Мамандыѓы: ќоѓамдыќ денсаулыќ саќтау


Жауап: Ауруда жапқыш нервтің бұзылғаны байқалады №97



бет15/23
Дата12.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#137855
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
    Бұл бет үшін навигация:
  • Жауап
Жауап: Ауруда жапқыш нервтің бұзылғаны байқалады
97.Ауруда көп қозғалғанда тепе-теңдігі бұзылатыны байқалады, тыныш отырса тоқталады. Ауруда қай тепе-теңдік бұзылғанын көрсет.
Жауап: Ауруда кинетикалық тепе-теңдіктің бұзылғаны байқалады.
98. Туристер тауға көтерілгенде құлақтары бітіп қалады, сондықтан олар тұтынады. Неге?
Жауап: Жұтыну қозғалысын жасағанда есту түтігі кеңіп, дабыл қуысында атмосфералық қысым теңселеді.
99. Өте жарықта көз қарашығы тарылады. Бұл реакция қай бұлшық еттің арқасында болатынын көрсет.
Жауап: Көз қарашығын тарылтатын бұлшық ет.
100. Ауруда екі көзінде медиальді көру алаңы жоғалатыны байқалады. Ауруда көру жолының қай деңгейінде бұзылғанын көрсет:
Жауап: Көру қиылысының маңында.
101. Науқас Д, 25 жастағы жүрек соғысына, ашушаңдық, күйгелек, ұйқысыздық, азып кетуіне, қолдың дірілдеуіне (жазуы өзгерген) осындай белгілерге шағымданады. Тәбеті жоғары, дене салмағының бір уақытта өзгеруі. Теріс азот балансы байқалады, дене температурасы жоғары, тері ылғалды, қалқанша безі үлкейген. Пульс 118/мин. Бұл қандай патология?
Жауап: Диффузды токсикалық зоб (Базед ауруы) – қалқанша без гормондарының гиперфункциясы (тироксин, трийодтиронин).
102. Науқас Р, 58 жасар дәрігерге солғындық, апатия, баяулықпен шағымданған. Жоғары және төменгі қабақтың қалтатәріздес ісікпен, еріндердің, ұрттың ісігі байқалады. Ісік тіндерді басқанда шұңқырдың ізі қалмайды. Негізгі алмасу төмендеген. Бұл қандай патология?
Жауап: Қалқанша бездің гипофункциясына (микседема) орын берілген.
103. Профилактикалық тексеру кезінде Солтүстік Кавказдың тұрғындарында көптеген тұрғынында қалқанша безінің үлкеюі байқалған. Қан анализі көрсеткендей Т4 және Т3 төменгі деңгейі көрсетілген. Көптеген жағдайларда тұншығу ұстамасы, құрғақтық, жөтел, дауыстың қарлығуы байқалады. Бұл қандай патология?
Жауап: Эндемиялық зоб. Эндемиялық зобтың негізгі себебі тамақ өнімдерінде йодтың тапшылығы, оның топырақта және суда жетіспеушілігі. Тиреоидты гормондардың тапшылығы гипофиздегі тиротропты гормондардың секрециясының жоғарылауына әкеледі, қалқанша безінің тіндерінің гиперплазиясына зобтың дамуына әкеліп соқтырады.
104. Қалқанша безінің резекциясында кездейсоқ қалқанша жанындағы бездер алынып тасталынды. Операциядан кейін науқаста тетания ұстамасы басталды. Тетанияның белгілері алдында аяқ-қолдың мұздауы, жансыздануы, шымылдауы дененің тітіркенуі, түйілу сезімі байқалады. Осы белгілерден соң, әр түрлі ауыр тонусты қалтырау байқалады.
Жауап: Паратгормонның жетіспеушілігі сүйек тінінен қанға кальции иондарының келуін азайтады және бүйректің жекеленген проксимальды бөліктеріндегі фосфордың реабсорбциясын жоғарылатады. Осының нәтижесінде гипокальцемия байқалады және гиперфосфатемия. Гипокальцемияның нәтижесінде Na және K, сонымен қатар Са және Mg иондарының арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Нәтижесінде нерв бұлшықет қозуының бірден жоғарылауы туындайды. Са бұлшықеттің жиырылу механизміне қатысады.
105. 7 жасар балада физикалық және ақыл есіндегі кемістік байқалады. Бойы кіші, дене құрылысы пропорционалды емес. Негізгі зат алмасу және дене температурасы төмен. Бұл қандай патология? Сіз себебін қалай түсіндіресіз?
Жауап: Бұл жағдайда қалқанша безінің гипофункциясы орын алады, немесе гипотиреоз, басқаша кретинизм деп аталады. Бұл аурудың белгілері, ең бастысы, иодтирониндердің жасушаның бөлінуіне және дифференцировкаға әсерінің төмендеуімен түсіндіріледі. Бұның нәтижесінде сүйек тіні өсуі баяулайды және дұрыс өспейді, нейрондардың дифференцировкасы бұзылады. Нәтижесінде нейрондар өздерінің арнайы функцияларын орындай алмайды.
106. Науқас дене массасының артық салмағына, шөлге, әрдайым аш болуына, шаршаңқы, бұлшықеттің әлсіздігіне шағымданады. Тексеріп байқағанда науқастың беті ай тәрізді. Зерттеу барысында гипергликемия, гипертония, АКТГ және кортизол гормондарының жоғары секрециясы байқалған. Бұл қандай патология?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет