Құйрықтылар отряды.
Бұл отрядқа; саламандра, тритон, протей (бұлардың көздері болмайды, желбезектері бар,
үңгірлі су қоймаларында тіршілік етеді) ; Сирендер (желбезектері бар артқы аяқтары жоқ)
жатады. Солтүстік Америкада құйрықты амфибилер көп таралған. Бұлар сыртқы түрімен,
ішкі құрлысымен және тіршілік ету әрекетімен балықтарға өте ұқсас, басқа амфибилер мен
салыстырғанда. Құйрықтылар көпшілік өмірін суда өткізеді, сондықтанда кейбіреулерінде
желбезекпен тыныс алуы сақталады, өкпесі өте қарапайым. Бұлар суға екінші қайтара түскен
деп есептелінеді
Қан айналу жүйесіде қарапайым. Тек қана жоғарғы сатыдағы құйрықтылардың жүрекшесі
толық пердемен бөлінген. Дабыл қуысы мен дабыл жарғағы болмайды. Көптеген
құйрықтылардың бүйір сызық мүшелері өмір бойы сақталады. Судағыларында қозғалмалы
қабық болмайды. Көбінің ұрықтануы іште жүреді. Ұрықтанған уылдырықтар салып, личинка
немесе тірі туу арқылы көбейеді. Кейбір түрлерінің личинка кезінде де көбеюге қабілеті
болады. Мұны неотециа құбылысы деп атайды. Бұлардың ғылымға 240-тай түрі белгілі.
Аяқсыздар отряды.
Аяқсыздарға жер астында тіршілік ететін амфибилер жатады. Бұлар жерді қазып, жер
астында тіршілік етуге бейімделген. Терісі жалаңаш, тері бездері көп болады, аяқтары
болмайды. Құйрықтары қысқа, есту нервтері нашар, көздері рудимент түрінде дамыған,
дабыл жарғақтары болмайды. Клоакасының керегесінің өсуінен копулятивті мүшесі пайда
болады. Ұрықтану іште болады. Личинкалардың дамуы суда аяқталады. Омыртқалары
амфицельді, нағыз қабырғалары болады. Жүрекшелеріндегі перделер толық дамымаған.
Құртша тұқымдасының 75-тей түрі белгілі. Бұлар Оңтүстік Америка, тропикалық Африкада
және Оңтүстік Азияда көп кездеседі. Оңтүстік Америка буылтық құртшаның ұзындығы 40
см. Дымқыл жерде 50 см-ге дейін қазып тіршілік етеді.
Цейлон балықжыланы да 40 см-дей болады, ол Үндістанда, Үнді-Қытайда көптеп кездеседі.
Бұлар түбірдің астына 10-20-дай жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан личинкалар
дамуын суда аяқтайды. Ұрықтану іште болады, кейбіреулері тірі туады. Омыртқасыздар мен
құмырсқа личинкаларымен қоректенеді.
Құйрықсыз амфибилер отряды.
Бұған жартылай құрлыққа тіршілік етуге жақсы бейімделген, құрлысы күрделі, сан жағынан
көп құйрықсыз қос мекенділер жатады. Бұл отрядқа бақалар, құрбақалар, бақылдауық бақа
және т.б. Әсіресе құйрықсыз амфибилер тропикалық елдерде көбірек кездеседі, көптеген
түрлері ағаштарда өмір сүреді. Ғылымға шамамен 1700-дей түрі белгілі. Бұларға тән
ерекшеліктері: 1) дене пішіні бақа сияқты құйрықсыз. 2) алдыңғы және артқы аяқтары
жақсы жетілген. 3) артқы аяқ саусақтары жақсы дамыған алдыңғы аяқ саусақтарына
қарағанда, сондықтан жер бетінде секіріп қозғалады. 4) Омыртқалары процелді. 5) Нағыз
қабырғалары болмайды. 6) Маңдай және төбе сүйектері, шынтақ және білек сүйектері,
асықты жілікпен оның шыбығы бірігіп кеткен. 7) Дабыл қуысы дұрыс дамыған. 8)
Ересектерінде сыртқы және желбезек саңылаулары болмайды. 9) Ұрықтануы сыртта болады.
10) Копулятивті мүшесі болмайды.
Қазақстанда қосмекенділердің (амфибиялардың) барлығы 12 түрі кездеседі, оның
ішінде:
Қазақстанда құйрықсыз қосмекенділердің 9 түрі кездеседі:
1. Көлбақа
2. Шөп көлбақасы
3. Сібір көлбақасы
4. Бізтұмсық бақа
5. Жасыл құрбақа
6. Кәдімгі құрбақа
7. Даната құрбақасы
8. Қызылбауыр жерлянка
9. Кәдімгі жуа бақасы (чесночница).
Қазақстанда құйрықты қосмекенділердің 3 түрі кездеседі:
1.
Жетісу бақатісі немесе Жетісу аяқтыбалығы (Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген).
2. Сібір бұрыштісі (сибирский углезуб)
3. Кәдімгі тритон.
Лекция
Тақырып:
Бауырымен жорғалаушылар класы- Reptilia.
Рептилилер таскөмiр дәуiрiнiң екiншi жартысында стегоцефалға туыс күрделi
қосмекендiлерден келiп шыққан. Эволюциялық ұзақ даму барысында амфибиилерге
қарағанда активтi тiршiлiк ететiн рептилилер, құстар, сүтқоректiлер жоғары сатыдағы
омыртқаларға жатады. Жоғары сатыдағы омыртқалардың ұрықтануы iште болады. Бұлардың
эмбриональдық дамуындағы бiр ерекшелiгi ерекше ұрық қабының пайда болуы.
Сүтқоректiлерде ұрық қабы, яғни, бала жататын орынды плацента дейдi. Ол эмбрион мен
аналық организмдi байланыстырады. Бұл ұрық қабының аминотикалық деп аталуына орай,
жоғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгi сатыдағы омыртқалыларда
ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.
Жалпы сипаттамасы. Құрылысы: Рептилилердiң басы тұлғасымен қозғалмалы
байланысқан. Мойын пайда болған. тұлғасы ұзын, көпшiлiгiнiң құйрықтары да ұзын,
аяқтары да жақсы жетiлген. Ал кейбiр кесiрткелерде, барлық жыландарда аяқтары
жойылған. Денесi сыртынан эктодермальдi мүйiзденген қабыршақпен қапталған. Оның
маңызы дененi құрғап кетуден және әртүрлi механикалық зақымданудан сақтайды. Бұл
мүйiзденген қабыршақ түлеп отырады. Қазiргi рептилилердiң терiсiнде бездер болмайды,
денесi қүрғақ келедi. Аздап болса да терi бездерi жас крокодилдерде кездеседi, ал
жыландарда тек нүсқасы ғана болады. Сыртқы көрiнiсiнiң реңi сан алуан болады.
Нерв жүйесi. Рептилилердiң нерв жүйесi амфибирлерге қарағанда жақсы жетiлген. Алдыңғы
миы үлкен болады. Ми жарты шарлары үлкендеу, бiрақ мидың сұр затынан тұратын ми
қыртысы әлi де жақсы жетiлмеген, сондықтанда алдыңғы мидың көп бөлiгi жолақты
бөлiктен тұрады. Аралық және ортаңғы мидың құрылысы да күрделене түскен. Мишық өте
жақсы дамыған. Басқа да жоғарғы сатыдағы омыртқалылардiкi сияқты бауырмен
жорғалаушылардың сопақша миы вертикаль бағытта айқын иiн жасайды. Жұлыны ұзын
болып, күрделi құрылған.
Сезiм мүшелерi. Рептилилерде (жыландар мен т.б. түрлерiнен басєа) жақсы жетiлген
амфибилилерге қарағанда. Көздерi қозғалмалы, оларда қасаң қабағы мен қоса жынықтау
жарғағы болады. Кейбiр өкiлдерiнде жарықты қабылдайтын аралық мимен байланысты
келген төбе мүшесi болады. Бұлардың есту мүшелерi амфибилердiкi сияқты iшкi және
ортаңғы құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақта бiр ғана үзеңгi сүйегi бар. Жарғақты лабиринт
иiрiмдерi жiктелiңкiреген, оның iшiнде мүйiз тәрiздi иiрiмдерi болады. Ауыз iшiндегi
тамақтың иiсiн айыратын якобсонов деген мүшесi болады. Иiс айыруда тiлдiң қызметi өте
зор. Көпшiлiгiнде дaм сезу нашар жетiлген.
Қаңқасы. Ми сауыты толық сүйектенген. Иiс бoлiмiндегi шемiршектер сүйектенбей,
сол шемiршектi күйiнде қалады. Ми сауытының төбесi мынадай жұп сүйектерден тұрады:
маңдай алды, мұрын, маңдай және маңдай арты, төбе және бiр төбе аралық сүйектерден
қyралған. Ми сауытының бүйiр жақтары бiр жақаралық, екi жоғары жақ, көз үстi, бет
және бұдыр беттi сүйектерден қалыптасады. Омыртқа жотасы қозғалмалы болып 5
бөлiктен тyрады: мойын, арқа, бел, сегiзкөз, құйрық. Рептилилердiң мойын омыртқасы
амфибилерге қарағанда көп, ал кесiрткеде сегiз болады. Бұлардың бiрiншi омыртқасын
ауыз омыртқа, екiншiсiн-эпистрофея деп атайды. Бел-көкiрек бөлiмiнiң омыртқаларына
қабырғалар бекидi, алдыңғы бес омыртқаның қабырғалары төс сүйегiне барып жалғасып,
көкiрек қуысы пайда болады. Жыландарда төс сүйегi болмайды, яғни, көкiрек қуысы жоқ.
Кесiрткеде төс шемiршектен тұрады. Сегiзкөз екi омыртқадан тұрады, құйрығы ондаған
омыртқадан тұрады. Аяқ сүйектерi амфибиге қарағанда жақсы жетiлген. Иық белдеуi үш
сүйектен тұрады: Тоқпан жiлiктiң басы енiп тұратын шұңқыры бар каракоид болады.
Каракоид төспен байланысады, алдыңғы ұшында бұғана жатады. Жауырыны да бар.
Жамбас белдеуi мықын, шондамай, шап сүйектерiнен тұрады.
Бұлшықет жүйесi. Амфибилерге қарағанда жақсы жетiлген. Оны бастарының,
мойындарының, көкiрек клеткаларының жақсы қозғалысынан көруге болады. Аяқ
бұлшықеттерi де, саусақтарының бүгiлiп жазылуы да жақсы жетiлген.
Қан айналу жүйесi. Жүрегi амфибилердiкi сияқты үш камералы, бiрақ
қарыншаларының арасындағы пердесi толық болмайды. Сондықтан да рептилилердiң
қарыншасында аралас қан болады. Ал крокодильдердiң қарыншаларының аралығындағы
пердесi толық жетiлiп, қарыншаны оң және сол бөлiктерге бөлiп тұрады, яғни, бұларда
жүрек төрт камералы деген сөз. Өкпеден келетiн артерия қаны сол жақ құлақшаға құяды.
Ал барлық дене бөлiмдерiнен жиналатын вена қаны оң жақ құлақшаға құяды. Одан ары
қан екi құлақшадан да қарыншаға құйылады. Қарыншасындағы пердесiнiң толық
болмауына байланысты, қарыншасында қан аздап аралас болады, амфибилерге қарағанда.
артериальдық конусы болмайды және де артерия қан тамыры қарыншадан шағады. Оң
жақ қарыншадан јкпе артериясы шығып, өкпеге вена қанын апарады. Бұрынғы үшiншi
жұп желбезек қан тамыры жойылған. Екiншi жұп қан тамыры екi қолқа доғасынан
тұрады: оң жақ қолқа доғасы қарыншаның сол бөлiгiнен басталып артерия қанын алып
шығады, ал сол қолқа доғасы қарыншаның оң бөлiмiнен басталып аралас қанды алып
кетедi. Қолқаның оң жақ доғасынан ұйқы артериясы (бұрынғы бiрiншi жұп желбезек
қантамырлары) шығып, басты таза артерия қанымен қамтамасыз етедi. Қолқаның екi
доғасы бiр қолқаға бiрiгiп, көптеген артерияларға тарамдалады. Сонымен бiрге
рептилилердiң көкбауыры немесе талағы болады.
Тыныс алу жүйесi. Рептилилер тек өкпемен тыныс алады. Терiсiнде мүйiздi
қабыршақтарының болуына байланысты тыныс алуға қатыспайды. өкпелерi қапшық
тәрiздi болып және оның iшкi бетiнде өкпелiк тыныс алу беттiгiн ұлғайтатын көпсанды
қатпарлы мен перделерi болады. Ауа танау тесiктерiнен өтiп, хоандары арқылы ауыз
қуысына келiп, сосын көмекей арқылы ұзын кеңiрдекке өтедi. Кеңiрдек екi бронхаға
тарамдалып, өкпеге жалғасады.
Зәр шығару жүйесi. Рептилилердiң зәр шығару мүшесi ересектерiнiң жамбас
бүйректерiнен тұрады. Дене бүйректерi ұрық жұмыртқадан шыққан соң бiраз уақытқа
шейiн жұмыс iстейдi. Жамбас бүйрегiнен бүйректiң зәр шығару түтiгi кетедi. Оң және сол
зәр шығару түтiктерi клоаканың арқа жағынан ашылады, ал құрсақ жағында клоакаға
қуық ашылады. Крокодилдердiң, кесiрткелердің және жыландардың кейбiр түрлерiнiң
қуығы жетiлмеген. Олардың зәр заты несеп қышқылынан тұрады.
Ас қорыту жүйесi. Ас қорыту жүйесi ауыз қуысынан басталады. Көпшiлiк
рептилилердiң тiлдерi мен тiстерi жақсы дамыған. Тiлдерiнiң формасы түрлiше болады.
Жыландар мен кесiрткелердiң көпшiлiгiнiң тiлдерiнiң ұшы екi айыр, әрi жiңiшке болады.
Ал, хамелеондардың тiлiнiң ұшы жалпақ келедi.Тiлдердiң бұлай болып келуi қоректiк
заттарды ұстау тәсiлiмен пайдалану тәсiлiне байланысты. Көптеген рептилилерде тiс
болады. Крокодилдiң тiстерi альвеолға орналасқан. Тасбақалардың тiстерi болмайды, ал
жақтары мүйiзденiп келген. әсiресе, омыртқалы жануарлармен қоректенетiн
жыртқыштардың жұтқыншағы, өңешi, қарыны жақсы жетiлген. Аш iшегi ұзын болады, ал
тоқ iшегi қысқа келiп клоакамен аяқталады. Бауырында өт болады. Өт жолы да, ұйқы безi
де он екi елi iшектiң iшiне иiне орналасєан. Ал аш iшек пен тоқ iшектiң қосылған жерiнде
соқыр iшектiң нұсқасы болады. Тек шөппен азықтанатын тасбақалардың соқыр iшегi
жақсы жетiлген.
Көбеюi. Аталықтарының көбею мүшелерi: дөңгелек пiшiндi екi тұєым безiнен, екi
тұқым безi өсiндiлерiнен және екi тұқым жолдарынан, клоака қабырғаларынан дамыған
шағылыс мүшесiнен тұрады. Ал аналық жыныс жүйесi: жұп жұмыртқа безiнен, клоакаға
жеке тесiктер болып ашылатын жұп жұмыртқа жолдарынан тұрады. Рептилилердiң
ұрықтануы тек iште болады. Ұрық аналықтың клоакасына аталықтың шағылысу мүшесi
арқылы кiргiзiледi. Жыландар мен кесiрткелердiң кейбiр түрлерiнiң аналықтары
партеногенез жолымен көбейедi.
Дамуы. Дамуы - тура, рептилилерде личинка болмайды. Ұрықтанған жұмыртєаларын
рептилилер топыраққа, тас немесе жапырақ астына т.б. жерлерге салады. Яғни,
жұмыртқалары судан тыс құрлықта дамиды. Рептилилердiң кейбiр түрлерiнiң
зиготасының дамуы аналықтарның жыныс жолдарында болады және де дамыған
жұмыртқадан сыртқа бiрден ересек рептилилерге ұқсас жас жәндiктер шығады. Бұны
жұмыртқадан тiрдей туу деп атайды. Бұлай жұмыртқадан тiрiдей туу солтүстiкте, таулы
аудандарда кездесетiн рептилилерде кеңiнен таралған. Ал аздаған рептилилер, мысалы
теңiз жыландары балаларын бiрден тiрi туады.
Рептилилер экологиясы. Бұлар жер шарына кең таралған, көпшiлiгi жылы және
ыстық климатты аудандарда тiршiлiк етедi. Бұл олардың тiршiлiк ету әрекетiне
байланысты. Бауырымен жорғалаушылар негiзiнен құрлық жануарлары, ал кейбiр түрлерi
суда тiршiлiк етедi. Мысалы, теңiз тасбаєалары мен жыландары теңiзде, крокодилдер
өзендер мен көлдерде кездеседi. Бiрақ бұл су рептилилерi ауамен тыныс алады, құрлықта
көбейедi, кейбiрi тiрi туады. Бұл, яғни олардың құрлықтан екiншi қайтара суға түскендiгiн
байқатады. Сонымен қатар бұлардың кейбiрi түнде, кейбiрi күндiз тiрiшiлiк етедi, қыс
кезiнде ұйқыға кетедi, әртүрлi қуыстарға тығылып. Рептилии жұмыртқасының құрылысы
құс жұмыртқасымен сәйкес келедi. Олар сары уызға бай болады, белокты қабаты бар жёне
қатты iзбестi қабықпен немесе жұмсақ жұқа пленка тәрiздi қабықшамен қапталынған. Бұл
қабықтардан басқа ұрық дамыған кезде ұрықтың өзiнен амнион, сероза және аллантойс
деп аталатын қабықтар пайда болады. Рептилилердiң дене температурасы тұрақты емес,
сондықтан олар жылы жерлерде кездеседi. Температурасы 10 градус болғанда жыландар
активтiлiгі төмендейдi, плюс 6-8 градус болғанда қозғалмай қалады, плюс 2-3 градус
болғанда ұйқыға кетедi, -4, -6 градус болғанда тiршiлiгiн жояды. Жоғары температурада
рептилилерге түрлiше әсер етедi. Аса ыстықтан өсiмдiктердiң күйiп кетуi тасбақалардың,
ал сулардың тартылып қалуы крокодилдермен кейбiр жыландардың ұйқыға кетуiне әсер
етедi. Рептилилер әртүрлi жануарлармен қоректенедi, кейбiрi өсiмдiктердi тамақ етедi.
Мысалы, кесiрткелер бунақденелiлермен, моллюскалармен, құрттармен қоектенедi.
Агамалар, игуандар өсiмдiктердi де азық етедi. Сарыбас жыландар амфибилердi жеп
құртады. Су тасбақалары мен жыландары балықтарды жейдi. Кейбiр жыландар ұсақ
кемiрушiлердi, құстарды, рептилилерге де, сүтқоректiлерге де шабуыл жасап қоректенедi.
Рептилилер жұмыртқаны көп салмайды. ұсақ кесiрткелер бiр-екi жұмыртқа салады.
Тасбақалар бiр жазда бiрнеше рет жұмыртқалайды. Жыныс бездерi жыланда үш-төрт
жасында, кесiркелерде бiр жасында, тасбақа мен крокодилдерiң алты- жетi жасында пiсiп
жетiледi.
Рептилилердiң экологиялық маңызы. Крокодилдердiң терiсiнен портфельдер,
чемодандардың сыртқы қабатын жасайды. Коретте немесе бисса деген тасбақаның мүйiздi
қабыршағынан көзiлдiрiк, тарақ т.б. жасайды. Адам тасбақа мен кейбiр жыландардың етiн
тағам ретiнде пайдаланады. Кейбiр жыландар кемiрушiлердi жеп құртады. Қытайда
егеуқұйрықтарды жою үшiн пайдаланады. Кесiрткелер зиянды бунақденелiлердi,
моллюскаларды жояды.
Лекция
Тақырып: Құстар класы - Aves.
Құстар омыртқалы жануарлардың iшiндегi жоғары сатыда дамығандардың бiрi. Денесi
қауырсынмен жабылып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Құстардың ұшуы -
эволюциялық дамудың жемiсi. Юра дәуiрiнiң басында бауырымен жорғалаушылардан
құстар келiп шыққан. Эволюцияның ұзақ жылдар дамуының нәтижесiнде олар ағаштан-
ағашқа қалықтап барып қонды. Дамудың келесi сатысында құстардың ұшу қабiлетi жетiле
түстi. Құстардың ұшу қабiлетiне дүние жүзiне кең таралуына мүмкiндiк бердi. Сөйтiп,
құстар генетикалық жағынан бауырымен жорғалаушыларға жақын, прогрессивтi бiр бұтағы.
Құстардың ұшуы, оның денесiне көптеген өзгерiстер тудырды.
Қазақстанда құстардың 488 түрi тiршiлiк етедi. Соның iшiнде 388 түрi (79,5%) Қазақстан
жерiнде ұя жасап көбейедi. 138 түрi қысты күнi кездеседi. Республика жерiне 14 түрi
қыстауға ұшып келедi, ал 47 түрi Қазақстан жерi арқылы ұшып өтедi. Дүние жүзiнде
құстардың 8600 түрi тiршiлiк етедi. Құстар барлық географиялық аймақтарға таралған.
Сыртқы пiшiнi мен дене тұрқы әралуан. Ең кiшкентай құс колибридiң дене тұрқы арадай, ал
ең үлкен құс - африка түйеқұсы биiктiгi 275 см.
Құстардың сыры мен қырын жан-жақты зерттейтiн зоологияның бiр саласын - орнитология
деп атайды.
Жалпы сипаттама
Құрылысы: Құстардың денесi бас, дене, қозғалмалы мойын, қанатқа айналған алдыңғы
аяқтары және жақсы дамыған аяқтардан тұрады. Кеудесiнiң алдыңғы жағы жұмыр болып
ауада ұшуға жақсы икемделген. Құстардың ұшу кезiнде салмағын жеңiлдетуге себепшi
болатын бiрқатар бейiмделушiлiктер бар: Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектерi
(қаңқасы) iшiне ауа толған қуыс болады. өкпелерiмен байланысты ауа қапшықтары болады.
Қысқа келген тоқ iшегiнде қорытылмаған ас қалдықтары тоқталмайды, қуығы болмайды,
тiстерi жоқ. Осы ерекшелiктер құстардың ұшуына және жерде жүруiне толық мүмкiндiк
бередi. Терiсi жұқа,оның сыртқы эпидермис қабаты жақсы жетiлген. Терiсiнде ешқандай терi
бездерi болмайды. Тек қана құйрық түбiрiнiң үстiңгi жағында құйымшақ безi болады. Оның
шығарған секрет заттары қауырсындарын майлап, оған су жұққызбайды, яғни, сынбайтын
майысқақ қасиет бередi. құйымшақ безi барлық құстарда бiрдей дамыған. Мысалы, су
құстарында жақсы дамыған, ал құрлықта тiршiлiк ететiн құстарда нашар дамыған, әйтпесе
болмайды. Мысалы, түйеқұстарда, дуадақ пен безгелдекте, көгершiндерде және т.б. құстарда
құйымшақ безi жоқ. Жоғарғы және төменгi жақтарының үстi азды-көптi болсын мүйiзденген
қабыршақпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтар мен сирақтарының сыртын мүйiздi
қабыршақтар қаптаған. Олардың бәрi эпидермис қабатының туындылары. Құстар денесi
қауырсынмен қапталған. Олар құрылысы мен атқаратын қызметiне қарай түрлiше болады.
Денесiнiң сыртын жауып тұратын қауырсынды жамылғы немесе қалыпты қауырсын дейдi.
Бұл қауырсын терiге енiп тұратын қаламнан және сабағынан тұрады.
Сабағынан - ұзын бiрiншi дәрежедегi мұртшалар және оған орналасқан қысқа екiншi
дәрежедегi iлмешектерi бар мұртшалар кетедi. Бұлар өзара байланысып өзара пластинка –
пәр немесе желпуiш түзедi. қалыпты қауырсындар құстардың денесiнiң барлық жерiнде
бiрдей өспейдi. Сондықтанда қалыпты қауырсындардың бар жерiн птерилия, жоқ немесе аз
жерiн аптерия деп атайды. Қалыпты қауырсындардың орналасу жерiне қарай бiрнеше
топтарға бөледi. Ескi қанаттарының екi шетiне орналасқандарын – қақпа қауырсындар, ал
құйрығына орналасқандарын - бағыттаушы қауырсындар деп атайды. Қалыпты
қауырсындардың астыңғы жағында сабағы жоқ, тек жұмсақ мұртшалары бар - мамық және
нағыз мамық қауырсындар орналасады. Бұл қауырсындар,әсiресе су құстарында, суық жақта
тiршiлiк ететiн құстарда көбiрек болады. Олар жылуды жоғалтпайды. құстар түлейдi,
жылына 1-3 рет. Түлегенде ескi қауырсындар түсiп, жаңа қауырсындар пайда болады.
Әртүрлi пигменттерге байланысты қауырсын түсi де әртүрлi болады. қара түс - меланинге,
сары және қызыл - липохром пигменттерiне байланысты. Пигменттерi жоқ болса, қауырсын
түсi ақ болады. Маусымдық климат жағдайларына байланысты да түр-түсi ауысып отырады.
Нерв жүйесi. Құстардың жоғары дәрежеде тiршiлiк етуiне байланысты бас миы күрделi
құрылысты болып келген рептилиилерге қарағанда миы үлкен, әсiресе, көру, қозғалу т.б.
қызметтердi басқаратын орталық орналасқан жолақты денеден құралған алдыңғы миы аса
үлкен, бiрақ миының жарты шарының үстiңгi бјлiмi нашар дамыған. Бас миының иiс бөлiмi
кiшi болып, нашар дамыған, сондықтанда құстардың көру және есту қабiлеттерi жақсы
жетiлген. Мишығы айрықша үлкен, ұшқан кезде құстардың күрделi қозғалыс жасаулары
соған байланысты. Аралық миы мен эпифизi нашар дамыған, гипофиздiң жiгi жақсы
байқалады. Жұлыны құйрығының ұзын болмауына байланысты қысқа келедi. Бастан 12 жұп
нервтер тарамдалады.
Сезiм мүшелерi. Көру мүшелерi күштi дамыған. әсiресе, қыран құстары мен түн
құстарының көз алмалары үлкен. Құстарда көздерiнiң төменгi және жоғарғы қабақтарымен
қоса бүкiл көзiн жауып тұратын үшiншi қабағы да болады. Сонымен қатар, есту мүшелерi де
жақсы жетiлген, ол бауырымен жорғалаушылардiкi сияқты iшкi және ортаңғы құлақтан
тұрады, бiрақ құстардың қуысы күрделi. Иiс сезуi нашар, бiрақ өлекселермен қоректенетiн
тазқараларда, үйректерде, жылқышыларда, кивилерде иiс мүшелерi жақсы дамыған. Дәм
сезуi тiл мен ауыз қуысының iшiнде орналасқан ерекше клеткаллар жиынтығы әсерiнен
жүзеге асады, ал ол нашар дамыған. Құстардың дыбыс шығаруы алуан түрлi. Дыбыс арқылы
олар балапандарымен, аталықтары аналықтарымен, бiр түр өкiлдерi екiншiлерiмен қарым-
қатынас жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |