Жауап: хирург ортаңғы айналма артерияны кесті, өйткені ол көлденең ішектің шажырқайынан артерияны ажыратпаған.
№66. Сан жарығына операция кезінде, жарық қапшығын бөліп шығару кезінде хирург артериальды анастомозды кесіп жіберді, ол ауруда жақсы дамыған болатын, қорытындысында күшті қан ағуы болды, оны тоқтату қиын болды. Қандай анастомоз кесілді, ол қай артериялардың арасында және неге күшті қан ағуы болды?
Жауап: Мүмкін «Corona mortis анастомозы кесілген болуы керек, ол төменгі құрсақ үсті артериясымен жапқыш артериясының арасында болады, қанның күшті ағуы ірі артериялардың бағаналардың жақын жатқандығынан болды, сонымен бірге оған лигатура жасау қиынға түседі, өйткені анастомоздар тармақтары ажырап кеткендіктен.
№67. Хирург бас сүйегіне трепанация жасағанда сүйектердің жиегін қан ақпау үшін замазкалайды. Қанның қайдан шығатынын көрсет.
Жауап: Қан ағу диплоэтикалық веналардан шығады. Ол бас сүйектердің
кемікті затында болады.
№68. Хирург трахеостома жасаған кезде көп қан ағуына әкеледі ол қандай анастомозды кесті.
Жауап: Мүмкін хирург мойындырық вена доғасына кесті, ол төс үстінде
апоневротикалық қуыста орналасқан
№69. Варикоцеллемен ауыратын адамда сол аралық бездің тесігі оңнан үлкен болады?
Жауап: Сол аталық без венасы сол бүйрек венасына құяды, ал оң аталық без төменгі қуыс венасына құяды, сондықтан бұнда қан ағымы жеңіл болады
№70. Дәрігер аурудың құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасынан веноздық торды көрді. Веналары жоғарыдан төмен қарай, кіндіктен төмен қарай түскен. Бұл симптом қалай аталады және қандай потологияны ойлау керек. Қандай анастомоздар қатысқан?
Жауап:Клиникада бұл симптом «Медуза Горгонаның басы» деп аталады, бұл бауыр циррозының белгісі. Бұл жоғары, төменгі қуыс веналар және қақпа венасының арасындағы анастомоздар.
№71. Науқаста аяқтарының қатты ісіктері байқалады, былайша айтқанда «піл аяғы». Қандай жүйенің бұзылғаны туралы дәрігер не ойлау керек?