Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау



бет51/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

Қышқылдық санын анықтау. Қышқылдық сан 1 г майдағы бос май қышқылдарының бейтарапталуына қажет күйдіргіш калийдің мг мөлшеріне сәйкес келеді Бос май қышқылдары гидролиз және майдың ашып бұзылу кезінде жиналады. Сондықтанда мөлшерлік саны майдың сұрыпын анықтауға ғана емес, оның сапалылығының бағасын анықтауғада маңызды көрсеткіш болып табылады.
Бұл әдіс күйдіргіш калий немесе натрий ерітіндісімен эфирлі – спиртті май ерітіндісін бейтараптауға негізделеген. Этилді эфирді майды еріту үшін қолданады, ал этил спиртін екі араласпайтын – майдың эфирлі ерітінісінің және сілтілі сулы ерітіндісінің гомогенизациясы үшін қолданады. Ол үшін қоспадағы спирт мөлшері сілті ерітіндісін титірлеуге жұмсалған мөлшерден 5 есе артуы болуы қажет. Титірлеудің соңын фенолфталеин бойынша бояу ақшыл – қызғылт түске дейін өзгеруіне байланысты қояды.
150-200 мл сыйымдылықтағы конустық жұмыр шыныға жұмыр шыныға 1 мг кем емес 3-5 г зерттелетін майды өлшеп алып салады. Майды су моншасында ерітеді де 50 мл бейтарап эфирлі-спирт қоспасын құйып араластырады. Оған 3-5 тамшы 1%-тік фенолфталеиннің спиртті ерітіндісін қосады. Алынған ерітіндіні шайқаған кезде 0,1 н күйдіргіш натрий немесе калий ерітіндісімен анық қызғылт түске боялғанға дейін тез титірленеді. Егер титірлегенде сұйықтық лайланса, жұмыр шыныға лай жоғалғанша дейін 5-10 мл эфирлі-спирт қоспасын қосады немесе ішіндегісін су моншасында сәл қыздырады, кейін бөлме температурасына дейін суытып, титірлеуді аяқтайды. Қышқылдық санды (Х) формула бойынша есептейді:
Х = (У·К · 5,61) /М,
мұндағы У – титірлеуге жұмсалған 0,1 н күйдіргіш калийдің мөлшері, мл;
К – 0,1 н сілті ерітіндісінің (1) нақты есебін дұрыстау;
М – зерттелетін май ілмесінің массасы, г;
5,61 – 1 мл 0,1н күйдіргіш калий ерітіндісіндегі күйдіргіш калийдің мг мөлшері.
Паралелльді анықталған нәтежиелердің аралығындағы айырмашылықтар 0,1 - ден аспауы қажет.
26 - кесте
Азықтық жануар майларының көрсеткіштері

Көрсеткіштер



Майдың түрі және сұрыпы

сиыр майы

қой майы

шошқа майы

жоғарғы

бірінші

жоғарғы

Бірінші

жоғарғы

бірінші

15-200С–та түсі

Ақшыл сарыдан сарыға дейін




Ақ түстен ақшыл сарыға дейін




Ақ түсті, ақшыл көгілдірге рұқсат етіледі



Ақ түсті сарғыш және бозғылт түске рұқсат етіледі

Иісі мен дәмі

Балғын шикізаттан еріген май түріне тән. Жоғарғы сұрып үшін - бөгде иіс болмайды, бірінші сұрыпта ұнамды қуырылған иіс рұқсат етіледі.

Еріген жағдайдағы тұнықтығы

Тұнық

Тұнық

Тұнық

Тұнық

Тұнық

Тұнық

15-200С – та консистенциясы

Тығыз немесе қатты

Тығыз немес қатты, құйрықтылар үшін – жақпа май тәрізді

Жақпа май тәрізді, түйіршікті, тығыз



Ылғалдың болуы %

0,20

0,30

0,20

0,30

0,25

0,30

Қышқылдылықтың саны

1,1

1,2

1,2

2,2

1,1

2,2

Көрсеткіштер



Майдың түрі және сұрыпы

жылқы майы

сүйек майы

жинақ май

жоғарығы

бірінші

жоғарғы

бірінші

15-200С–та түсі

Сары-сарғылт

Сары– сарғылт, сұрлау, жасылдау рең рұқсат етіледі

Ақ түстен сарыға дейін, жасыл рең рұқсат етіледі

Ақ түстен сарыға дейін, сұрлау рең рұқсат етіледі

Ақ түстен қою сарыға дейін,, сұрлау рең рұқсат етіледі.

Иісі және дәмі

Балғын шикізаттан еріген май түріне тән. Жоғарғы сұрып үшін - бөгде иіс болмайды, бірінші сұрыпта ұнамды қуырылған иіс рұқсат етіледі.

Жануар майы үшін тән, қуырылған иіс пен дәм рұқсат етіледі.

Еріген жағыдайдағы тұнықтығы

Тұнық

Тұнық

Тұнық

Тұнық

Бұлдырлау

15-200С – та консистенциясы

Жақпа май тәрізді немесе тығыз

Сұйық, жақпа май тәрізді немесе тығыз

Сұйық, жақпа май тәрізді немесе тығыз

Ылғалдың болуы, %

0,25

0,30

0,25

0,30

0,50

Қышқылдылық саны

1,2

2,2

1,2

2,2

3,50





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет