Жауап: Оператордың дұрыс емес әрекетінде ұйқы артериясының өзегі бұзылуы мүмкін, арты қан кетуге соқтыруы ықтимал
№10. Бір жасар балада рентгенологиялық суретте бассүйектің маңдай бөліміндегі ортаңғы сызығында саңылау байқалады. Оның себебі неде?
Жауап:Маңдай сүйек екі бөліктен дамиды, 2 жасқа таман метопикалық тігіспен бітіседі.
№11. Жол апатынан кейін зардап шеккен адамда мұрын жарақаттанды. Бұл жерде мұрын пердесінің сынуы байқалды. Бұл жағдайда қай сүйек зақымданған?
Жауап: Торлы сүйек пен өре сүйек.
№12. Қабыну процессі кезінде көз алмасының төменгі қабырғасында іріңді процесс пайда болды. Емдеуші дәрәгер қабыну процессінің көз алмасынан қанат таңдай шұңқырына дейін жайылып кетуін күдіктенеді. Қандай тесік арқылы қабыну процессі қанат таңдай шұңқырына өтіп кетуі мүмкін?
Жауап: Қабыну процессінң қанат таңдай шұңқырына төменгі көздік саңылау арқылы өтуі мүмкін
№13. Мойындырық тесік бас қаңқасының төменгі бөлігінде орналасқан. Ол арқылы нервтер мен ірі вена тамырлары өтеді. Егер де осындай ірі вена тамырлары жарылатын болса бас қаңқасының қай қуысына қан құйылу болады?
Жауап: Вена тамырларының қан ұйылу артқы ми шұңқырына таралады.
№14. Коньюктивит нәтижесінде көз ұясынан ірің шыға бастады мұрын қуысына қабыну процесі көз ұясында мұрын қуысынан қай өзек бойына қатысады?
Жауап:Қабынудың қанат-таңдай шұнқырына өтуі төменгі көз шарасы саңылауынан.
№15. Самай-астыңғы жақ буынында бірнеше қозғалыстар болады: жақты көтеру, түсіру, алға, артқа қозғалу, оң-солға қозғау. Кейде артық қозғалғанда осы шығып кету болады. Бұның болмауына қандай анатомиялық құрылым кедергі жасайды?
Жауап: Самай-астыңғы жақ буынның алға шығып кетуіне кедергі жасайтын самай сүйегінің буындық төмпешігі.
№16. Биіктіктен вертикальді құлаған адамда бел омыртқасында компрессиондық сынық болады. Омыртқа бағанасының бел бөлігіндегі лордоз үлкейеді. Бұл иілімнің үлкеюіне омыртқа бағанасының қай жалғамасының жарақаттануы әкеліп соқты.