М.Қанабекова


-тапсырма. Төменде берілген мәтінді негізге ала оты-



Pdf көрінісі
бет84/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

14-тапсырма. Төменде берілген мәтінді негізге ала оты-
рып, көркем әдебиет стилі – көпстильділік құбылыс дегенге 
түсінік беріңіз. 
Сөйлеу кезегі менікі еді, мен неден бастарымды таба 
алмай тұрғанда уақыт өте берсе керек, сөзді естиярлау Ержан 
бастап кетті. Мен оған алғыс көзіммен бір қарадым да шегіне 
бердім. Мен бұл кезімде сондай болатынмын...
- Шешей! - деп бастады Ержан. Өзі қартаң басқан әйелге 
шешей деп қартайта сөйлемей, апай деп жасарта сөйлеу керек 
еді деп ойладым мен. Ең болмаса, жеңеше демес пе!
- Шешей, біз арнаулы мемлекеттік жұмыстармен 
Орынбордан Керекуге келе жатқан студенттер едік. Ең 
алдымен...
Әйел оның сөзін бөліп жіберді:
- Бұл – қонақ түсетін үй емес,- деді үзілді-кесілді.
Ержан да бөгелген жоқ.
- Ең алдымен, сіздің үйге кездескенімізге қуанып тұрмыз. 
Өйткені...
Оның қуанғанына әйелдің іші жібімеген екен:
- Қуанып тұрғандай, бұл үйде не нағашың, не жиеніңді 
көріп тұрған жоқ шығарсыңдар! Көз барда сол нағашыларыңды 
тауып алғандарың дұрыс болар! - деп, өзі шыққан есікті қат-
тырақ жауып жіберді.
Ержанның батылдығы әлі мойрылған жоқ екен. Тағы 
сөйлеп кетті:
- Өйткені, шешей, Қазақстан қызыл тулы ел болып, өзінің 
экономикалық байлығын, ұлттық, рухани байлықтарын жаңа 


жинап жатқан дәуірінде, - дей берді де, тілі байланғандай оқыс 
тоқталып қалды... (Ғ.Мүсірепов). 
15-тапсырма.
 
Көркем мәтіннен стилистикалық нор-
маға тән белгілерді тауып, талдау жүргізіңіз. Сол мазмұнды 
ауызекі сөйлеу тілі арқылы айтып көріңіз де, көркем 
әдебиет стилінің өзіндік ерекшеліктерін айқындап көрсе-
тіңіз. 
Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлы таудың бөктерінде кеш-
тің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып ба-
рады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт 
тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай 
бойсұнған сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен 
үш салт атты келе жатыр еді. Бұлардың беті – қалың таудың іші. 
Күнбатыста алыста жауын бар еді. Сол алыста күн күркіреп 
жатты. Анда-санда көкжиектің тұсында күн жарқылдап тұр. 
Бұлт қалың, жарқылдағы күшті еді. Қарабарқын тартып қараң-
ғылана бастаған аспанда түксиген қатал қабақ, құлазып жүдеген 
иесіздік білінгендей. Үлкен жарықтың өшер алдында бір сөніп, 
бір жанып өтіп жанғанындай, күнбатыста жарқ еткен нажағай 
жарығымен күңгірт даланы әлденеге үміттендіріп тұрған сияқ-
ты. Тау бөктеріндегі қоңыр жел ақырындап бұралып соғып, сал-
быраған шерлі күйді қозғағандай болады. Табиғат салқын түсте 
болса да, сұлу тілді сүйгендей, іздегендей еді. Мәңгі мұңлы-
шермен үзіліп-үзіліп соққан желмен бірге жүректі ақырын-
ақырын шымшығандай еді. Сол кезде иесіздікте жүдеу тартып, 
ұйқыға батып бара жатқан даланы әнші жігіттің зар-мұңлы 
даусы ұзақ толқынды ырғағымен тербеткендей болды. Ән сал-
қын түсті табиғат ортасында желікті қызықты еске түсірмей, 
ұлы бір сабырды еске түсіргендей. Ән салған жігіттер таби-
ғатпен жалғасатын тіл тапқандай боп, кейде баяулап қоңырлат-
қан, кейде шырқыраған сұлу әнмен түн құшағына кіріп келе 
жатты... (М.Әуезов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет