Мамандыѓы: ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау


Жауап: Шарбылық тесік №47



бет9/23
Дата12.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#137855
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
метод-Анатомия-Контр-измер-сред-СД-каз

    Бұл бет үшін навигация:
  • Жауап
Жауап: Шарбылық тесік
47. Тыныс жолдарына бөгде зат түскен адамды жарақатбөліміне әкелді. Басты бронхтардың анатомиялық ерекшелігін ескере отырып заттың қай бронхта тұрып қалғанын айт.
Жауап: Оң басты бронхта.
48. Ауруда қабыну процесімен кеңірдектің артқы қабырғасы бұзылған. Бұл
Жағдайда қабыну процесі қай ағзаға өтуі мүмкін екендігін көрсет.
Жауап: Кеңірдектің артқы қабырғасының қабыну процесі өңешке өтеді.
49. Интубациялық түтікті көмейге салу үшін дәрігер тамақ арқылы көмей
кіреберісі қолмен табады. Көмейге кіретін тесік немен қоршалған?
Жауап: Көмейге кіретін тесіктің алдын көмей үсті шеміршегі, артын ожау тәрізді шеміршектердің ұштары бүйірінде ожау – көмей үсті қатпарлы қоршаған
50. Дәрігер әншінің көмейін қарады. Қалыпты жағдайда дыбыс саңлауы сау адамда пішіні қандай болады.
Жауап: Жәй тыныс алғанда дыбыс саңлауының пішіні үш бұрышты болады.
51. Плевритпен ауратын ауруды рентгеноанатомиялық тексерістен өткізгенде, оның плевра қуысынан сұйықтықтық табылды. Сұйықтықтың жиналуы плевраның қай бөлігінде болды?
Жауап: Сұйықтықтың жиналуы, оның салмағына байланысты қабырға-диагфрагмалық синусында болды.
52. Кеуде қуысының рентген суретінен дәрігер сол өкпенің «өкпелік алаңы»оң өкпеге қарағанда кіші екенің байқалды. Оң және сол өкпелердің көлемі бірдей еместігін немен түсіндіруге болады?
Жауап: Сол өкпенің кішілігі жүрекке байланысты, ол кеуде қуысының сол жағында көп орын алып жатыр.
53. Ауруды қараған кезде, жүректің оң жақ шекарасы төстен 3 см оң жаққа қарай ығысқан. Жүректің қай шекарасы үлкейген?
Жауап: оң қарынша
54. Жүрек ұшының соғуы 5- қабырғааралықта ортаңғы бұғана сызығында сыртқа қарай сезіледі. Жүректің қай камерасы үлкейген?
Жауап: сол қарынша
55. Ауруға III сол қабырға шеміршегінің төске байланатын жерінде систоликалық шу естіледі. Осы жерде қандай ірі тамырдың проекциясы орналасқан?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет