Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау



бет55/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

Анықтау әдістемесі: сілтіні қыздырған кезде майдың шайылуына және олардың дақтардан ажырауына негізделген. Этилді эфирде билирубин ауырлау, төмен қарай концентратталады, ал азықтық дақтар және липохромар – жоғары қарай.
Түтікшеге 2 г ұсақталған майды салады және 5 мл 5% - тік күйдіргіш натрийді қосады. Қоспаны қыздырып , 1 мин ішінде қайнатады. Түтікшені шайқап, 40-500С – ға дейін құбыр суымен суытады, абайлап 2-3 мл этил эфирін және 1-2 тамшы 960 этил спиртін қосады.Түтікше ішіндегісін ақырын сілкіп араластырады. Билирубин болған жағыдайда эфирдің төменгі қабаты сарғыш-жасыл түске боялады. Азықтық дақтар және липохромдар эфирдің жоғары қабатына сары түс береді.


Тапсырма
1. Зерттелетін жануар майынан орташа сынама алу.
2. Зерттелетін май сынамасының оргонолептикалық көрсеткіштерін анықтау.
3. Зерттелетін май сынамасының сапалық көрсеткіштерін анықтау.
4. Зерттелген жануар майының сынамасына санитарлық баға беру.
4 Шұжықтардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы


Сабақтың мақсаты: Шұжықтардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасының ережесі мен тәртібін меңгеру.
Құралдар мен реактивтер: Терморегуляторлы кептіргіш шкаф; 25-55 мм диаметірлі қақпақты және биіктігі 55 мм шамасында болатын металл немесе шыны бюкстар; сусыз хлоры кальцилі эксикатор; аналитикалық немесе техникалық таразы; термометр 50-200°С; тазаланған құм;Титрлейтін қондырғы; сопақ қондырғы; 150-200 мл сыймдылықтағы конустық жұмыр шыны; 25 және 50 мл тамызғыш; 0,1 немесе 0,05 н азот-қышқыл күміс ерітіндісі; 0,01н бикарбонат натрий ерітіндісі (NaHCO3) немесе 0,01 н сірке қышқылы; 1%-тік фенолфталеин ерітіндісі; 0,05%-тік паранитрофенол ерітіндісі; 10%-тік хромата калий ерітіндісі (К2СrО4).
150-200 мл сыймдылықтағы конустық жұмыр шыны, 100, 250 және 1000 мл өлшегіш жұмыр шынылар; 10 және 20 мл тамызғыштар; сыйымдылығы 50 мл бюреткалар; су моншасы; қағаз фильтірлер; лакмусовая бумажка; песочные часы на 3 мин.10%-тік тұз қышқылы ерітіндісі; 0,025 н гипосульфит ерітіндісі; 15%- тік күйдіргіш натрий ерітіндісі; 10% -тік йодты калий ерітіндісі; 15% -тік күкірт қышқылы ерітіндісі; 1%- крахмалдың сулы ерітіндісі.
Сыртқы көрінісін бақылау үшін шұжық өнімдерінің әр партиясынан 10% алады. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін (оргонолептикалық, химиялық, микробиологиялық) келесі сынамаларды алады: қабықшасының массасы 2 кг-нан жоғары ет өнімдерінен барлық сынау жұмыстар үшін өнімдерден екі бірліктен алады; қабықшасының массасы 2 кг-нан аз ет өнімдерінен әр сынау жұмыстарының түрлері үшін өнімдерден екі бірліктен алады; қабықшасыз өнімдерден әр сынау жұмыстарының түрлері үшін үш бірлкітен алады.
Алынған өнімдердің бірліктерінен органолептикалық зерттеулер үшін жалпы массасы 800-1000 г болатын әр түрлі сынамалар алады, химиялық зерттеулер үшін – 400-500 г. Микробиологиялық зерттеулер үшін 200-250 г әр үш бірліктен екі сынамадан аз емес қылып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет