Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет53/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

- Ақсақ иттің көңілі ар жақта-деді ол (О. Бөкеев).

- Мамырды қасиетсіз көк тұқыл төбет аңдып тұр (К. Оразалин).



- Ұялас ит қой, жараларын жалап тарасады (С. Бердіқұлов).

- Сөмпиіп тұрысын мына күшіктің-деп айқай салды (С. Бердіқұлов).



Берік бір қыз үшін күшік күйеу болып, орыс шалының үйіне кіріп алыпты,–дегенді өзінше ашыныңқырап айта келіп, – мұсылманшылықты былай қойғанда, қазақтың әдет-ғұрпын ұмытып, ата салтын аяққа басты, шоқынып кетті, – деп сөкті (З. Жакенов).

- Әттеген-ай ұялас иттер мені алдап соққан екен ғой (З. Жәкенов).



- Топас атаманның дөрекі төбеттері көздеріне көрінгенге ғана тап берген.

- Қаланы әзірге бір топ салпаң құлақ төбеттерге тастап кетіп жатырмыз (Х. Есенжанов).

Осы мысалдарға зер сала қарасақ, асты сызылған дисфемистік метафоралардың барлығы да адамға қатысты айтылған. Жай ғана айтылмай жағымсыз кейіпкерлерді итке теңеген. Қазақ тілінде ит, төбет, күшік сөздері метафораға соның ішінде дисфемистік метафораға жиі айналады. Мұның негізі ерте кезде-ақ қаланған.

Батыр деген барақ ит,

Екі долы қатынның бірі табады.

Би деген бір бұлақ,

Қатынның ілуде бірі табады (Төле би).

Жалпы ит сөзінің ауыс мағынада қолданып метафораға айналуы туралы С.Қ. Сансызбаева өзінің кандидаттық диссертациясында былай деп жазады: “Поскольку образное употребление названия животного собака нашло широкое в сапоставляемых языках, образуя наиболее крупное семантическое поле, целесообразно рассмотреть данную метафору подробнее. Следует отметить, что метафора собака в описываемых языках представлено, в большей степени, негативными коннотативными признаками, чем положительными. В русском языке широко распросранены коннатации “злой” “грубый”, “сварливый”, “хищный”, презренный” и др.” [88, с. 49].

Адамдар өз бойындағы жағымсыз қасиеттерді көбінесе итке телиді. Ит үй жануары, ол жыртқыш емес, бірақ метафоралы мағынада қолданылғанда, жаман, оңбаған мағынасын білдіріп, дисфемистік метафора бола алады. Тілімізде бұдан басқа адамға қатысты айтылатын дисфемистік метафоралардың бір - қасқыр. Мысалы:

- Қорқау қасқырлар енді Мақпалды таламақ қой,- деп күбір-күбір етеді,- осының бәрін Кәкен өршіткен пәле.

- Мына үйірлі қасқырларға қарындасын талата қоймас ара түсер-деді.

- Беріккен зәрлене қарап: - Салдақы қатын Мақпалдың бөлтірігі екенсің ғой” (З. Жәкенов).

Жоғарыда келтірген мысалдарымыздағы қасқыр жаман мағынаны білдіріп тұр. Бұл қолданыстарда қасқырдың жабайы хайуандығы, түсінің сұр, қара болуы есепке алынбастан, жыртқыштығы мен тойымсыздығы дисфемистік-метафоралы қасқыр сөзінің мағынасын жасап, жағымсыз эмоцияда жұмсалып тұр. Жалпы қасқыр сөзі қазақта тіке айтылмай қашанда ауыспалы табу мағынасында қолданылған. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыз қасқырды “қасқыр” деп өз атымен атамай, ит-құс, бөрі, түз тағысы деген. Ал, қасқыр сөзінің жоғарыдағыдай дисфемистік метафоралы мағынасы - жеке қаламгерлердің сөз саптауы, жалпы халықтық қолданыс емес.

Тілімізде үй жануалары атауларының адамға қатысты дисфемистік метафораға айналуы көптеп кездеседі. Солардың бірқатары жылқы малымен байланысты туындаған. Мысалы:

- Жұрттың аузы-басына шабынғаныңды қашан қоясың, кәрі азба (Ә. Кекілбаев).



- Бір азбан өзімде де бар, әукеңді салақтатып саған не жоқ (З. Жәкенов).

Осы мысалдардағы азбан сөзі жеке қаламгердің қолданысындағы дисфемистік метафора болып саналады. Бұл қаламгердің кейіпкерлер тілі арқылы олардың сүреңсіз бейнесін жасаудағы шеберлігі. Азбан сөзі жағымсыз образ табиғатын ашуда маңызды көркемдік құралдың бірі болып тұр. Бұл сөздің жалпы халықтық мағынасы ҚТТС-де былайша түсіндіріледі. Азбан зат. 1. Кестірілген тартылған еркек мал. 2. Ауыс. Құр кеуде (ҚТТС, І т, 80). Қаламгерлеріміздің сөз шеберханасында жылқы малының өзіне тікелей байланысты жасалған дисфемистік метафоралар да бар. Мұны төмендегі мысалдар дәлелдейді.

- Бізден сонда бәйге олар бір тулақтың тумағаны ма? (М. Қаназов).

Мұндағы тулақ дисфемистік мағынада келіп, ат дегенді білдіріп тұр. А. Сейдімбек “Қазақ әлемі” деген этномәдени пайымдауында тулақ сөзін былайша түсіндіреді: “Тулақ дегеніміз - тайдың терісін шикідей керіп кептірген көн, төсеніш. Сондықтан оны тайтері деп те атайды. Тулақ жасау үшін, жаңа сойылған тайдың терісін шелінен, көк етінен арылтып, тазалап алады. Егер тері өте майлы болса, аққұс (күйдірілген әктас, известь), ащы (сортаң топырақ, тұзды көлдің сазы) жағып майын алады. Терінің майын алу үшін құстың саңғырығында да жағады. Содан кейін теріні тегіс жерге немесе тақтайға керіп, шегелеп тастайды. Әбден кепкен тері қатайып көнге айналады. Теріні күн көзінен таса, көлеңкеге кептірген абзал. Кепкен теріні үстіне бөлек, көрпе жер жастық, салып төсеніш ретінде пайдаланады. Жүн сабағанда тулақты төсеніш ретінде пайдаланады…” [89, 288 б.].

Жылқыға байланысты жеке қолданыстағы дисфемистік метафоралардың бірі - бұт артар. Мысалы:

- Бұт артары мен шаңырақ саларларын жауға берді (К. Оразалин).

Осы мысалдардағы бұт артар-ат, шаңырақ саларлар-түйе дегенді білдіреді. Мұндай шеберлік тек қана мал шаруашылығымен айналысып, қатал табиғатпен етене жақын болған көшпенділер ұрпағының қаламынан ғана туындаса керек. Ақын-жазушылардың қолданысында үй жануарларының барлығы дерлік дисфемистік метафора ретінде қолданылған.

Қазақ түсінігінде арам, лас мақұлықтардың бірі доңыз да жеке қолданыста дисфемистік метафораға оп-оңай айналады. Доңыз сөзін қаламгерлеріміз көбіне-көп кейіпкерлерінің жағымсыз, дөрекі бейнесін ашу үшін пайдаланады. Мысалы:

- Кәрім аға, Беке, ол доңыздың кісі күлетін қылығы толып жатыр (С. Бердіқұлов).

- Жақсылықты білмейтін доңыз! - деді ол (Қ. Исабаев).

Бұл мысалдарда доңыз сөзін қаламгерлер кейіпкерлерінің жағымсыз іс-әрекеттері мен мінез-құлқын таныту үшін доңыз сөзін ұтымды пайдаланған. Мұнда авторлық мінездеменің көмегінсіз-ақ кейіпкерлердің айқын бейнесі көрініп тұр. Б. Сағындықұлы бұл сөздің төркіні туралы былай деп жазады: “Доңыз. Бұл мегежіні жылына бернеше рет торайлайтын өсімтал айыр тұяқты хайуанның көне атауы. Мұны қазақ тілінде “шошқа” сөзі ығыстырған. Сірә, соңғы тұлға “шошқа” (үш жағы, төбесі шошайған; сүйір) сын есімнен жасалған болуы мүмкін. Олай болған жағдайда оның арғы тегі-шошақ танау” тіркесі болып шығады. Ескерткіштерде тоңыз (дикая свиня, кабан, свиня) (ДТС, 575). Түбірі-тоң қазақ тілінде “тоң мойын” (өз айтқанынан басқаға көнбейтін бір бет,қыңыр) фразеологизмінің құрамында кездеседі. Бұл форма “доңыз” зат есімнің редукцияланып, ықшамдалуы нәтижесінде тілдік өмірге келген. Ал ауыспалы мағынаға уақыт өте келе ие болған. “Тоң” тұлғасының сингармониялық варианты -дөң (көтеріңкі биік жер, төбешік, көтеріңкі, шығыңқы). Осы белгі “доңыз” сөзіне негіз болып қаланған сияқты. Мұны “дөңки” - (бір заттың жер бетінен ерекше көрінуі, бадырайып айқын шығып тұруы; күржию, күржею, теңкию) етістігі айқындай түседі” [90, 233 б.].

Жоғарыдағы доңыз сөзінің синонимі шошқа да жеке қолданыста дисфемистік метафора болған. Мысалы:

- Сен шошқадан туған, шын айтып тұрмысың мұны? (Қ. Қараманұлы).

1. Ит шошқалап,



Құр бопсалап,

Айдынданып алыстан.

2. Жауыздар мәңгі жойылды,



Адамға бізді қоспаған.

Қызыл ер ғана құтқарды,

Ағылшын бай шошқадан (Қ. Мөңкеұлы).

Осы өлең жолдарында ақын ұлық-төрені аузына қаратқан келімсек байлардың сұрқия-сұмдығын, айлакер қулығын, арам ой-пиғылын, тұрлаусыз екі жүзділігін шошқаға балап сынайды.

Жеке қолданыстағы дисфемистік метафоралардың қатарына кәрі теке, кер бұқа деген төрт түлік малға байланысты тіркестерді жатқыза аламыз. Мысалы:

- Кәрі теке, өзіңді мына сазға біраз аунатып алайыншы, - деп кенет ортаға Ақшал шыға келді (Ә. Әлімжанов).

- Қыздар сені кер бұқа деп ерін шығаратын еді (Х. Есенжанов).

Бұл дисфемистік метафоралар арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқы, өз ортасына тән іс-әрекеті, ой-өрісі, басқалардың оларға деген көзқарасы даралап көрсетілген. Олардың адамдардың алдында өздерінше кісімсуі мен пәлсінуін кәрі теке, кер ұққа сияқты тіркестер арқылы жеткізген.

Халқымыздың даңқты ақындарының бірі І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы мына бір үзіндіге көз тоқтатайықшы:

Әр жақтың қошқарлары, Марқалары,

Әр жерде ауыр қотан, алқалады.

Жиылды Сағынайдың сор пасына,

Асын жеп, атын шауып тарқағалы.
Әр елдің бұқалары, өгіздері,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет