Жауап эталоны: Ісік қуық асты безіне ауысуы мүмкін. Өйткені ол қуықтың түбінде орналасқан.
№88. Басынан жарақат алған ауру түсті , оның миында ісік бар екені байқалады. Операция – басқа трепанация жасауға дайындау үшін жұлынға пункция жасау керек. Омыртқа бағанасының қай бөлігінде пункция жасалынды.?
Жауап:3-4 бел омыртқаларының арасында.
№89. Ауруда тері сезімі – стереогноз бұзылғалы байқалады.
Жұлынның қай жіпшелерінің тұсында өткізгіштік бұзылған?
Жауап эталоны: Жұлынның артқы жіпшелерінің Голл және Бурдах шоғырларында.
№90. Ауруда қол, аяқ бұлшық еттерінің жұмысы бұзылғаны байқалды. Мишықтың қай анатомиялық құрылысы бұзылғанын көрсет.
Жауап: Мишықтың жарты шары мен тісті ядросы жарақаттанғанда.
№91. Аурудың тынысы мен қан айналымы тоқтады. Ромба тәрізді мидың қай анатомиялық құрылымы бұзылғанын көрсет.
Жауап: Сопақша мидағы тыныс алу және қан айналым орталықтары.
№92. Науқас ауруханаға жедел менингитпен түсті. Ауру бас мидың шеменімен асқынды. Ромб миының қандай тесіктері торлы қабықасты кеңестікпен жұлын сұйығының циркуляциясының бұзылуына әкеп соқтырады.
Жауап: Ортаңғы тесік (Magendi) және екі бүйір (Luschka) 4-ші қарыншаның жоғарғы тамырлы қабықшасы .
№93. Босану кезінде нәрестеде бас – ми жарақаты байқалды мишықтың жұлынуымен. Қатты ми қабықшасының қандай өсіндісі зақымдалған.
Жауап: Мишық шатырының үзілуі байқалады.
№94. Ауруда иықтың бүгу қызметі бұзылған және білектің латеральды жағындағы терісінің сезімталдығы бұзылған. Ауруда қай нервтің жарақаттанғаны болады.
Жауап: Ауруда бұлшықет-тері нерві жарақаттанған.
№95. Ауруда санның артқы бетіндегі терісінің сезімталдығы бұзылған. Ауруда қай нерв бұзылған.
Жауап: Ауруда артқы санның тері нервінің қызметі бұзылған.
№96. Ауруда санды ішкі әкелу бұзылған, сонымен бірге санның медиальды бетінде тері сезімі бұзылған. Ауруда қай нервтің бұзылғаны байқалады.