Қасқыр затын адамдар жек көреді. Көбі қорқады,
тіптен
бәрі қорқады. Малын жеп қояды, содан өштеседі, Ал адам мал
жемей ме? Жейді. Оны ешкім күстаналамайды.
Қасқырдың
адамнан өзгешелігі адам бәрін жей береді. Шөп-шаламды да
азық қылады. Тіпті бақа-шаян жейтін де ел бар. Ал қасқыр шөп
жей алмайды. Тек емдік үшін өте сирек дәру шөптерді қажағаны
болмаса, шөп атаулыны аузына алмайды. Ал әлдеқалай ауырса -
тек асыл тамырды ғана татады. Өзін-өзі емдемесе, қасқырды кім
емдейді. Табиғат солай жаратқан. Қасқыр тек етпен ғана қорек-
тенеді. Су ішеді. Арақ ішпейді. Ол құдайдан шекер мен бал
сұрап жатқан жоқ. Ананас пен банан талап етпейді.
Оның бәрі
адамдардың ермегі. Қасқыр адамдар сияқты тойымсыз, тауфиқ-
сыз емес. Бөрі баласын жұрт «қорқау, қомағай» деп ғайбат-
тайды. Қомағайлық, қорқаулық алдымен адамға тән. ...Дүние-
нің жаратылысында жазық жоқ, мүкісі жоқ, Дүниені бүлдіретін
– өзіміз. Ең ақылды жаратылған адам баласына мүмкіндікті мо-
лынан береді. Өз санасын өзі улап,
ойын былғап, ақылын ай-
уандық іске жұмсап, құрдымға жол ашқан пенденің өзі емес пе?!
(Ш.Мұртаза).
Достарыңызбен бөлісу: