Жауап: Бұл бұлшық ет-ұрт бұлшықеті.
№23. Басы жарақаттанған адамда астыңғы жағы алға қозғала алмай қалды. Бұл қай бұлшық еттің жарақатынан болады?
Жауап: Астыңғы жақтың алға жылжымай дамуы. Латеральді қанаттың бұлшық етінің жарақаттануынан болады.
№24. Мойын аймағы жарақат алғанда қатты қан ақты, бұл ауалы эмболия асқынуымен аяқталды. Бұндай мойын аймағында жарақат болғанда не әсер етеді. Кеуде қуысындағы терең тыныстың болуы мойын ауа тамырлары
Жауап: Мойын аймағы жарақат алғанда мұндай асқынулардың пайда болуындағы ерекшеліктер
- мойын аймағында көп вена және артерия орналасқан.
- тыныс алуға көптеген бұлшықеттер қатысады.
- көп шандыр, тамырдың солуына жол бермейді.
- кеуде қуысының теріс тыныстың болуы, мойын тамырларының ауаны тартуға қажеттілік етеді.
№25. Емдеу денешынықтыру дәрігері іштің формасын қалыпты ұстау үшін іштің тік бұлшықетін нығайтуды ұсынады. Қандай жаттығу жасауға ұсынуға болады?
Жауап: Омыртқа жотасын бүгу және жазу жаттығуларын жасауға болады.
№26. науқас құрсақүсті аймағында ауырсынумен шағымданған. Бұл хирург айтуынша жыланкөз құрылымдарының дамуымен түсіндіреді. Бұл аймақта әлсіз жерлерді және құрсақішілік қысымының жоғары болуы және жыланкөздердің шығатын жерлерін ата.
Жауап: Іштің ақ сызығындағы саңылаулар.
№27. Гимнастың жаттығу кезінде жетекшісі одан жауырынды түсіретін бұлшық етінің осал екенін байқады. Жетекшінің айтуымен қай бұлшық етті шынықтыру керек.
Жауап: Кіші кеуде бұлшық етімен бұғана асты бұлшық етін шынықтыру керек.
№28. Жарақаттың нәтижесінде зардап шеккен адамда иықтың артқы тобындағы бұлшықеттердің қызметі зақымдалды. Шынтақ буынының қандай қызметі зақымдалды.
Жауап: Бұл жағдайда білекті жазу қызметінің бұзылуы байқалады.
№29. Орманда құлаған бала өткір тасқа білегімен соққы алды. Хирург қарағанда төменгі төрттен бір бөлігі білектің жарақаты байқалды. Зақымданған адам қол ұшын ішке қарай бұра алмады. Қандай бұлшықет зақымдалған?