153
осы «қоймадан» бітімі бүлінбей сақталғандарын ғана тани аламыз. Жыраулар
поэзиясында да осындай сападағы метафоралар кездеседі. Мысалы:
Ормандай көп Орта жүз,
Содан шыққан төрт терек,
Тұғыр болған сол еді,
Сіздей төре сұңқарға
(Бұқар,
Қазақтың ханы Абылай, 100 б.).
Мысалдағы
ормандай көп Орта жүз тіркесі образды, бейнелі
мәнде келген
тіркес. Бұл тіркес бір қарағанда ұлғайған теңеу сияқтанып көрінеді. Әдетте
-дай,
-дей теңеу тұлғалы сөздер тіркес соңынан келсе, бір затты екінші затқа теңеген
нақты теңеулік мағынаны білдіреді. Ал мысалдағыдай алдынан келсе, мағынасы
ауысып, нақты теңеуден гөрі бір ғана абстрактілі ұғымды білдіреді (Мысалы,
айдай әлем – барша әлем).
Метафораның тағы бір белгісі – заттар мен құбылыстар айнала табиғаттағы
образды ұғымдармен ұқсастырылады. Бұл туралы Қ.Өмірәлиев те: «Метафора
теңеу сияқты суреттеудің, сипаттаудың негізгі бір тәсілі. Мұнда суреттеу,
сипаттау, баламалау арқылы жасалады, яғни суреттелетін объект өзге күллі
дүниеден өзіне ұқсатылған балама табады. Өзінің екінші образын (кейпін),
дәлірек айтқанда, екінші өзін табады. Ал бұл «екінші өзі» «бірінші өзіне» деген
көзқарас, түсінік, таным, бағалауға қарай қасиетті, қасиетсіз топтардан (зат,
құбылыстан) тұрады», –
деп кейбір метафоралы тілдік құбылыстардың ішкі сыр-
сипаты туралы тамаша айтқан [29, 233 б.].
Адам ормандай болмасы анық, бірақ
адам мен өсімдік (орман) ұқсатылуы арқылы образды мән алып, бейнелі жаңа
мағынасын тудырған. Мұнда
ормандай көп Орта жүз құрылымы «
көп, ел іргесін
Достарыңызбен бөлісу: