Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


ЖЕКЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ДИСФЕМИЗМДЕР



бет50/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

3 ЖЕКЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ДИСФЕМИЗМДЕР
“Дисфемизмдер көркем шығармада көбінесе ауызекі сөйлеу тілінің үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде беріледі. Сол арқылы әр жазушы өзінің қаһармандарының мінез-құлқын, білім дәрежесін, іс-әрекетін бір сөзбен айтқанда, нақтылы шынайы образын жасайды” [75, 234 б.].

Жазушылар, ақындар, жалпы алғанда, қалам қайраткерлері халық шығармашылығынан нәр алып өзінің туындыларын байытып отырады. Олар сыпайы, әдепті сөздердің орнына тұрпайы, анайы сөздерді қолданудың неше түрлі үлгісін жасап, өз творчестволарының көркемдік сапасын арттырады. Осы ретте ғалым С. Негимов: “Ақындар халықтың ғасырлар бойы жасаған рухани-мәдени байлықтарын ана сүтіндей бойларына сіңіріп жатулары тиіс. Олар эпос тілінің дархан шалқарлығын, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалған ділмар поэзияны символикалық белгілері, көркемдік, мәнерлегіш құрал-әдістемелердің алуан түрлі, сан қилы үлгілерін, қанатты, жатық тіркестерді меңгеруге, игеруге ұмтылады”, - дейді [76, 13 б.].

Жазушы әдетте сөздердің табиғи мүмкіндігін пайдаланумен қатар олардың ауыспалы, келтірінді мағынадада пайдаланады. Көркем әдебиетке тән әр алуан көріктеу, шеберлік тәсілдері барекені белгілі. Олар: теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха т.б. амал-тәсілдер жатады. Көрікті ойдың көркем суретін салуға жұмсалатын амал-әрекеттің әрқилы бедері, көркемдік кескіні, эстетикалық әсері болады. Бұлардың шегі жоқ. Қай тілде жазылған көркем әдебиет болсын, оның қаншама еңсесі биік, тарихы ұзақ болғанмен тілдің ішкі мүмкіндіктерін сарқа пайдаланып, тауысуға біткен жері осы деп отыруға болмайды. Оларды әр жазушы өзінше, түрлі құрамда, әр түрлі ыңғайды, кейде бірін-бірі қайлап та қолдана береді. Соның ішінде тек дарынды ысылған, қаламы әбден төселген сөз шеберлігінің туындылары ғана өзінің сонылығы мен даралығын жоймайды. Әдетте жеке жазушының тілі туралы әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдерімен өзге де жеке тұлғалық ерекшеліктерін талдау болып келеді. Осының бәрін түптеп келгенде, жазушының үлкен талғампаздығын, өз дүниесіне өзгенің көзімен қарап, тірнектеп жинаған дүниелеріне әлсін-әлсін қайта оралып отыратынын, өңдей түсуден ешқашан жалықпайтын сұңғыла суретткер екенін көрсетеді.

Біз бұл тарауда өнер қайраткерлерінің қаламынан туған соны дисфемизмдердің жасалу тәсілдеріне тоқтағалы отырмыз. Жалпы алғанда, жеке қолданыстағы дисфемизмдердің алыстап кетпегені байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет