Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет120/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

кең жайған» деген жалпылама «сандық мөлшер», «кеңістік мөлшер» ұғымдарын 
білдірген. Тіркесте образды ұғымдарды пайдалана отырып, тыңдаушыға сөздің 
әсерін барынша күшейтіп беру көзделген. Яғни автор сөздің оқырманға әсер ету 
қызметін мықтап ескерген. Бұл тектес бейнелі ұғымдар сөз зергерлері болмаса, 
қатардағы  адамның  санасына  түсе  қоймайды,  мұның  өзі  тіл  жұмсаушының 
(жырау) шеберлігін көркем ойлау өресінің жоғарылығын көрсетеді.   
Жоғарыдағы  құрылымның  толық  метафораға  жетпегендігінің  тағы  бір 
көрінісі  –  тіркесте  образдылық  болғанымен,  тура  мағыналы  көп  сын  есім  сөзі  
тіркес ішінде келуі. Міне, бұл тіркестің метафоралық сапасын бәсеңдетіп тұрған 
сияқты.  Құрылымы  тұрақтанбаған,  метафораланып  бара  жатқан  тіркестердегі 
«мөлшерлік»  ұғымдарды  нақтылаушы  компоненттер  сияқтанып  көрінеді. 
Мұндай  тіркестер  көркем  тіл  алаңында  жиі  қолданыла  келе,  құрамындағы 
қосымшалар, көмекші тілдік бірліктер ығысып, таза метафораға айналуы мүмкін 
(Мысалы, ормандай орыс – «орыс – орман», таудай тұлға – таутұлға). Сондықтан 
болса керек, А.А.Потебня метафораны «қысқарған теңеу» деп тұжырымдайды. 
Метафоралар  авторлық  (окказионалды)  және  халықтық  болып  бөлінеді. 
Жеке  авторлық  ізденістен  туған  мөлшерлік  метафоралар  болсын,  халықтық 
мөлшерлік метафоралар болсын, екеуі де дүниетаныммен тікелей байланысты. 
Яғни  екеуі  де  дүниені  танудың,  дүниені  өлшеудің  ұлттық  мазмұнын,  ұлттық 
реңкін білдіреді. Жыраулар поэзиясында екі түрі де кездеседі. Мысалы: 
1. Алла деген ар болмас,  


154 
 
Ақтың жолы тар болмас, 
Тар пейілді кеңімес, 
Кең пейілді кемімес 
(Бұқар жырау, Алла деген ар болмас, 97 б.);
 
 
2. Ұстаса – қашағанның ұзын құрығы
Қалайылаған қасты орданың сырығы, 
(Қазтуған жырау, Мадақ жыры, 28 б.).
 
Бірінші  толғаудағы  тар  пейіл,  кең  пейіл  метафоралары  Асан  қайғыда  да, 
Бұқар  жырауда  да  кездеседі.  Тіпті  одан  да  бұрынғы  жазба  мұралардан 
кездестіруге болады. Бұл метафоралы тіркестер – қай тілдік кезеңде болмасын, 
адамның  ішкі  әлеміне,  мінезіне  байланысты  айтылып,  мағынасы  әбден 
тұрақтанған  тіркестер.  Тіпті,  өзінің  образдылығын  жоғалтып,  қайтадан  тура 
мағыналы сөзге ауысып бара жатқан тіркесті сөз. Сонымен қатар, ақтың жолы 
тар болмас тіркесінде адамның өмір жолы кәдімгі жолға ұқсатылған. Жолы тар 
тіркесі  ауыспалы  мағынасында  қиындығы,  машақаты,  кедергісі  көп  деген 
ұғымдарды білдіреді. Мұнда кеңістік (сыйымдылық) ұғымына жататын тар сөзі 
метафоралы мәнде жұмсалған. Ал екінші толғаудағы қашағанның ұзын құрығы, 
қасты орданың сырығы күрделі метафораларын өзге жырауларда кездеспейтін, 
авторлы қолданыстарға жатқызуға болады. Мұнда Қазтуғанның бойына біткен 
дара қасиеттері заттық бұйымдарға тән қасиеттермен ұқсастырылады. Құрық та, 
сырық та – ұзын зат, әрі көшпелі шаруашылықтың төл иесі саналатын түркі-қазақ 
жұртының танымына ғана тән. Заттық функциясынан бөлек халық танымында 
«ұзындық»  ұғымымен  байланысты  орныққан  бұл  зат  есімдер  метафораланып, 
мүлде жаңа мағына тудырып тұр. Метафоралық мағынаның тууындағы ұлттық 
танымның ықпалы туралы да  ғалым Қ.Өмірәлиев: «Метафораға алынатын зат я 
құбылыс әдебиетте кездейсоқ таңдала салмаған. Олар – ұзақ дәуірлік дәстүрдің, 
ұғым-түсініктің,  салт-ғұрыптың  жемісі»,  –  дейді  [29,  233  б.].  Қазтуғанның 
асаудай «қиқарды» бағындырып, жөнге саларлық тіл мен ақыл қуаты бар бірегей 
тұлғасы,  дара  қасиеті  ұлттық  таным  шеңберінде  бейнеленген.  Жыраулар 
поэзиясында метафораның екі түрі де кең қолданыс тапқан.  
«Мөлшер»  ұғымын  білдіретін  метафоралар  екі  семантикалық  функциялы 
болады. Бірінші, нақты, дәл мөлшерлік мағынаны білдіреді, екіншісі, дүниенің 
мөлшерлі бейнесін образды түрде, экспрессиялы бояуымен сипаттайды. Мысалы: 
Жағасы алтын, жеңі жез
Шығыршығы торғай көз   
Сауыт киер ме екенміз?! 
(Ақтамберді жырау, Күлдір, күлдір кісінетіп).
 
Мұнда  шығыршығы торғай көз тіркесі – метафораланған сөз қолданысы. 
Яғни тор сауыттың көзі найза ұшы өтпейтіндей тар, торғайдың көзіндей ғана 
деген  нақты  сыйымдылық  мөлшерді  білдіреді.  Сонымен  қатар  сауыттың 
жақсысын  таңдаудың  өлшемі  болғандықтан,  сапалық  ұғымдарды  да  білдіреді. 
Автор  сауыт  торына  байланысты  «мөлшер»  ұғымын  «кішкене»  деп  айтудың 
орнына оны торғайдың көзімен салыстыруы ұғымға нақтылық әрі образдылық 
береді. Мұндай метафоралы тілдік қолданыстар адамның сезім түйсігі мен ақыл 
түйсігіне  бірдей  әсер  ететіндіктен,  жоғары  сападағы  тілдік  қолданыстар 
саналады.  
Метафора – тілдік тұлғалардың немесе тіл тұтынушыларының тілдік білімін, 
дүниені тану деңгейін анықтайды. Өйткені метафора – тіл қолданудың ең жоғары 


155 
 
сапалық  белгілерінің  бірі.  Мұның  өзі  метафораны  түсіну  (мағынасын), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет