160
тұжырымын Бұқар жырау толғауларында кездесетін «Құбыла көшкен байтақтың
ордасындай Бөгенбай» деген жолдары нақтылай түседі. Бұқар мұнда
байтақ
сөзін «ел-жұрт» мағынасында қолданып тұр. Ал қазір
анықтауыш компонент
ретінде кеңінен қолданыс табады.
Заттық ұғымдар арқылы түзілетін мөлшерлік метафоралардың дені
тақырыбы жағынан адамдарға қатысты айтылады да, адами қасиеттер мен халық
саны басты құндылық ретінде метафоралы танымға арқау болады.
Жыраулар поэзиясында кездесетін мөлшерлік метафораның ендігі бір
шоғыры сын есім сөздерінің қатысымен жасалады. Сын есім сөздері басқа сөз
таптарына қарағанда
сезімдік мағынасы қоюлау, экспрессивті-эмоциялы
болатындықтан, метафора түзуге оңтайлы келеді. Қазақ тілінде көбіне сапалық
сын есімдер метафоралануға бейім келеді. Мысалы:
1. Кірмембес
ауыр қолға бас болып,
Күңіреніп күн түбіне жортқанмын!..
(Доспамбет, Айнала
бұлақ басы тең, 32 б.);
2. Ақ
табан ару торы ат жайлаған,
Алдаспан
ауыр қылыш байлаған
(Шалкиіз жырау,
Ер Шобан, 49 б.);
3. Тебірлерге
қалғанда
Теңселер сой-ды
ауыр ноғай жұртыңыз!
(Шалкиіз жырау, Би Темірді хаж
сапарынан тоқтатуға айтқаны, 40 б.);
4. Арқасына
ауыр намыс іс түссе,
Ғазизлеген сұлтан жанын қара пұлға санар ма!..
(Шалкиіз жырау, Көгерген
көн сынулар жайқалса, 37 б.);
5. Менің жасым тоқсан үш,
Мұнан былай сөйлеуім
Маған болар
ауыр күш
(Бұқар жырау,
Абылай ханның қасында, 93 б.);
6.
Ауыр қол жидырып алдырдың»,
Қалмаққа ойран салдырдың
(Үмбетей жырау,
Бөгембай өліміне, 76 б.).
Берілген мысалдардағы
ауыр қол, ауыр қылыш, ауыр ноғай жұрты, ауыр
намыс, ауыр күш тіркестері – сапалық сын есімдерден жасалған метафоралар.
Мұнда бір ғана
ауыр сөзі әлденеше зат есімдермен тіркесу арқылы образды ұғым
тудырып, ауыспалы мағынада жұмсалып тұр.
Ауыр сөзінің ауыспалы
мағынасының өзі бірнеше түрлі. Айталық,
ауыр қол – «көп әскер»,
ауыр қылыш
– «өткір, ажал шашқан қылыш»,
ауыр ноғай – «көп халық, қанатын кеңге жайған
мықты ел»,
ауыр намыс – «жанға бататын, қатты намыстандыратын іс»,
ауыр
Достарыңызбен бөлісу: