Дәріс 8. Оқытуды ұйымдастырудың ғылыми негіздерін зерттеу
1. Оқытуды ұйымдастырудың ғылыми негіздері 2. Білім беру мазмұны-оқыту үдерісінің базалық компоненті
Оқытуды ұйымдастырудың ғылыми негіздері Оқыту – күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қаблетін, құзіреттілігі мен дағдысын дамытуды жүзеге асырады. Оқыту - оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын екі жақты күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, ал оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық іс-әрекеті. Оқыту – мақсатты үдеріс. Оқытудың басты мақсаты қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп отырады. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түпнұсқа– мақсаттың жүзеге асуы. Оқыту – жоспарлы үдеріс. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таным әрекетінің формасы мен әдістерін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқыту – даму негізі. Педагогикалық үдеріс өзіне тән екі белгіні: ағзаныңөзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Оқыту үдерісі мұғалімнің, таным жолындағы оқушылардың қи-мылына байланысты. Оқыту – таным үдерісі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып, жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты мін-деттерінің бірі – шәкірттердің таным қабілетін дамыту.
Дамыта отырып оқыту – бұл оқушылардың таным іс-әрекет-терін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету, «ең жақын даму аймағын жасау».
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі – мұға-лімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағ-дайда болуын қажет етеді. Оқыту үдерісінде оқушы тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психи-калық үдерістерін басқаруы, ұйымдастыра білуі оқытудағы субъекті екенін айқындайды.
Проблемалық оқыту. Проблемалық оқыту – өзіндік дүниетанымын қалыптастырудың барынша өзекті құралы. Проблемалық оқытудың тиімділігі ол білім алушылардың сыни, шығармашылық, диа-лектикалық ойлауын қалыптастыру міндетін шешуден тұрады. Проб-лемалық оқыту логикалық тәсілдер жүйесін немесе жекелеген шы-ғармашылық іс-әрекеттерін, жаңа жағдаятта білімін шығармашылық-пен қолдану біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол шығармашылық тәжірибесінің молаюына, зерттеушілік әдістерді меңге-руіне, практикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Проблемалық оқыту оқудың қажеттілігін, уәжін қалыптастыруға, яғни әлеуметтік құзыреттілігін, адамгершілік, танымдық қажеттілігін құ-руға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда білім беру саласында цифрлық, электрондық оқыту, яғни қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялық құралдардың көмегімен оқытуда жүзеге асырылуда