4. Вертикальды еңбек бөлінісі. Ұйымдарда жұмыс құрамдас бөліктерге бөлінгендіктен, осы бөліктердің жұмысы табысты болуы үшін үйлестіріп отыратын адам қажет болады. Осы өзге адамдардың жұмысын үйлестіру қызметі басқарудың мәнін құрайды.

5. Басқару қажеттілігі. Ұйым өзінің мақсат, мәселелерін жүзеге асыру үшін вертикальды еңбек бөлінісі негізінде үйлестірілуі қажет. Сондықтан басқару ұйым үшін маңызды қызмет болып табылады. Бірақ кіші ұйымдарда әдетте нақты басқарушы топ бөлнбейді. Мыс: кішігірім магазинде басқарушы сатып алуға байланысты шешімді өзі қабылдайды. Сонымен қатар клиенттерге қызмет көрсету, тауарды орналастыру сияқты басқаруға қатысы жоқ қызметтерді атқаруы мүмкін. Ұйым өскен сайын адамдардың кімнен нұсқау алу керектігін білу қиынға соғады. Сондықтан ұйым табысты жұмыс істеу үшін басқару қызметінен басқаруға қатысы жоқ қызметті анық ажыратуы қажет.
Басқару деңгейлерінің көп болғандығына қарамастан дәстүрлі түрде 3 категорияға бөледі:
Әлеуметтанушы Т. Парсонс бұл 3 категорияны басшының ұйымда атқаратын қызметіне байланысты қарастырады және бұл деңгейлерді техникалық басқару және институционалды басқару деңгейлері деп атайды. Бұл деңгейдің әдетте көп қолданылатын атауы төменгі, орта, жоғары басқару деңгейі деп аталады.
Төменгі деңгей басшылары тікелей жұмысшыларды басқарады. Бұл деңгей басшылары көбінесе өздерінен бөлінген ресурстарды пайдалануға байланысты өндірістік тапсырманы орындайды. Бұл деңгейдегі басшылардың жұмысы тапсырманы орындау уақыты қысқа мерзімді, ал бұл тапсырманы орындау үшін шешім қабылдау уақыты да қысқа болады.