кезінде 10 мин бойы, содан кейін реакцияны есептейді.
Теріс реакцияда зерттелетін сүт сынамасында тұнған эритроциттердің үстінде ақ бағана қалады. Сүтті бағанада кейде қызыл сақина болады.
Оң реакцияда эритроциттер лизирлейуі және сүт бағанасы бір қалыпты қызыл түске боялады. Бақылау сынамада эритроциттер туну керек, ал физиологиялық ерітінді боялмайды. Егер зерттеу үрдісінде сүт үйыса, онда үйынды эритроциттерді алып, тұндыруға жол бермейді. Осындай сынамалар есепке алынбайды.
Қан қоспаларын анықтау. Осы мақсатта центрифужалы әдіс пен бензидин сынамасын қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет