3.3 Дисфемистік перифраза
Тілімізде дисфемизмдер жасауда немесе дисфемистік мағына тудыруда перифразалардың да өзіндік орны бар. Тіл білімінде перифраза туралы ғалымдарымыздың ой-пікірлері жеткілікті. Атап айтсақ, академик Р. Сыздық мынадай анықтама береді: “Перифраз – көріктеу тәсілдерінің бірі. Перифраз деп бір нәрсені немесе құбылысты, іс-әрекеті олардың бір белгісін, бір қасиетін көрсетіп, суреттеп атауды танимыз… Перифраз құбылысын тануда көзқарастар біркелкі емес. Біреулер белгілі бір ұғымды әдеттегі (тілдегі, қолданыстағы) бар атаудан өзгеше сөздермен (не сөзбен) аталғанның бәрін перифраз деп таныса, енді бір зеттеушілер мұнда екінші атаудың (орысша “вторичная номинация”) арнайы жасалу жолы (амалы) барын көрсетеді, ол амал бір нәрсені (затты, құбылысты, іс-әрекеті, абстракт ұғымды), оның бір белгісін көрсетіп, яғни астарлап айтқанда сол белгіні танытатын сөзді келтіріп суреттеп атауды жүзеге асырады” [85, 114-115 бб.].
Белгілі ғалымдар А. Салқынбай мен Е. Абақан мынадай түсініктеме берген: “Перифраза бір ойды көптеген тәсілмен жеткізетін стилистикалық тәсіл перифраза заттың сапасы, белгілі қызмет бірінші қатарда көрсетіледі. Перифраза негізгі мақсаты мәтіннің әсерлігін арттыру. Перифраза негізінен көркем әдебиетте, публицистикада, ауызекі сөйлеуде кездеседі. Функционал аспектіде Перифраза екіге бөлінеді: 1) қайталанбалы бірліктер: жалпыға түсінікті оралымдар мен фразеологиялық және қанатты сөздер; 2) Ситуациялық және авторлық перифраза оның мағынасы нақты контекст арқылы негізделеді. Көптеген перифраза троптың негізінде құралады. Перифраза грамматикалық құрылымы әр түрлі болады [98, 164 б.].
Қазақ тілі энциклопедиясында перифразаға мынадай анықтама беріледі: “Перифраз (Ағыл. Parphrase) – сөздің бейнелі мағынада қолдану тәсіліне жататын көркем троптың бір түрі. Перифраза затты, процесті, құбылысты өз атымен аталмай басқаша атау, әрі соның негізінде сол заттың процестің, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді мағынада қолдана отырып, соны образды түрде сипаттау анықтау” [59, 318 б.].
Белгілі ғалым Ә. Болғанбаев перифраздарды синонимдерді қолданудың бір тәсілі дегенді де айтқан болатын: “Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі парафраза. Мұны кейде перифраза деп те атайды. Бұл сөздің мәнісі – жеке сөздің орнына оның түсінігін сипаттап беру …Парафраза бір заттың белгілі бір қасиетін айрықша атап көрсеткісі келгенде, немесе соған ерекше назар аударып, ден қойғыздырту мақсатында қолданылады”. Кейде бір сөзді қайталамай ойды түрлендіріп баяндау үшін де жұмсалады” [44, 8 б.].
«Отличие перифрастического значения слованамината от его лексического значения лежит прежде всего в аспекте номинации. Перифрастическое значения, в отличие от лексического, является актуально номинативным, или камуникативно релевантым, то есть представляет собой результат не вторичной номинаций (если иметь в веду, что вторичная номинацичия – это «использование в акте номинации фонетического облика уже сущесмвующей единицы в качестве имени для нового обозначения» [45, с. 121].
Жоғарыдағы перифраза туралы айтылған ғылыми пікірлерге сүйене отырып, дисфемистік перифраза туралы мынадай пікірге келдік. Ана тіліміздегі дисфемистік перифразаның қызметі басқа перифразадан айрықша, негізінен олар мағынасы жағымсыз, дөрекі, қолдануға қолайсыз, арнайы ұғымдарды тілдік ұшқырлықпен суреттеп жеткізу тәсілі. Өткен ғасырлардағы классик ақын-жырауларымыздың поэзиясында қалың бұқараның мұңы мен кегі, ызасы мен күресі дисфемистік перифразалар арқылы жеткізілген.
Жазушы-ғалым М. Мағауин: “XV-XVІІІ ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды. Өзіндік түр тауып, айқын ұлттық сипат қалыптасты”, – дейді [99, 60 б.]. Ы. Дүйсенбаев: “…халық мұңын мұңдаған ақын-жыраулар өзінің негізгі бағытынан, сара жолынан тайған жоқ олар қашан болса да қуаныш пен сүйінішті, өкініш пен күйінішті бірге көріп отырды” [100, 6 б.].
Дисфемистік перифразаларды пайдалануда бүгінгі ақын-жазушыларымызға даңғыл жол салып берген қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі – Дулат Бабатайұлы деп білеміз. Бұл пікірімізге төмендегі мысалдар айқын дәлел бола алады:
Ұлық кетсе, қазаққа
Достарыңызбен бөлісу: |