М.Қанабекова


-тапсырма. Ғылыми стильдің нормасынан ауытқу-



Pdf көрінісі
бет80/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   131
5-тапсырма. Ғылыми стильдің нормасынан ауытқу-
ларды, мазмұнын түсінуге қиындық туғызатын фактілерді 
тауып, себебін түсіндіріңіз. 
Бұл процестің ақырысында ақша, қосымша құн, пайда, 
процент, рента формаларына, капиталға әкелетіні белгілі... 
...қоғамдық ортадағы адамдардың өзара қатынас жасау тәртібін, 
қатынас жасау әдебінің заңдылықтарын адамгершілік норма-
лары тұрғысынан белгілеп беру де осы жерде әңгімеленбекші... 
Шығарманы оқырман тұщына оқу үшін...; ... сол шежірелерді 
көркем тілмен көрікті жеткізе білуімен де баурап алады; син-
таксистік қайталамалар да – мәтіннің көркемдік жүгін «бір 
кісідей» көтеретін тәсіл; риторикалық сұрақтардың да шығар-
маның « құлақ күйін келтіріп» тұратыны белгілі, оны еркіне 
жіберіп қарап отыруға болмайды; ал тіл дамуының, тіл болып 
қалуының бірден-бір негізі – сөздік құрамы, өз сөзі екені бе-
сенеден белгілі; ... тілдің сөз-қабырғасы «өз кірпіштері», өз 
бойындағы сөздік, тәсілдік қаражаттары негізінде жасалып қа-
ланғаны маңызды болмақ және т.б. (Монографиядан). 


...Көне түркілік лексикалық единицалардың мазмұндық
жағының сипаты семантиканың тек қана синхрондық және
диахрондық тұрғыдағы типологиялық заңдылықтарын ғана
емес, сол лексикалық единицалар білдіретін реалийлерге қа-
тысты экстралингвистикалық деректерді де талап етеді. 
...Зерттеу объектісі фонемалардың синтагматикадағы 
(фонетикалық контекстегі) дыбыстық репрезентанттары және
олардың әлсіз позициядағы перцептивті түрленімдері... 
(Ғылыми еңбектерден). 
6-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, публицистикалық 
стильге тән тілдік белгілерді көрсетіңіз. Бағалауыш мәндегі 
сөздердің қолданылу уәжін түсіндіріңіз.
Шындығында да, біз Кенесарыдан бастап, Алаштың аза-
маттары жалғастырып, «Желтоқсан» мен «Азат» қозғалысы нүк-
тесін қойған күрес нәтижесінде не үшін жең түрдік және сол 
жеңісіміз қандай нәтижеге алып келді? Әрине, ең басты жеңіс – 
Тәуелсіздік! Оған талас жоқ. Бірақ Тәуелсіздік дегеннің өзі не? 
Елтаңба мен ту және әнұран десек, ондай жеке елтаңба, ту, 
әнұран бодандықта жүргенде де болған. Меніңше, кез келген 
халық тәуелсіздікті өзінің ұлттық сипаттағы мемлекетін құру 
үшін ғана алады. Ешкімге жалтақтамай, бөгдеден рұқсат сұра-
май өздеріне қажетті заңдарды шығару үшін күреседі. Бодан-
дықтың бұғауынан құтылғаннан соң, өздерінің жоғалып бара 
жатқан, империяның жоспарлы саясатының салдарынан құрып 
кеткен ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға күш салады. 90-
жылдардың басында ұлттың рухы оянған кезеңде билік те 
халықтың мүддесімен санаса отырып, осы бағытта қадамдар 
жасады. Оны жоққа шығаруға болмайды. Тек қазақтарға ар-
налған «Көші-қон» заңы да осы жылдары қабылданды, ақ-
шамызға қазақтың ұлы тұлғаларының бейнесі басылды, күш-
қуаты министрліктен кем емес «Тіл комитеті» жасақталды, қан-
шама жер-су атаулары, қала, көше аттары қазақшаланып, Тәуел-
сіздігімізді бірнеше мәрте тойлайтын күнге жеттік («Егемен 
Қазақстан»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет