«Қазақстан» арнасының тікелей эфирінде – Апта kz. Бағ-
дарламаның сөз ұстары – Есболат Айдабосын. Бүгінгі көре-
тіндеріңіз: Қазақстан Президенті ұсынған идеясы дағдарыспен
күресуге қандай даралық танытпақ? Астана экономикалық
форумының берер салмағы қандай деңгейде? Елбасы шетел
инвесторларына қандай тапсырма берді? М.Шоқайға
шабуыл
жасалды. Неліктен Алаштың ардақтысын қорғай алмады?
Немесе Тікелей эфирде «Қазақстан» телеарнасының қорытынды
жаңалықтары. Студияда – Мен, Гүлназ Әлімгерей. Армысыздар,
ардақты ағайын! Әдеттегідей, алдымен, бүгінгі күннің маңызды
деген жаңалықтарына қысқаша тоқталып өтейік.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-
Мұхаммед
бастаған
қазақстандық
делегация
алдымен
Құрманғазының кесенесіне тәу етіп, аруақтарға арнап Құран
бағыштады, гүл
дестесін қойды; Менің ойымша, бұл орталық
тек қана мұражай ғана емес, Қазақстан
және Ресей халықта-
рының, қала берді шетелдік меймандардың тәу етер қасиетті
жері болмақ.
8-тапсырма. Таза ғылыми стильде, ғылыми-көпшілік
стилінде және оқулық-ғылыми стилінде жазылған мәтін
үзінділерін ажыратып, шағын стильдер арасындағы тілдік
ерекшеліктерді, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды та-
уып, салыстырмалы талдау жасаңыз.
Коммуникативтік прагматикалық категория ретіндегі
жанр
функционалды стильдермен тығыз байланысты,
өйткені
жанрлық парадигмалар стильдік байланыста болып келеді және
стильдік белгілерді сол прагматикалық белгілердің негізінде са-
ралайды. Зерттеушілердің көрсетуінше, белгілі бір функцио-
налды стиль аясында жанрлық түрді таңдау үш түрлі фактор
арқылы жүзеге асады: сөйлеуші интенциясы, мазмұнның тілдік-
логикалық
қатыстылығы, мазмұнның композициялық құры-
лымы т.т. Әр стиль түрлерін жанрлық түрлерге топтастырғанда
осы көрсетілген факторлардың қызметі негізінде қалыптасып,
орнығып жүйеленеді (Еңбектен).
Сендер бесінші сыныпта бүкіл елдің экономикасын зерт-
тейтін макроэкономика бар екенін білдіңдер.
Енді сендерге мы-
надай экономикалық ұғымдар белгілі болады:
- әлемдік нарық дегеннің не екені;
- ішкі және сыртқы сауданың ерекшеліктері;
- мемлекеттің экономикаға қатынасатыны;
- нарықтық экономикадан, дәстүрлі және командалық
экономикадан немен ерекшеленетіні (Бизнес бастамасы).
Шоқан Уәлиханов – Шыңғысханның ұрпағы,
қазақ ханы
Абылайдың шөбересі еді. Атасы Уәли орыс қарауына өткен-ді.
Александр бірінші Уәли ханға үлкен ниеттестік көңілмен қараған.
Патшаның әмірімен қазақ даласында ханға арналып тас үй салып
берілді. Мұхаммедқанафия-Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов дәл
сол үйде дүниеге келді. Григорий Потанинмен бірге Омбы кадет
корпусын бітірген Шоқан неміс және француз тілдерін өте жақсы
білді. Орта Азия мен Қытай империясының тарихын ынта қойып
зерттеді (А.Алдан-Семенов).
Достарыңызбен бөлісу: